Қаз   Рус

Мадияр Серікбаев: Жат ағымға қатысымыз жоқ

721 қаралды
0
Динар ҚАМИЛҚЫЗЫ
Воскресенье, 14 Янв 2018, 14:00

"Өнер қырандары" театр әртістерін түрлі ағымдарға жатқызатындығын естиміз

«Өнер қырандары» сахнаға соны леппен келген театр. Өнерлі жігіттерден құралған ұжым салған пародиясы, айтқан әзілімен ерекшеленді. Алайда, сахнадағы діни мәселені сөз ететіндігін ескеріп, театр әртістерін жат ағымдардың жетегіне кеткендігін айтатын көрермендер жоқ емес. Осының анығымен өнердегі өзекті мәселелердің жай-жапсарын сұрап, театрдың жетекшісі Мадияр СЕРІКБАЕВПЕН сұхбаттастық.

- Мадияр мырза, «Өнер қырандары» театры қалай құрылды?

- Театрдағы актерлердің басым бөлігі Темірбек Жүргенов атындағы өнер академиясының түлектері. Студент кезімізде өзімізді өнер сахнасында сынап көру мақсатында алғашқы қадамымызды «Көңілді тапқыштар клубына» қатысудан бастадық. Ол кезде өзіміз оқитын академияның атынан шығып жүрдік. Командамыздың атауы болмады, тек сахнаға алып шығып жүрген туымызда қыран бейнесі бар еді. Кейінтін сол қыран мен өнерді байланыстырып, командамызға «Өнер қырандары» деген атау бердік.

Осының арасында телебағдарламаларға түсіп жүрдік. Көп ұзамай Ресейлік продюсер Руслан СОРОКИННІЫҢ шақыртуымен «Большая разница» бағдарламасына барып, өнер көрсеттік. Елге келген соң «Наурыз думан» деген атпен сол жобаның қазақша нұсқасын шығардық. Осылайша ел ішінде есіміміз таныла бастаған соң, халықтың қолдауымен театр болып қалыптастық. Өнердегі қадамымызды қалыптастырып, үлкен сахнаға самғатқан көңілді тапқыштар клубының жетекшісі - Есен ЕЛЕУКЕН ағамызға алғысымыз шексіз.

Оқи отырыңыз
«Жарнама жасау үшін күйеуге шыққан жоқпын»

- Қазіргі сатира театрларына жазатын авторлар тапшы екенін ескерсек, сіздердің қойылымдарыңызды кім жазады?

- Сценарийді өзіміз жазамыз. Театрдың жетекшісі ретінде алдымен идеяны өзім тастаймын. Ал одан кейінгі жетіспейтін тұстарын бірлесіп, ақылдасып отырып қиыстырамыз. Соңында театрымыздың редакторы Әбдусайыт ТӨЛЕГЕНОВ барлық айтар ойды жинақтап, қағаз бетіне түсіреді. Содан соң барып, қойылымды сахналауға қамданамыз.

- Театрдың құрылғанына көп уақыт болмаса да көрермен көзайымына айналу жолында ненің рөлі басым түсті. Бақтарыңыз шапты ма, әлде баптарыңыз шапты ма?

- Ісің өнімді болу үшін алдымен көздеген мақсатыңды айқындап алған жөн сияқты. «Не үшін әртіс болдық, көрерменге не береміз» деген сұраққа жауап іздедік. Өз жолымыз бен бағыт- бағдарымызды айқындап алған соң барып, тірлігіміз оңала бастады.

Енді осы Алла тағаланың берген өнерінің арқасында қолымыздан келгенше қоғамға жақсы нәрсені насихаттасақ деген ниетіміз бар.

- Актерлердің ай сайынғы жалақысын ескерсек, театр қаржылай қолдауды қайдан алып отыр деген сұрақ туындайды. Мемлекет тарапынан бір рет болсын көмек берілді ме?

- Мемлекет тарапынан ештеңе алмадық. Бірақ оған бола кейімейміз де. Тұрақты демеушіміз болмаса да, арасында қол ұшын беріп тұратын ағаларымыз бар. Кейде қойылымдарымыздан әсерленген соң, келесі кештеріңе көмегіміз болсын деп, қаржылай сыяпат беретін азаматтар шығып жатады. Халықтың көңілі дархан ғой. «Қазақ үшін жасалып жатқан дүние ғой» деп, бірнеше билетті сатып алатын жомарт жандар да кездеседі. Міне, осылардың барлығын бір-бірімен құрап, ілдебайлап күн кешіп жатырмыз. Қазіргі кезде театрда жеті актер қызмет етуде Бұдан өзге музыкалық әрлеушіміз бен редакторымыз және үйлестірушіміз бар. Дегенмен осы қызметкерлерге тұрақты түрде жалақы тағайындайтын жағдайға жеткен жоқпыз.

Оқи отырыңыз
Құман Тастанбеков : «Әртіс» деген атымыз болмаса

- Сонда той-томалақта өнер көрсетіп нәпақаларыңызды тауып жүрсіздер ме?

- Әрине. Халық өнер адамын көгілдір экраннан көрген соң, үйіндегі қуанышына ортақтастырғысы келеді. Осындай ниетте шақырған жерлерден қалмаймыз.

- Жалпы сіздердің театрдың бағыты қандай? «Өнер қырандары» күлдіріп отырып, жылатады дегенді жиі естиміз. Күліп отырып, күліп қайтқысы келетін көрермендер жоқ емес қой?

- Біз өзімізді әмбебап театр есебінде санаймыз. Аты айтып тұрғандай айтар әзіліміздің зілі болмаса, оның несі театр?! Біз көрерменді жылатайын жылатпаймыз. Өмір өзі сондай болып тұр ғой. Мәселен, қарапайым халық пен үкімет арасындағы мәселе көп. Бірақ біржақты халықтың шындығын ғана айтсақ, жеткізе алмай жатқан мемлекеттің де өз шындығы бар болуы мүмкін.

Сондықтан ешкімді бөліп жармай, біртұтас елдің ақиқатын айтуға тырысамыз. Мәселен, біз «Жамағат, сабыр сақтайық» - десек, қарапайым халық бір сәт кідіруі мүмкін. Және билікте отырған ағаларымыз да осының барлығын бөліп берсек, барлығына жетер деген ойға келуі ықтимал. Міне, біздің әзілдеріміздің рухани жағынан астарлап айтылатыны да осыдан. Әр өткен кешіміз сайын жағдайын айтып шығатын көрермендер табылады. Жетімдер туралы қойылымнан соң, жиырма жыл бұрын тастап кеткен сәбиін іздеп барған ананың жайын естідік.

Сізге бір қызықты айтайын. Бірде МАИ қызметкерінен жол ережесі жайлы ақпар алуға бардық. «Жүргізуші мынадай жол ережесін бұзса қандай жазаға тартылады, ал былай жасаса кінәсі қандай баппен қаралады?» - деп, сұрақтың астына алып жатырмыз ғой. Сөйтсек, әлгі ағамыздың: «Мәке,мен ондай полицей емеспін ғой, оның бәрі кітапта емес пе?!» - демесі бар ма? Қарап отырсақ, осының бәрі бүгінгі қоғамның келбетін көрсететін дайын әзілдер.

- Жалпы ел арасынан «Өнер қырандары» театрының әртістерін жат ағымдардың біріне жатқызатын сөзді естіп жатамыз. Бұған не дейсіз?

- Ешкімнің алдында ақталмаймыз. Керісінше, Аллаға шүкір етеміз. Себебі аталы сөзді айту арқылы танымалдығымыз арта түсті. Өзіңіз айтып отырғандай, бізді түрлі ағымдарға жатқызатындығын өзіміз де естиміз. Бірақ біз дәстүрлі ата дініміз исламның жолындамыз. Үйдегі аталарымыз бен әкелеріміз көрсеткен тура жолмен келе жатырмыз. Өйткені біздің дәстүрлі дініміз тәрбиемізге айналып кеткен. Кейінгі кезде жат ағымдардың шығып жатқаны жасырын емес. Бірақ біздің оларға ешқандай қатысымыз жоқ. Бес уақыт намазымызды оқып, аталар салып кеткен сара жолмен келе жатқан мұсылман баласымыз.

Оқи отырыңыз
«Өнер адамы қарны тоқ кезде ғана жақсы шығарма тудыра алады»

- Дін жолындағы адамдар «сахна сайтанның ісі» дегенді айтады. Бұған айтар уәжіңіз бар ма?

- Сахнаны дұрыс пайдалансақ, біздің кәдеміз бен ақыретімізге жарайды. Өйткені - жаратушы иеміз әркімге бір шеберлік берді. Әр адамның өнердің бір түріне қабілеті болады. Берген таланттыі дұрыс пайдалана білсек, екі дүниеде де қайыры болары анық. Егер атақ пен абыройға мастанып, тәкаппарлық танытатын болсақ, онда оны сайтани іске жатқызуға болар еді.

- Қазір өнер сахнасында әйел кейпіне енетін ер азаматтар қатары артып келеді. Мұны қалыпты жағдайға жатқызуға бола ма?

- Бұған дейін өнер адамына не істесе де жарасады деп түсініп келдік қой. Алайда, сахнаның қоғамды тәрбиелейтінін ескерсек, бұл өте ерсі көрінетін қылық. Театрларда әйел актрисалардың жетіспеушілігінен жігіттеріміз нәзік жандылардың кейпіне енетін болар. Бізде де әйел актрисаның тапшылығынан амалсыз қыз-келіншектің рөлін ойнауымызға тура келген кездер болды. Қазір қалайда ретін тауып, олай жасамауға тырысамыз. Бір актер ағамыз айтыпты ғой: «Көрерменді күлдіртудің ең оңай жолы - әйел болу. Бірақ бұл творчествоның біткен жері» деп. Осыған түбегейлі қосыламын.

- Қазіргі сатира театрлары шарықтау үстінде ме, құлдырау үстінде ме? Қалай ойлайсыз?

- Бізде көбінесе еліктеушілік басым. Бала күнімізде батырлар жырын оқып, соның кейіпкерлеріне еліктеп өстік қой. Қазіргі театрларға осындай көпті елітетін көшбасшылар жетіспейді. Қазіргі күні бізге шетелдің театрлары үлгі болып отыр. Шынтуайтында олардың айтатын әзілінің басым бөлігі біздің менталитетімізге жат. Себебі олар баяғыда шарықтап, енді тоқырауға тірелді. Соның бір дәлелі - арсыздықпен күлдіруге көшті. Біздегі кейбір театрлардың солардың ығында кеткенін көргенде жанымның ауыратыны рас.

Оқи отырыңыз
Шұлықсыз жүрген Қоянбаевтың киносына Астана әкімі келді

- Өзіңіз айтып отырғандай, эстрада сахнасында жылт еткеннің көбісі қайраткер атанып, қалаберді түрлі марапаттарға қол жеткізіп жатыр. Сіздердің еңбектеріңіз қалай еленіп жатыр?

- Біз әлі ешқандай атаққа лайықты емеспіз деп ойлаймын. Қазір бас көтермей жұмыс жасайтын кезеңді өткеріп жатырмыз. Атақ пен марапаттан бұрын қара халыққа өзімізді мойындатсақ, сол сауапты ма деймін. Егер атақты ерте алып қойсақ, тоқтап қалуымыз мүмкін. Сахнаға әр шыққан сайын көрермен көңілінен шығып жатсақ, біз үшін одан артық абырой жоқ.

- Cіздің үйдегі жарыңыз Дана ханым да осы театрдың белді актрисасы. Сахнада аңғал қарияға жөн сілтеп отыратын данагөй аналардың рөлінде көреміз. Отбасында қандай ана?

- Дана өзіңіз айтып отырған данагөй аналарымыздың ізімен, сол кісілердің бағыт- бағдарымен жүруге тырысып келе жатқан келін. Аллаға шүкір, отбасында адал жар. Өзінің түпкі мақсаты да үлгілі ана болып, ұлт тәрбиесіне үлес қосу. Отбасында өте татумыз! Төрт баламыз бар, бақыттымыз!

Фото: chesnok.kz, juldyz-alem.kz

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
Исповедь молодого сантехника и молодого акима. Часть 1
- ВЛАДИМИР, огромное Вам человеческое спасибо от всей души и чистого сердца, самое главное здоровья и ещё раз здоровья. На таких людях как Вы, города и держатся. Профессионалов как Вы, необходимо ставить руководителями, которые знают проблему из внутри. Ещё раз ОГРОМНОЕ СПАСИБО!!!!!!!
Когда правительство возьмётся за яйца
- Просто шедевральная статья. Особенно в точности описывает функции партий, которые описаны в данной статье. Изречения которые должны быть прочитаны и приняты во внимание. Самое главное чтобы данный ежедневник был прочитан и принят во внимание. (Про выражение где фигурирует Троцкий просто ШЕДЕВРАЛЬНО и в точку)...
Отчего после публикаций Ratel.kz нервничают в ТОО "AB Energo"
- Сергей, ОГРОМНОЕ Вам спасибо за новое расследование. Всегда держите в напряжение. Ожидаем продолжение... (Интересно, что скажет ещё на это и ГУ "Аппарат акима Абайского района Карагандинской области)
Премьер Смаилов как аманат Назарбаева
- Спасибо большое , здоровье и удачи Вам и Вашим близким, то что Вы творите лучше всех государственных программ по воспитанию . Готовая программа к действию для улучшения жизни населения. Огромное удовольствие что у нас имеется такие журналисты и такой коллектив.
Депутатский запрос фракции "Ак жол": чем комитет гражданской авиации занимался пять лет
- Если случится ещё трагедия , то кого будут винить опять? Всех собак спустили на авиакомпанию Bek Air, хотя надо было просто решать проблему с незаконными постройками намного раньше этой катастрофы. Нельзя это так оставлять. Всех пересажать за коррупцию , кто являлся корнем проблемы!
Все дороги ведут в Каражал: горькая начинка "сладкого пирожочка"
- Огромное спасибо автору за проделанную работу! Только в нашей группе более 100 человек постравших от этой компании в лице гендиректора Максата Токмагамбетова, бессовестного, наглого мошенника, который почему-то до сих пор остаётся безнаказанным, хотя прокуратура и следственные органы завалены сотнями, сотнями заявлений пострадавших. Но мы не остановимся и будем добиваться, чтобы этот "человек", наконец-то, понёс наказание!
Как аким Досаев уничтожает Алматы и рейтинги президента Токаева
- Каменское плато- в р-не обсерватории идет застройка, хотя весной сошел оползень на ул Алмалыкской. Акимат частично помог организовав сброс воды с вышележащего участка на нижнюю часть улицы и домовладельцу в расчистке. Но других мер по предотвращению развития оползневой зоны не принято. Вырублен сад, на месте его строится элитный комплекс Вилла Белгравиа. Летом, здесь нехватка воды, отключения электроэнергии, что будет при вводе в эксплуатацию этого, т.к.доп коммуникаций застройщик не делает.