Қаз   Рус

Ғалымдар мектеп бағдарламасынан «Қазақстан географиясы» пәнін таппай қалды

11 қаралды
0
ҚазАқпарат
Среда, 17 Янв 2018, 13:30

Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында депутат Бақытгүл Хаменова Қазақстан географиясына қатысты мәселе көтеріп, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ерболат Досаевқа депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Биылғы жылдың басында Мәжіліс депутаттары өңірлерге сапар барысында ел тарихында ізі қалған ғалымдар мен белгілі ұстаздардың, ұлт жанашырларының үні мен назын естіп қайтты. Нақтырақ айтсақ - жалпыға білім беру стандартынан кейін оқу  бағдарламасын әзірлеген жауапты мамандар басты жәйтті ескермей қалған. Кезең-кезеңмен енгізілген өзгерістер қатарынан еліміздің егемендігін танытатын пән - «Қазақстан географиясын» жеке пән ретінде таппадық. Дүниежүзіндегі барлық ел өздерінің тәуелсіздігін таныту үшін географиясын жеке пән ретінде оқытатындығы анық. Жер бедері бойынша ең кішкентай мемлекеттердің өзі бұл тізімнің алдында. Ал Қазақстан Республикасы 193 мемлекеттің ішінде 9-орынды иеленген», - деп тоқталды депутат. Осы орайда ол Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан елдері төл географиясын меңгеруді үш жылға жуық уақытты қамтып отырғанын атап өтті. «Бізде Қазақстан географиясы 1993 жылдан бастап мектеп қабырғасында оқытылып келеді.  Аптасына әупірімдеп оқытатын екі сағаттың өзі бүгінде көзден бұлбұл ұшқалы тұр. Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында: «Туған жердің әрбір сайы мен қырқасы, тауы мен өзені тарихтан сыр шертеді. Әрбір жер атауының төркіні туралы талай-талай аңыздар мен әңгімелер бар. Ол үшін «Қазақстанның қасиетті, рухани құндылықтары» немесе «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы керек  деді. Еліміз бен жеріміздің тарихы мен географиясын терең таныту Елбасының алдымызға қойып отырған нақты бағыты. Бізде стандарт пен бағдарламаны аттап өтіп, оқулық шығару сәнге айналған ба? Сөзімізге дәлел, биылғы оқу жылынан бастап «География» деген атаумен жаңа оқулық енгізілген. Ал «Қазақстан географиясы» жоқ. Бұл оқулықтың да еліміздің төл географиясын насихаттауға қаншалықты қызмет ететіні күмән тудырады. Бұқаралық ақпарат құралдары беттеріне берген мәлімдемесінде министр Ерлан Сағадиев мырза аталмыш мәселеден бейхабарлығын танытса,  министрліктен алынған ресми жауапта «Бүгінгі күнге дейін «Қазақстан географиясы» пән ретінде емес, оқу бағдарламасы» есебінде ғана қаралған деген   жауап алдық. Жауапты басшылықтың жауабы осындай  түсініксіз болса, жаңа  оқу бағдарламасы мен жаңа оқулықтың шикілігі де айқын ба дерсің», - деді Б. Хаменова. Оның пайымынша, басты мақсат  - болашақ ұрпаққа Атырау мен Алтайдың арасын жалғап жатқан кең байтақ атыраптың қасиетін ұлттық мұратта түсіндіру. Елбасының ерен еңбегі өзгелермен астасқан Қазақ елінің аумағы мен шекарасын «Қазақстан географиясында» оқыту маңызды. «Жоғарыда айтылған жайлардың негізінде Білім және ғылым министрінің шығарған оқу бағдарламаларын қайта қарауды ұсынамыз. Сағаты болғанымен, ешқандай бұйырықсыз ауыстыра салынған «Қазақстан географиясы» пәнінің атауы оқу бағдарламасында сақталуы тиіс. Бүгінге дейін осы салада ізденіп, айтарлықтай зерттеу жұмыстарын жүргізген, қажетті оқулықтар шығарған ғалымдардың жұмысы да ескерілу қажет. Жаңа оқу бағдарламасы бойынша  жаңа оқулықтар шығаруды желеу етіп, бюджет қаражатын таласқа түсірмей, бар әдебиеттерді пайдалануымыз керек. Өз тарихы мен өз жерінің қасиетін ұрпаққа ұғындыру - біздің парызымыз. Жаңашылдық пенен ақпараттық кеңістікке бет бұра отырып, тәуелсіз қазақ елінің өз мұраты, тарихы, пәндері болуы шарт», - деп түйіндеді сөзін депутат.


 

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
Исповедь молодого сантехника и молодого акима. Часть 1
- ВЛАДИМИР, огромное Вам человеческое спасибо от всей души и чистого сердца, самое главное здоровья и ещё раз здоровья. На таких людях как Вы, города и держатся. Профессионалов как Вы, необходимо ставить руководителями, которые знают проблему из внутри. Ещё раз ОГРОМНОЕ СПАСИБО!!!!!!!
Когда правительство возьмётся за яйца
- Просто шедевральная статья. Особенно в точности описывает функции партий, которые описаны в данной статье. Изречения которые должны быть прочитаны и приняты во внимание. Самое главное чтобы данный ежедневник был прочитан и принят во внимание. (Про выражение где фигурирует Троцкий просто ШЕДЕВРАЛЬНО и в точку)...
Отчего после публикаций Ratel.kz нервничают в ТОО "AB Energo"
- Сергей, ОГРОМНОЕ Вам спасибо за новое расследование. Всегда держите в напряжение. Ожидаем продолжение... (Интересно, что скажет ещё на это и ГУ "Аппарат акима Абайского района Карагандинской области)
Премьер Смаилов как аманат Назарбаева
- Спасибо большое , здоровье и удачи Вам и Вашим близким, то что Вы творите лучше всех государственных программ по воспитанию . Готовая программа к действию для улучшения жизни населения. Огромное удовольствие что у нас имеется такие журналисты и такой коллектив.
Депутатский запрос фракции "Ак жол": чем комитет гражданской авиации занимался пять лет
- Если случится ещё трагедия , то кого будут винить опять? Всех собак спустили на авиакомпанию Bek Air, хотя надо было просто решать проблему с незаконными постройками намного раньше этой катастрофы. Нельзя это так оставлять. Всех пересажать за коррупцию , кто являлся корнем проблемы!
Все дороги ведут в Каражал: горькая начинка "сладкого пирожочка"
- Огромное спасибо автору за проделанную работу! Только в нашей группе более 100 человек постравших от этой компании в лице гендиректора Максата Токмагамбетова, бессовестного, наглого мошенника, который почему-то до сих пор остаётся безнаказанным, хотя прокуратура и следственные органы завалены сотнями, сотнями заявлений пострадавших. Но мы не остановимся и будем добиваться, чтобы этот "человек", наконец-то, понёс наказание!
Как аким Досаев уничтожает Алматы и рейтинги президента Токаева
- Каменское плато- в р-не обсерватории идет застройка, хотя весной сошел оползень на ул Алмалыкской. Акимат частично помог организовав сброс воды с вышележащего участка на нижнюю часть улицы и домовладельцу в расчистке. Но других мер по предотвращению развития оползневой зоны не принято. Вырублен сад, на месте его строится элитный комплекс Вилла Белгравиа. Летом, здесь нехватка воды, отключения электроэнергии, что будет при вводе в эксплуатацию этого, т.к.доп коммуникаций застройщик не делает.