Қарағанды облысының төрт тұрғыны Т1 млн астам сома тұратын тепловоздың радиаторларын ұрлаған деген күдікпен ұсталды, ҚР ІІМ көліктегі ІІД баспасөз қызметінен.
«Шұғыл-іздестіру шараларын өткізу барысында Қарағанды-Сортировочная ст. Ішкі істер желілік бөлімінің қызметкерлері Қарағанды облысының 1975, 1979, 1989 және 1990 ж.т. 4 азаматы анықталып, ұсталды. Олар Балқаш стансасындағы эксплуатациялық локомотивті депосына тиесілі 14 радиаторды ұрлаған деген күдікке ілінген», - делінген бейсенбіде таратылған хабарда.
Баспасөз қызметінің ақпарынша, көліктегі полицейлер тексеру кезінде аталмыш азаматтарға тиесілі көліктен ұрланған радиаторлар табылған.
«Келтірілген шығын сомасы Т1 млн. астам болып отыр. Ұсталғандар кінәсін мойындап түсінік берді. Заттай айғақтар тәркіленді. Аталмыш дерек сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде ҚР ҚК 188 б.2б. (алдын-ала сөйлесу бойынша топ адамның ұрлық жасауы). Тергеу жүргізілуде», - деді баспасөз қызметінен.