Астана қаласы әкімдігі медиа орталығының хабарлауынша, Астананың «Есіл», «Сарыарқа», «Алматы» аудандары АХАТ бөлімдерінің статистикасына сәйкес, осы жылдың 10 айында 25 735 сәби дүние есігін ашқан. Қыз балаларға қойылған ең танымал есімдер София, Амира, Кәусәр, Елдана болса ұлдарға Әлихан, Айсұлтан, Алан, Арлан есімдері жиі қойылған. Сонымен қатар, елімізде өтіп жатқан елеулі оқиғаларға қатысты да балаларға есім қою дәстүрі жалғасуда. Халықаралық ЭКСПО көрмесі кезінде «Есіл» ауданының АХАТ бөлімі Бәйдiбэкспо есімді ұл баланы тіркеген.
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.