Атырау облысында белгіленбеген жерде намаз оқығаны үшін 200 АЕК (Т481 мың) дейін айыппұл салу басталды, деп хабарлады Атырау облысы дін істері басқармасы бөлімінің басшысы Қахарман Мұсаев
«Қазақстандық заңнамада белгіленбеген жерде намаз оқығаны үшін айыппұл қарастырылған. Жеке тұлғалар үшін айыппұл көлемі 50 АЕК, заңды тұлға үшін – 200 АЕК», - деді Қ. Мұсаев
Оның айтуынша, былтыр осындай әрекеті үшін бір кәсіпорынға Т500 мың сома көлемінде айыппұл салынған.
«Бір қоғамдық бірлестік ұжымымен «жұма намаз» жасаған. Бұл заңға қайшы. Аталмыш кәсіпорынға Т453 мың айыппұл салынды. Сондай-ақ, соттың шешімі бойынша бірлестік қызметі 3 айға тоқтатылған», - деп атап өтті Қ. Мұсаев
Сондай-ақ, ол атап өткендей, бүгінде Атырау облысында, мешіттерден басқа намаз оқуға арналған 3 орын бар.
«Бірі «Дина» қала базарында және екеуі сауда орталығында. Бұған дейін теміржол вокзалы мен әуежайда болды. Қазір оны жауып тастады», - деді Қ. Мұсаев
ҚР ӘҚбК 490 б.1т. сәйкес «ҚР діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнаманы бұзу, атап айтсақ діни жоралғыларды, рәсімдер мен жиналыстарды белгіленбеген жерлерде өткізгені үшін» айыппұл түрінде әкімшілік жауапқа тартуды көздейді.
1 АЕК = Т2405