ҚР ІІМ Ақтөбе облысындағы автобустағы өрттен қаза тапқандардың 32-нің есімі мен өрттің алдын-ала себебін атады, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Алдын-ала нұсқасы – автобус салонында ашық өрт көзі болып табылатын бензиннің қолданылуы, ол жүргізуші мен жолаушылардың түсініктемесімен де расталып отыр. Қылмыстық сипат және жол-көлік оқиғасы нұсқалары толығымен алынып тасталды. Қазіргі таңда автобустан күйіп қалған барлық 52 адамның мүрдесі алынып шыққан, оларды термиялық ықпалдың әсерінен визуалды тану мүмкін емес. Оқиға орнында жедел-тергеу жұмысы жалғасып жатыр», - деп хабарлады ҚР ІІМ баспасөз қызметінен.
Ведомствада қайтыс болған 32 адамның есімін атады:
1. Мадрахимов Хамидулла 05.12.86 ж.т.,
2. Сулайманов Зайниддин 12.10.89 ж.т.,
3. Мамадалиев Мамуржон 01.09.92 ж.т.,
4. Нишанов Отабек 16.10.90 ж.т.,
5. Хошимбоев Нурмухаммад 27.05.97 ж.т.,
6. Умаралиев Солижон 13.08.95 ж.т.,
7. Кучкаров Элмурод 10.06.96 ж.т.,
8. Мирсаидов Мирзохид Миркомилович 30.08.81 ж.т.,
9. Юлчибаев Комилжон Каримжонович 10.10.80 ж.т.,
10. Хамраев Иброхимжон 21.05.76 ж.т.,
11. Хамраев Иброхим 20.09.84 ж.т.,
12. Эсанов Абдувохид Абдуразакович 15.03.79 ж.т.,
13. Имомадиев Вохидхон 10.07.87 ж.т.,
14. Мадрахимов Хабибулло13.02.91 ж.т.,
15. Абдумуминов Кахрамон 16.12.94 ж.т.,
16. Валиев Мухаммадризо Бокибой угли 31.10.96 ж.т.,
17. Гофуров Абдулатиф 03.10.77 ж.т.,
18. Зарипов Ахмаджон Икромович 25.01.80 ж.т.,
19. Зокиров Шохрух 15.02.97 ж.т.,
20. Муродиллаев Баходир Акбарали угли 17.07.98 ж.т.,
21. Мурсаитов Миркомил Мурабдуллаевич 04.04.75 ж.т.,
22. Сулаймонов Олимжон Мухаммадалиевич 12.09.76 ж.т.,
23. Хатамов Кахрамон 27.05.86 ж.т.,
24. Хусниддинов Мухаммадин 02.12.98 ж.т.,
25. Нишанов Акмолжон 28.04.96 ж.т.,
26. Шакиров Масум Насритдинович 25.01.69 ж.т.,
27. Абдуллажонов Исмоилжон Эгамберди ули 14.05.98 ж.т.,
28. Назанов Зохид Анорбоевич 30.09.83 ж.т.,
29. Назаров Мамъуржон Махмудович 27.02.84 ж.т.,
30. Сотволдиев Алишер Абдураимович 14.08.76 ж.т.,
31. Тураев Абдуназар Умаралиевич 10.03.80 ж.т.,
32. Рахимов Омонулло Уктамжон угли 17.08.97 ж.т.,
«ҚР үкіметтік космиссиясының, ІІД, ТЖД және прокуратураның жедел-тергеу топтарының біріккен жұмыстары жалғасуда. Ақтөбе облысы ІІД қайғылы жағдайдың куәгерлерін немесе олардың кім екендері туралы ақпарат білетіндерден тәулік бойғы «102» телефонына қоңырау шалуларын сұрайды», - деді ҚР ІІМ баспасөз қызметінен.
Еске салсақ, 18 қаңтарда «Самара-Шымкент» тас жолының 1068 шақырымында жүріп келе жатқан жолаушылар автобусы өртенген болатын. Салонда 55 жолаушы мен 2 жүргізуші болған. Бес жолаушы автобустан секіріп үлгерген, қалғаны тірілей жанып кеткен. Өрт орнына бірден Ырғыз ауданы медициналық апат орталығының, өртке қарсы қызмет бөлімінің қызметкерлері жіберілді. Шұғыл әрекет ету қызметінің ақпарынша, отқа оранған салоннан шығып үлгерген 5 жолаушыға қажетті медициналық көмек көрсетілуде.
ТЖ департаментінде облыс әкімінің орынбасарының басшылығымен жедел штаб құрылды, сондай-ақ, Қазақстан мен Өзбекстанда психологиялық қызметтің «жедел желісі» ұйымдастырылды.
Бұған дейін хабарлағандай, аман қалған бесеуінің жағдайы бірқалыпты, 2 жолаушы І-ІІ дәрежелі күйік шалған, қалған 3-уі есеңгіреп қалған.
Оқиғаны тексеру үшін Қазақстанда үкіметтік комиссия құрылды.
ҚР инвестиция және даму министрлігі таратқан хабар бойынша KassbohrerSetra Х335РСМ маркалы автобусы жолаушыларды тұрақсыз тасымалдауға лицензиясы болмаған, және тұрақты тасымалдаушылар тізімінде де жоқ. Сонымен қатар көлік құралының техникалық бақылау мерзімі де 2 жыл бұрын өтіп кеткен – ол Шымкентте өткен және 2015 жылдың 17 тамыз бен 2016 жылдың 17 ақпанына дейін жарамды.
ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен өзбек көшбасшысы Шавкат Мирзиев қайғылы жағдайға байланысты көңіл айтты.
Соңғы ақпарға сәйкес, марқұмдардың мүрделері Ақтөбеге жеткізілді.
Қазақстанның жоғары мүфтиі Серікбай Қажы Ораз республиканың барлық имамына жұма намаздарын автобуста қаза тапқандардың рухына бағыттауды өтініп жеделхат жолдады.