ҚР ІІМ Ақтөбе облысында 52 адамның өліміне әкелген автобустағы өрттің бастапқы себептерін айтты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА. «Бастапқы себеп - салон ішінде бензинді пайдаланып от жағу. Бұл сол жерде болған жүргізушілердың және жолаушылардың сөзімен нақтыланып отыр. Қылмыстық жағдай немесе жол апаты болды деген нұсқалар қарастырылмайды»,-деп жазылған ведомство таратқан мәлімдемеде. Қазір оқиға орнында өрт зертханасы және жедел тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. ҚР үкімет комиссиясы мен ІІД ТЖД және прокуратураның бірлескен жедел-тергеу тобының жұмысы да жалғасуда.