Қазақстанда отандық дизайнерлердің киімін кию трендке айналды, деп хабарлады fashion-продюсер Динара Сәтжан.
«Тіпті 10 жыл бұрын көбі қазақстандық дизайнерлердің киімін киюге ұялатын еді. Ал қазір қазақстандық модельерлердің киімін кию трендке айналды. Мен қазір тіпті сауда орталығына баруға қорқамын. Алматыдағы сауда орталығында жақында болдым, (…) екінші қабатында дүкендердің барлығына жуығы қазақстандық дизайнерлердікі. Сосын Алматыдағы ӘДО-да болдым – әр екінші дүкен біздің дизайнерлердікі. Астанада да солай», - деді Д.Сәтжан бейсенбіде ОКҚ-дегі брифингте.
Хабарда атап өтілгендей, 24-25 қаңтарда отандық дизайнерлер Париждегі Oriental Fashion Week сән апталығына қатысады. Өз коллекцияларын біздің шеберлер «Рухани жаңғыру» бағдарламасының атымен таныстырады. Франция астанасына Aida KaumeNOVA, Naiyl Baikuchukov, Bibisara, Dinara Satzhan (брендтері – ҚазТАГ) барады.
Сонымен қатар, Д.Сәтжан өзінің брендінің модельері Бауыржан Сагиевпен бірге өз коллекциясын Байқоңыр ғарыш айлағына арнаған.
«Коллекциямызды біз Байқоңырға арнадық, себебі бұл әлемдегі ең алғашқы және ең үлкен ғарыш айлағы. Адамдар қандай да бір қалаларды білмеуі мүмкін, бірақ Байқоңыр, мен ойлаймын, Юрий Гагаринді бәрі біледі», - деп атап өтті Д. Сатжан.