2018 жылдың 18 қаңтарында ҚР Парламент Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің анасы - Зейнеп Кариева 98 жасына қараған шағында қайтыс болды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.
Зейнеп Кариевамен қоштасу 21 қаңтар күні сағат 11:00-де Қарағандыдағы «Әл-Машани» мешітінің аумағында өтеді. Қонақасы сағат 13:00-де «Ариста» мейрамханасында беріледі. «ҚазАқпарат» ХАА ұжымы ҚР Парламент Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулинге анасының қайтыс болуына байланысты көңіл айтады.