Қаз   Рус

Оңтүстік Қазақстанда саумалмен емдеу орталығы ашылды

12 қаралды
0
ҚазАқпарат
Среда, 13 Дек 2017, 08:30

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев жұмыс сапарымен Төле би ауданында болып, Ақтас елді мекеніндегі жаңадан ашылған «Ақкен-Саумал» емдік-сауықтыру орталығының емдік жұмыстарымен танысты. Бұл туралы әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлайды.

Оңтүстік Қазақстандағы бірегей жобалардың бірі болып табылатын бұл орталықта бір мезетте елу адамды саумалмен емдеуге мүмкіндік бар. Өңірдегі ең алғашқы сауықтыру орталығының ашылу салтанатына сонымен бірге облыстық мәслихат хатшысы Қайрат Балабиев, «Нұр Отан» партиясы ОҚО филалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрмахан Жолдасов  бастаған халық қалаулылары қатысты. Бұл орталықта емделушілердің барлық дертіне қазақтың ұлттық сусыны - қымыз ем болмақ.

Мұнда демалушыларға емдік өнімді әзірлеу үшін отыздан аса бие сауылады. Ал, қымызбен емдеудің бір курсы он күнді құраса, әрбір адам күндігіне бір литр саумал ішуі тиіс екен. Еліміздің тәуелсіздік мерекесіне орай, оңтүстікқазақстандық емделушілер үшін есігін айқара ашқан орталықтың жұмысына сәттілік тілеген облыс әкімі барша төлебиліктерді айтулы мерекемен құттықтады.

«Бүгін біз ұлттық сусынмен емдеу орталығының ашылуына қатысып отырмыз. Бұл нысанның іске қосылуымен ішкі туризмді дамытуға, салауатты өмір салтын насихаттауға және халықты таза табиғи өнімдермен қамтамасыз ету көзделуде. Сонымен қатар, жаңа жұмыс орындары құрылып, шағын және орта бизнестің дамуына өз септігін тигізуде», - деді әкім.

Жалпы құны 500 млн теңгені құрайтын орталық бір кезеңде 50-ге жуық адамды қабылдап, емдеуге мүмкіндігі бар. Сондай-ақ, мұнда 15 азамат жұмыс істейді. Орталықта - саумалмен емдеуден бөлек, минералды ванналар, жабық бассейн, тұзды бөлме, финн моншасы, фито бар, массаж, биоптрон жарық терапиясы, атпен серуендеу қарастырылған. Бие сүтінің шипалы қасиеті оның көптеген аурулардан алдын алуында екенін айтқан мекеменің құрылтайшысы Жарқынбек Төлтебай табиғаты тамаша бұл мекенге келген кез-келген адамның өзін жақсы сезінуіне таза ауа мен қайталанбас табиғаты кепіл бола алатынын атап өтті. Сонымен қатар, ол қонақ үй тектес  бұл жайларда бүкіл отбасыға арнап демалыс ұйымдастыруға болатынын және табиғаттың адам организміне жағымды әсер етуі үшін мұнда бар жағдай жасалғанын жеткізді.  Жалпы қымыз өндіру саласы ауданда қарқынды дамып, соңғы 3 жылда жылқы басы 4500 жеткен. Бұл мемлекеттік қолдаудың арқасында жеткен жетістік. Себебі, 2016 жылы мемлекеттік қолдау шаралары 16 шаруашылыққа көрсетіліп, шаруалар жалпы 678 тонна қымыз өндіргені үшін 26,8 млн. теңге субсидияға қол жеткізген. Ал,  биыл осы шаруашылықпен айналысатындар қатары артып 24 бірлікті құраған. Бүгінде бұларға 31,5 млн теңге көлемінде мемлекеттен субсидия берілген.


 

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
Исповедь молодого сантехника и молодого акима. Часть 1
- ВЛАДИМИР, огромное Вам человеческое спасибо от всей души и чистого сердца, самое главное здоровья и ещё раз здоровья. На таких людях как Вы, города и держатся. Профессионалов как Вы, необходимо ставить руководителями, которые знают проблему из внутри. Ещё раз ОГРОМНОЕ СПАСИБО!!!!!!!
Когда правительство возьмётся за яйца
- Просто шедевральная статья. Особенно в точности описывает функции партий, которые описаны в данной статье. Изречения которые должны быть прочитаны и приняты во внимание. Самое главное чтобы данный ежедневник был прочитан и принят во внимание. (Про выражение где фигурирует Троцкий просто ШЕДЕВРАЛЬНО и в точку)...
Отчего после публикаций Ratel.kz нервничают в ТОО "AB Energo"
- Сергей, ОГРОМНОЕ Вам спасибо за новое расследование. Всегда держите в напряжение. Ожидаем продолжение... (Интересно, что скажет ещё на это и ГУ "Аппарат акима Абайского района Карагандинской области)
Премьер Смаилов как аманат Назарбаева
- Спасибо большое , здоровье и удачи Вам и Вашим близким, то что Вы творите лучше всех государственных программ по воспитанию . Готовая программа к действию для улучшения жизни населения. Огромное удовольствие что у нас имеется такие журналисты и такой коллектив.
Депутатский запрос фракции "Ак жол": чем комитет гражданской авиации занимался пять лет
- Если случится ещё трагедия , то кого будут винить опять? Всех собак спустили на авиакомпанию Bek Air, хотя надо было просто решать проблему с незаконными постройками намного раньше этой катастрофы. Нельзя это так оставлять. Всех пересажать за коррупцию , кто являлся корнем проблемы!
Все дороги ведут в Каражал: горькая начинка "сладкого пирожочка"
- Огромное спасибо автору за проделанную работу! Только в нашей группе более 100 человек постравших от этой компании в лице гендиректора Максата Токмагамбетова, бессовестного, наглого мошенника, который почему-то до сих пор остаётся безнаказанным, хотя прокуратура и следственные органы завалены сотнями, сотнями заявлений пострадавших. Но мы не остановимся и будем добиваться, чтобы этот "человек", наконец-то, понёс наказание!
Как аким Досаев уничтожает Алматы и рейтинги президента Токаева
- Каменское плато- в р-не обсерватории идет застройка, хотя весной сошел оползень на ул Алмалыкской. Акимат частично помог организовав сброс воды с вышележащего участка на нижнюю часть улицы и домовладельцу в расчистке. Но других мер по предотвращению развития оползневой зоны не принято. Вырублен сад, на месте его строится элитный комплекс Вилла Белгравиа. Летом, здесь нехватка воды, отключения электроэнергии, что будет при вводе в эксплуатацию этого, т.к.доп коммуникаций застройщик не делает.