Петропавлда жолаушы бағдарлық автобустың ішінде көз жұмды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. СҚО ІІД баспасөз қызметі қаза тапқан әйелдің аты-жөні анықталып, болған оқиға туралы оның туыстарына айтылғанын хабарлады. Автобустағы куәгерлердің әлеуметтік желіге жазған ақпараттарына сүйенсек, жас мөлшері шамамен 40-45 жас аралығындағы әйелдің аяқ-астынан халі күрт нашарлаған. Көліктегілер оған шамалары келгенше көмек қолын созып, жүргізуші автобусты бірден ауруханаға бұрған. Өкінішке қарай жолаушының өмірін сақтап қалу мүмкін болмады.