Солтүстік Қазақстан облысында аяз салдарынан барлық бағыттағы жолдар жабылып, мектеиптердегі сабақ тоқтатылды, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«СҚО-да 21 қаңтар сағат 21.00-ден бастап барлық бағыттағы жолдар жабылды. Аяз қатты», - делінген дүйсенбіде таратылған «112» құтқару қызметінің хабарында.
Сонымен қатар құтқару қызметі дүйсенбі 22 қаңтар күні ауа температурасының төмендеуіне байланысты 1-11 кластарға сабақ болмайды деп хабарлады.
Болжамға сәйкес, -45 градусқа дейінгі қатты аяздар өңірде аптаның соңына дейін сақталады. қазір Петропвлда -34 градус.