Мәжіліс депутаттары сенаттың айтқанына көніп, латынға бөлінген қаржыны 2,7 есеге қысқартып тастады
Латын әліпбиінің насихатына бөлінген қаржатты сенат қысқартып тастады. 2018-2020 жылғы бюджетте жаңа графиканың насихатына 140 млн теңге қарастырылған болатын. Бұл туралы Sputnik Казахстан хабарлады.
Мәжіліс мақұлдаған үш жылдық бюджетте жаңа әліпбиді түсіндіру, насихаттау тағы да басқа шараларына жылына 70 млн бөлінбекші еді.
— 31 миллионан аса теңге латын әліпбиін видео блог арқылы дәріптеуге қарастырылған. 5-7 минуттан тұратын 30 видео блог жасалып, YouTube-қа салынады.Сондай-ақ, қоғамдық орындарда LED-экрандарда көрсетіледі.
— 13 миллион теңге бекітілген латын графикасын тарату үшін мобильдік қосымшаны даярлауға қажет екен.
Бұл мобильдік қосымшадан латын графикасымен дұрыс жазуды, дыбыстарды дұрыс айтуды үйренуге болады. Және қосымша түрлі ережелер арқылы жаттығасың.
— 15 миллионан аса теңге «Жаңа латын әліпбиін енгізудегі ғылыми және ұжымдық міндеттеме» атты семинар-жиынға бөлу жоспарланған.
— 7 миллионан аса теңге «Қазақстандағы жазу тарихы және жаңа латын әліпбиіне өтудегі ғылыми-практикалық негіз» атты конференцияға қарастырылған.
—3,8 миллион теңге «Латын әліпбиіне ауысу: ғылыми-қоғамдық негізі, даму процессі мен негізгі проблемалар» атты жинақты басып шығаруға.
Сенат қаражатты осы мақсаттарға жұмсауға қарсы емес. Тек, оған жұмсалатын ақшаны 2,7 есеге қысқартты.
Яғни, 2018 жылы латынға қатысты жалпыхалықтық талқылауға 25 миллион 960 мың теңге жұмсалады. 2019 жылы да осы сома бөлінеді.
Фото: today.kz