ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Сейсмологиялық тәжірибелік әдістемелік экспедициясы» мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық стансалар желісі 17 қаңтар күні 04 сағат 25 минут 07 секундта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Зілзаланың эпицентрі Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 358 км қашықтықта, Қытай аумағында болды. Зілзаланың энергетикалық қуаты 9,6. Магнитудасы MPV 4.4. Ошағының тереңдігі 10 км тереңдікте.