Қазақстан мен Франция әскери ынтымақтастық жоспарына қол қойды, деп хабарлады ҚР қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен.
«Қорғаныс министрлігінде Қазақстан қорғаныс ведомствосы басшысының Қазақстан Республикасындағы Францияның жаңадан тағайындалған төтенше және өкілетті елшісі Филипп Мартинэмен кездесуі өтті. Кездесу барысында тараптар әскери білім беру, бітімгершілік қызмет және верификациялық қызметтер арасындағы өзара іс-қимыл аясында екі елдің халықаралық әскери ынтымақтастығының негізгі басымдықтарын талқылады. ҚР Қорғаныс министрі Францияның елшісін оның өкілеттілікті иеленуімен құттықтап, оған қазақстандық-француздық жан-жақты стратегиялық серіктестікті ілгерілетуде сәттіліктер тіледі. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екі елдің қорғаныс ведомстволары арасындағы әскери ынтымақтастық жоспарына қол қойды», - делінген сәрсенбідегі хабарда.
Хабарда атап өтілгендей, кездесу ҚР қорғаныс министрлігінің қабырғасында өтті.