Түрік Республикасының Президенті Реджеп Тайип Эрдоган Анкара сириялық Африндегі операцияны аяғына дейін жеткізу ниетінен бас тартпайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Lenta.ru Yeni Safak газетіне сілтеме жасай отырып.
«Евфрат қалқаны» операциясы кезінде біз шекараларымызда террор дәлізін құруды жоспарлағандарға соққы бердік. Содан кейін АҚШ аймаққа террористік ұйымдарға таратылған әскери техникамен 5 мың жүк көлігін жеткізді. Афринадағы операция да алдыға қойылған мақсаттарға қол жеткізілгенде аяқталады», - деді Р. Эрдоган сейсенбі күні жарияланған баяндамасында.
Р. Эрдоган сонымен қатар Сирияның Джараблус, Әл-Рай және Әл-Баб қалаларында бақылау орнатылғандай, Афримге де бақылау жасауды уәде етті.
«Анкара Сирия аумағын басып алуды жоспарламайды. Түркияның міндеті - Сирияның ұлттық қауіпсіздігі мен аумақтық тұтастығын қамтамасыз ету», - деді ол.
Р. Эрдоганның мәлімдемесінен кейін, Сириядағы операция барысында алғашқы түрік жауынгерінің өлімі туралы хабар пайда болды. Anadolu агенттігінің хабарлауынша, жауынгер Түркиядағы «Күрдістан жұмысшылар партиясы» өкілдерімен қақтығыс кезінде қайтыс болды.
Естеріңізге сала кетейік, қазіргі кезде Сирияда түрік әскерлерінің арнайы операциясы жүріп жатыр. 20 қаңтарда түрік президенті Э. Ердоған көрші мемлекеттің аумағында күрдтерге қарсы әскери операцияның басталуы туралы жариялады.
Түрік әскері Түркияда «Күрдістан жұмысшылар партиясының» (КЖП) сириялық тармақтары деп есептелетін «Демократиялық одақ» және «Халықтық қорғаныс күштері» деген күрт топтарының позицияларына шабуыл жасады. 21 қаңтарда Сириядағы түрік әскери операциясы құрылықтағы фазасына өтті.