22 қазан күні сағат 20:56-да Семей қаласының Дулатов көшесінде жол-көлік оқиғасы болып, нәтижесінде 2 адам зардап шекті
Семей қаласында құтқарушылар жол апатынан зардап шеккендерге көмек көрсетті деп хабарлайды ҚазАқпарат Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
22 қазан күні сағат 20:56-да Семей қаласының Дулатов көшесінде жол-көлік оқиғасы болып, нәтижесінде 2 адам зардап шекті. Олардың бірі, ер адам көлік салонында қысылып қалды. Оқиға орнына жедел келген құтқарушылар қысылған ер адамды көліктен абайлап шығарып, жедел жәрдем дәрігерлеріне тапсырды.
Фото: inform.kz.