Қаз   Рус

Төреғали мен Ерке Есмахан «Нұр Отанға» кірді

132 қаралды
0
Ратель
Четверг, 30 Ноя 2017, 13:00

Тұңғыш Президент күніне орай Астанада танымал әншілер мен спортшыларды партия қатарына салтанатты қабылдау рәсімі өтті

Салтанатты шара барысында партия төрағасының бірінші орынбасары Мұxтар ҚҰЛ-МҰХАММЕД  15 адамға арнайы куәліктерді табыстады. Олардың ішінде  танымал боксшы Жанат ЖАҚИЯНОВ, ауыр атлет Карина ГОРИЧЕВА, әншілер Төреғали ТӨРЕӘЛІ мен Ерке ЕСМАХАН, жас ғалымдар және басқа да белсенділер бар. Мұxтар Абрарұлы партиялық билет тапсыруды Төреғали Төрәліден бастады, деп жазады ҚазАқпарат.

Оқи отырыңыз
«Нұр Отанның» мүшесі деген атаққа бола билік партиясына бармас едім»

Өз сөзінде Төреғали партия басшылығына өз алғысын білдіріп, үлкен жауапкершілікті енді сезініп жатқанын жеткізді. Ерке Есмаxанды бүгінгі туған күнімен де құттықтауды да ұмытпады. Ұйымдастырушылар екі әншіні бөлмей, Төреғалиден кейін келесі партиялық билетті Ерке Есмаxанға табыстады.

«Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мұxтар Құл-Мұxаммед бірқатар қазақстандық әншілерді ерекше атап өтті. «Мен Төреғали Төрәлі мен Қайрат Нұртасты бір қасиеті үшін айрықша сыйлаймын. 90-жылдары Қазақстанға дауысы бары да, жоғы да фонограммамен келіп, 30-40 мыңдық аудиторияны толтырып кететін. Бұлар өз күшімен толтырды. Қазақстанда ғана толтырған жоқ, Бейжіңде де толтырды, Моңғолияда да толтырды, Еуропаның төрінде де толтырды. Еркені алайық, әрине, қазақтың тариxында ғажап әншілер болған. Дегенмен, бір әнді көру көрсеткішін 40 миллионға жеткізу - үлкен жетістік. Ондай адамдар біздің қатарымызда болуы қажет», - деп атап көрсетті Мұxтар Абрарұлы. 

Шара кезінде «Нұр Отанға» өткен жастар екіге бөлініп тұрды. Төреғали мен Ерке бір қатарға орналаспай, бір-біріне қарсы тұрды.

 Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін «Нұр Отан» партиясының қатарына Қайрат Нұртас, Димаш Құдайберген т.б. өткен-ді. Ал таяуда ғана партияның алқалы жиындарының бірінде әзілкеш, актер Нұртас Адамбай «Нұр Отанның» мүшесі болудан сыпайы түрде бас тартса, ал бізге берген сұхбатында спортшы Қуат «Найман» атақ үшін ғана «Нұр Отанның» қатарына өткісі келмейтінін мәлімдеген.   

Фото: inform.kz 

 

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
Любое учреждение, где есть дети, смогут проверить без предупреждения в Алматы
- Благодарим Жанат, очень своевременная программа. Желаем вам и вашей команде успехов. Мне хотелось бы поучаствовать, быть полезной в вашей работе.
Как в Казахстане можно пятнадцать лет не исполнять решение суда
- Не удивительно,у меня есть решение суда с 2008 и не исполнено по сей день,на сумму 3000млн.тенге,хотя исполнительный находится у ЧСИ,вроде как решение суда не имеет ни какой силы,должникам закон не писан!
Ушел из жизни Юрий Мизинов
- Очень жаль, что в Казахстане очень мало таких журналистов каким был Юрий Мизинов.
Когда правительство возьмётся за яйца
- Просто шедевральная статья. Особенно в точности описывает функции партий, которые описаны в данной статье. Изречения которые должны быть прочитаны и приняты во внимание. Самое главное чтобы данный ежедневник был прочитан и принят во внимание. (Про выражение где фигурирует Троцкий просто ШЕДЕВРАЛЬНО и в точку)...
Отчего после публикаций Ratel.kz нервничают в ТОО "AB Energo"
- Сергей, ОГРОМНОЕ Вам спасибо за новое расследование. Всегда держите в напряжение. Ожидаем продолжение... (Интересно, что скажет ещё на это и ГУ "Аппарат акима Абайского района Карагандинской области)
Премьер Смаилов как аманат Назарбаева
- Спасибо большое , здоровье и удачи Вам и Вашим близким, то что Вы творите лучше всех государственных программ по воспитанию . Готовая программа к действию для улучшения жизни населения. Огромное удовольствие что у нас имеется такие журналисты и такой коллектив.