Қаз   Рус

«Қоянды жәрмеңкесінің» қазіргі жағдайы

196 қаралды
0
Ратель
Суббота, 18 Ноя 2017, 12:00

Қазақ даласындағы алғашқы сауда-саттық орталығы болған тарихи орындағы соңғы жәдігерлер құрып барады

«Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігінің жетекшісі Арман ӘУБӘКІР «Қоянды жәрмеңкесінің» бүгінгі жағдайы туралы Facebook әлеуметтік желісінде хабарлады.

Оқи отырыңыз
Астана Лениннің жойылуына себеп болуы мүмкін

«Келер жылы «Қоянды жәрмеңкесіне» тура 170 жыл болмақшы. Егер Қарағанды облысында ұлтқа жанашыр шенеуніктер отырса, мына жәрмеңкенің қиранды қоймасын қалпына келтіруге қазірден бастап күш салған болар еді. Сауда-саттықтың, керуендердің, сал-серілердің, шабандоздардың, күресіп жатқан балуандардың, жәрмеңкеге келген ірі тұлғалардың мүсіндері мен макеттерін жасап, үлкен кешен жасап қойса, туризм тұрғысынан да, елдің тарихи жадын оятуға да пайдалы емес пе? Осындағы тұрмысы төмен титықтаған ел-жұртқа да табыс көзі болар еді», - деп жазды ол.

Арман Әубәкірдің айтуынша, «Қоянды жәрмеңкесінен» тек қана қоймалар ғана қалыпты. Олардың өзінің қабырғалары құлауға шақ тұр. Қараусыз қалған тарихи ғимараттардың темір қақпаларын 90-жылдардың басында іргедегі «Қоянды» ауылының халқы темір-терсекке өткізіп жіберген екен.

Зерттеушілердің жазуынша, 1848 жылы 15 мамырда Ресейдің қазіргі Түмен губерниясына қарасты Ялатурск қаласының көпесі Варнава БОТОВ мал айдап бара жатқан саудагерлерді Тоқпақ тауының баурайында күтіп алған. Ботов өз тауарларын малға, басқа да өнімдерге айырбас жасап, тиімді сауда-саттық жасайды. Қазақ даласынан алған қолөнер бұйымдарын Қызылжарға, Ресейге, тіпті еуропалық қалаларға жөнелтіп пайдаға кенеледі.

Оқи отырыңыз
«Дачалық» ұлт

Осылайша, «Қоянды жәрмеңкесі» ірі сауда орталығына айналады. Уақыт өте келе, жәрмеңке ұзындығы 11 шақырым, ені 5 шақырымға ұзарады. Сатылымға қойылатын малға жайылым ретінде 55 шақырым жер бөлінеді. Бұның барлығын жәрмеңкенің комитеті жасаған. 1869 жылы 12 қыркүйекте Батыс Сібір Басқармасының кеңесі 15 маусымнан 15 шілдеге дейін Қояндыда жәрмеңке ұйымдастыру туралы құжатты қабылдайды.

Бұл жерде күнделікті пайдалануға қажет тауарлар сатылатын дүкендер ашылады. Жылдан жылға сауда орталықтарының саны артып, дүкендердің саны 1000 мыңға дейін жеткен. 1889 жылы телеграф тартылып, 1894 жылы банк бөлімшесі ашылған. «Қоянды жәрмеңкесі» тек қазақ даласындағы сауда-саттық орталығы ғана болған жоқ. Осы жерде қазақтың алғашқы либерал-демократтары патша өкіметіне қарсы «Қарқаралы петициясын» жариялаған.

Қазір мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласына орай елде түрлі шаралар басталып та кетті. Сол бағдарлама аясында атақты «Қоянды жәрменкесін» жаңғырту болмас пе еді? 

Фото: Facebook.com, inform.kz

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
Любое учреждение, где есть дети, смогут проверить без предупреждения в Алматы
- Благодарим Жанат, очень своевременная программа. Желаем вам и вашей команде успехов. Мне хотелось бы поучаствовать, быть полезной в вашей работе.
Как в Казахстане можно пятнадцать лет не исполнять решение суда
- Не удивительно,у меня есть решение суда с 2008 и не исполнено по сей день,на сумму 3000млн.тенге,хотя исполнительный находится у ЧСИ,вроде как решение суда не имеет ни какой силы,должникам закон не писан!
Ушел из жизни Юрий Мизинов
- Очень жаль, что в Казахстане очень мало таких журналистов каким был Юрий Мизинов.
Когда правительство возьмётся за яйца
- Просто шедевральная статья. Особенно в точности описывает функции партий, которые описаны в данной статье. Изречения которые должны быть прочитаны и приняты во внимание. Самое главное чтобы данный ежедневник был прочитан и принят во внимание. (Про выражение где фигурирует Троцкий просто ШЕДЕВРАЛЬНО и в точку)...
Отчего после публикаций Ratel.kz нервничают в ТОО "AB Energo"
- Сергей, ОГРОМНОЕ Вам спасибо за новое расследование. Всегда держите в напряжение. Ожидаем продолжение... (Интересно, что скажет ещё на это и ГУ "Аппарат акима Абайского района Карагандинской области)
Премьер Смаилов как аманат Назарбаева
- Спасибо большое , здоровье и удачи Вам и Вашим близким, то что Вы творите лучше всех государственных программ по воспитанию . Готовая программа к действию для улучшения жизни населения. Огромное удовольствие что у нас имеется такие журналисты и такой коллектив.