Қаз   Рус

Қара қарды жаудырған «АрселорМиттал Теміртау»

170 қаралды
0
Айман САҒАТАЙ
Четверг, 25 Янв 2018, 14:15

Теміртауда ауаға 283 мың 831 тонна қалдық тараған. Экологтар қала тұрғындарының денсаулығына қауіп төнгенін айтады.

Кеше Қарағанды облысының әкімі Ерлан ҚОШАНОВТЫҢ бастауымен өткен жиында Теміртауда пайда болған қара қардың негізгі себебтері туралы айтылды. Облыста жүргізілген зерттеудің нәтижесінде ауаға 283 мың 831 тонна қалдық тараған. Мамандардың айтуынша, оның ең көп мөлшері «АрселорМиттал Теміртауға» тиесілі.

-Тексеріс барысында, Теміртау қаласында орналасқан жеті өндірістен түрлі қалдықтар ауаға таралғандығы анықталды. Оның ішінде «АрселорМиттал Теміртаудың» қалдығы 221 690 тоннаны құрап отыр. Онымен қоса, жергілікті көліктерден шыққан түтіндердің де үлесі бар. 25 111 тонна авто көліктердің  үлесі. Үшінші кезекте «Вasel Group» 19 801 тонна қалдық тастаған. Тағы да жеке меншікті  қазандықтардың да қалдықтары бар, - деген Қарағанды облысы бойынша экология департаментінің басшысы Қанат МҰСАПАРБЕКОВ осылай баяндама жасады.

 «АрселорМиттал  Теміртау» компаниясының атқарушы директоры Вадим БАСИН өндіріс жұмыс істеген күннен қалдықтар бөлгенін мойындайды. Бірақ қара қарды жаудырған жоқпыз деп ат тонын ала қашты.

- Біз ең көп қалдық тастайтынымызды мойындаймын. Ол әрқашан болған. Қалдық басқа жылдармен салыстырғанда азайған. Бізде автоматтық режимде жұмыс істеп тұрған үш белгіленген жерлеріміз бар (пункт). Ол жерге қадағалау жұмыстары күшейтілген және біздің бақылаумызда. Жұмыс барысында ақаулар кеткен жоқ. Қара қар пайда болғаны бізді де алаңдатты. Қаланың он жерінен сараптама алып, тексеріс жүргіздік. Менің бір қауіптенгенім ол Қазандық мұржасынан шыққан қалдық болатын. Тәуелсіз экологтардың пікірлерімен толықтай келісемін.  Біздің тексерістің қорытындысы бойынша да 250 метрлік құбырдан туындағын ақау салдарынан түттінің  қара қардың болуына ықтимал. Бірақ жылдар бойы қалдық тастап , келе жатқан өндіріс компаниясының қара қардың түсуіне еш қатысы жоқ», деді сөзін сенімді бастаған Вадим Басин.

Ауаның қаншалықты ластанғанын жарты айдың ішінде зерттеп шығып, оның нақты  себебін анықтау мүмкін емес дейді мамандар. Қара қардың неден болғанын тек жылдар бойғы қадағалау мен зерделеудің нәтижесінде анықтауға болады. Сондықтан зерттеуге тартылған тәуелсіз экологтар тарапы аз уақыттың ішінде қалдықтың құрамында шаң тозаңнан бөлек темірдің табылғанын анықтапты. 

- Қара қардың қайдан шыққанын анықтау үшін, біз қаланың үш жерінен қарларды жинап алдық. Оны екі бағытта зерттедік. Қардық қатқан және сұйытылған күйінде. Қарды суға айналдырып оңдағы қалдықтарды сүзіп алдық .Тексеріс барысында лабораторияда қардың құрамынан кремний, көміртегі анықталды. Қардың ластануы жергілікті өндірістерден пайда болғанын біз нақты айта аламыз. Ол басқа жақтан келмеген. Ондай да қауесеттер  болған. Ластанған ауа жоғарыға көтеріліп, қара қар ретінде қайта түскен жерге. Сараптама барысында қазандық мұржаларынан қалдық көп мөлшерде байқалды. Онымен қоса, Барий, титан, ванадий, карби элементтері де шықты. Бұл дегеніміз құрамында темір бар дегенді дәлелдеп отыр. Сондықтан қара металдың қара қардың пайда болуына әкеліп соққан деген тұжырым жоққа шықпайды. Темір өте көп. Тіпті магнитті қойғанда, оның тартылғаны да байқалды, - деді эколог Владимир МАТОНИН

Ауа бір жылдың ішінде ластанған жоқ деген облыс әкімі Ерлан Қошанов жиында  өндірістен хабары бар екенін аңғартты.

- Ауа райының қолайсыздығына байланысты метеорологтармен бірігіп режим құру деген бар өндірісте.  Өзім де осы салада жұмыс істегенмін. Ауа райыға байланысты қалдықты тастау реті де болатын. Сіздер неге оны қолданбайсыздар. Ол қашаннан бері жүзеге аспай жүр? - деген өңір басшысы  мәселенің тамырынан дөп басқандай болды.

Эколологтардың тексеріс барысында 17 желтоқсан күні «АрселлорМиттал Теміртау» компаниясынан өте көп мөлшерде қалдықтың сыртқа тасталғаны байқалыпты. Қалдықты азайту мақсатында 2016 – 2018 жылдарға 18 млрд теңге қаражат бөлінген. Аталған ақшаға қалдықтарды тазарту үшін құралғылар алынып, оларды орнату керек. Ол бірден құра салатын жобалар құрылуы тиіс алдымен. Алайда қаншалықты мақсаттың жүзеге асып отырғанын жоспардан тыс немесе жоспар бойынша экология басқармасының тексерісі салдарынан анықталады. Естеріңізде бола, өткен жылдың қорытындысы бойынша, ережелердің  сақталманы үшін және қоршаған ортаға келтірген залалға 600 млн көлемінде компания айппұл төлеген.

Фото автордікі. 

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
В Алматы начат снос незаконного рынка Жетысу-Семиречье
- Такой хороший рынок,не надо ездить далеко на барахолку, можно все, практически все найти на этом рынке - вещи, продукты, стройматериалы, бытовую технику и т.д. Жаль если он тоже уйдет под снос.
Хроники Верного. "Секретные материалы" из старой папки
- Да, эта папка имеет огромную ценность. Я потомок из этой семьи, очень много конечно утеряно в советское время информации. Папа говорит что старики наши шепотом о тех временах говорили. Ушли те кто мог бы поведать всю историю семьи, а в воспоминаниях папы только фрагменты тихих разговоров. Хотелось бы посетить архив в Алматы и соединить не достающие фрагменты. Спасибо за то что с таким теплом поведали нам историю семьи Шахворостовых. Вера
Скотч, камча и стигма: как страх перед психиатрией едва не стоил жизни молодой матери
- Все верно. Самое тяжелое это предательство мужа в такой ситуации. Задумываешься - стоит ли жить с человеком, на которого нельзя положиться.
От службы в уголовном розыске к общественной работе и званию академика
- В одной статье, какой бы она ни была, невозможно описать и передать всю жизнь человека, глубину его души, все его дела и человеческие качества, проявленные во имя служения народу и общественной деятельности.
От службы в уголовном розыске к общественной работе и званию академика
- Александр Петрович, для меня большая честь и настоящая ценность знать Вас лично и называть своим другом. За всеми Вашими званиями и наградами прежде всего стоит человек, на которого всегда можно положиться. Искренне благодарен судьбе за нашу дружбу, Вашу поддержку, доброе отношение и человеческое тепло. Крепкого Вам здоровья и долгих лет жизни. Горжусь нашей дружбой!
Страховых выплат после ДТП не будет? Что предлагают страховщики
- Добрый день. Страховые компании пытаются ограничить возможности автовладельцев. И получить больший доход. Прикрываясь защитой от "помогаек". Через какое-то время, если примут изменения законодательно, автовладельцы столкнутся с низким качеством кузовного ремонта и будут вынуждены уже судиться с кузовными и малярными мастерами. А это потеря времени и денег.
На Каспии начались военные учения Хазар қорғаны-2026
- Как профессиональный процессник не могу пройти мимо. Люди, Процессы, Технологии - фундамент любой организации - и задача руководства обеспечить слаженность взаимодействия этих трех составляющих. Не понимание этих фундаменталых основ - к сожалению бич нашего времени. Копни в любое министерство или частную компанию - везде одно и то же - нет должного внимания к этим фундаментальным блокам - как результат трагедии, финансовые потери и невозможность быть конкуретноспособным)). Алга Казахстан!)