Қаз   Рус

Тіс емдеуден қайтыс болған баланың өліміне қатысты жаңа деректер

790 қаралды
0
Айман САҒАТАЙ
Вторник, 27 Фев 2018, 09:00

Қарағандыда тіс емханасында анестезиолог маманына қатысты 2016 жылы тергеу амалдары жүрген

23 ақпанда «Tidy dent» балалар стоматологиясында болған қайғылы оқиғада да сол анестезиолог болғанын қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің мамандары растап отыр.

«2016 жылы осы дәрігер «Baby dent» стоматологиясында жұмыс атқарған. Бірақ қазіргі таңда ешқандай сот шешімі болмағандықтан және тиісті мекемелерден өтініштің жоқтығынан оның лицензиясынан айыру бізде болған жоқ. Сол себептен, оны басқа жерде жұмыс істеуіне біз кедергі келтірумізге құқығымыз жоқ», деп қысқа қайырған бас маман Султанат ЖАҚСЫБАЕВА тергеуге байланысты артық дерек айта алмайтынын айтты.

Сонымен қатар, отыз екі жыл тәжірибесі бар маманға екі жасар Семеннің анасы Наталья ЮРЬЕВА балада аллергия барын айтқан. Бірақ дәрігер еш тексеріс жасамай, дәріні тамырдан жіберген. Оған қарамастан екі жасқа әлі толмаған сәбидің әкесі Анатолий АРЗАМАСЦЕВ дәрігерден еш өкінішті байқаған жоқпын деп көзіне жас алды.

«Мен НАУМОВАМЕН көрістім, тергеушілер одан сұрақ жауап алғанда, түрінен еш өкініш білдіріп тұрғаныны аңғардым. Керісінше, мен қолдан келгенді істедім және өз жұмысымда білемін. Осындай мөлшерде дәрі егіп жүрмін деп тіптен кінәлі сезінген де жоқ. Менің ойымша, тағы бір баланың өлімінен кейін, әділдік орнап, ол жазасын алатынына сенімдімін».

Ал, бір апта ғана жұмыс жасап келе жатқан «Tidy dent» балалар стоматологиясы директоры Виктория МАРТЫНОВА дәрігердің қолынан тағы бала өлгенін білмедім деп ақталуда.

«Қаншама жыл тәжірибесі бар маман алдыма келген бойда бұрын соңды сотталмағаны жайлы құжатын талап еттік. Ондай болмаған соң бірден жұмысқа алдық. Стоматология барлық құрал жабыдықтармен және дәрілермен қамтамасыз етілген. Рұқсаттары да бар. Қазіргі таңда біз реанимация бөлімін уақытша жауып тастадық. Ал, дәрігер жұмыстан босатылды», деді ол.

Аталған фактіге байланысты енді жоспардан тыс тексеріс жүргізу қаулысы енгізіліп, республикалық тәуелсіз сарапшылары бар комиссия құрылды. Енді 317 баптың үшінші тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Айта кетейік, отыз екі жылдық тәжірибесі бар маман осыдан екі жыл бұрын Қарағанды қаласындағы «Baby dent» тіс емханасында жұмыс атқарған. Онда Жезқазған қаласының тұрғыны он үш жасар Жансая анестезиолог дәргердің еккен дәрісінен анафилактикалық шоқ алып, клиникада көз жұмған болатын.

Дәл сол кезде Мағжан ОМАРОВ Жансаяның әкесі қызының 16 тісі құрттағаныны айтқан еді.

Сол уақыттан бері дәрігерге қатысты тергеу амалдары басталған. Алайда, Жансая Омарованың қорғаушысы дәрігерге қатысты сот процессі әлі басталмағанын айтты.

«Baby dent» клинасының директорына қатысты сот бітті. Олар өз кінәларын мойынына алды. Әкімішілік жазаға тартылды. Ал, дәрігерге қатысты сот енді ғана басталады» - дейді Төлеутай Мусин жәбірленуші жақтың қорғаушысы.

Фото автордікі. 
 
Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
На Каспии начались военные учения Хазар қорғаны-2026
- Как профессиональный процессник не могу пройти мимо. Люди, Процессы, Технологии - фундамент любой организации - и задача руководства обеспечить слаженность взаимодействия этих трех составляющих. Не понимание этих фундаменталых основ - к сожалению бич нашего времени. Копни в любое министерство или частную компанию - везде одно и то же - нет должного внимания к этим фундаментальным блокам - как результат трагедии, финансовые потери и невозможность быть конкуретноспособным)). Алга Казахстан!)
Масоны Казахстана: кто они и чем занимаются на самом деле
- Вторая статья о масонах!!! Что делается?! И правильно делают, что относятся с осторожностью, след в истории оставили уже. Работают с расчетом на века!
В Алматы произошло землетрясение интенсивностью 3–4 балла
- Оповещаеие должно быть на ясно казахском и на русском , то что сегодня оповестили на ломанном казахском не понятно для многих людей , даже казахской национальности
102 километра в объезд Сарыагаша
- Отличная новость. У меня вопрос где начинается и где заканчивается, вернее где съезды этой дороги?
Как Олжас Сулейменов стал жертвой фейка
- В конце 90х гг., когда еще не было интернета в нашем селе, я училась в 9 классе, в учебнике русской литературы был именно этот стих О.Сулейменова, который начинался так "Айналайын - чудесное слово, жаль, что его русский не поймет.."
Любое учреждение, где есть дети, смогут проверить без предупреждения в Алматы
- Благодарим Жанат, очень своевременная программа. Желаем вам и вашей команде успехов. Мне хотелось бы поучаствовать, быть полезной в вашей работе.
Как в Казахстане можно пятнадцать лет не исполнять решение суда
- Не удивительно,у меня есть решение суда с 2008 и не исполнено по сей день,на сумму 3000млн.тенге,хотя исполнительный находится у ЧСИ,вроде как решение суда не имеет ни какой силы,должникам закон не писан!