Қаз   Рус

Мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдау – қоғамның парызы

1109 қаралды
0
Меруерт ХУСАИНОВА
Вторник, 27 Фев 2018, 11:00

Каспий университетінің студенттері ерекше жандардың концертін тамашалады

Мүмкіндігі шектеулі жандар туралы сөз бола қалса, ең алдымен көз алдымызға өмірден түңілген адамның елестейтіні рас. Алайда он екі мүшесі сау адамнан гөрі, жарымжан кісілердің өмірге құштарлығы аса жоғары екенін біле бермейміз. Бұл сөзімізге дәлел ретінде 26 ақпан күні Caspian University ұйымдастырған мүмкіндігі шектеулі жандардың концертін айтуға болады.

Caspian University жаратылысы ерекше жандарға қамқорлық жасап, қолдау мақсатында «Бір аспанның астында» атты жобаны қолға алып, ерекше жандар үшін түрлі іс-шаралар өткізеді. Соның бірі - мүмкіндігі шектеулі жандардан құралған «Темірлан» ән-би ансамблінің дебютті концерті. Концерт жаратылысы ерекше жандарды әлеуметтік қорғауға бағытталған «Бір аспанның астында» атты Caspian University жобасы аясында өтті.

 «Ансамбль құрамындағы балалардың жайдары көңіл-күйі мені де сондай әсерге бөледі. Біздің университеттің «Бір аспанның астында» атты жобасы да позитивті көңіл-күй сыйлау мақсатында жүзеге асырылған жоба. Университеттің ең басты мақсаты – студенттерге терең кәсіби білім беру, еліміз бен шетелдердегі компаниялардың бәсекеге қабілетті маманы болуға жәрдем беру. Алайда бұдан бөлек, біздің студенттеріміз жаратылысы ерекше жандарға көмек беруді, әлеуметтік міндеттерді орындауды да ұмытпауы керек. Мүмкіндігі шектеулі жандармен араласа отырып, олардан достыққа адалдықты, табандылықты да үйренесің»,- дейді Caspian University оқу-әдістемелік проректоры Нұржамал ДҮЙСЕНҒҰЛОВА.

Сонымен қатар бұл жоба Алматы қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар Басқармасы басшысының орынбасары Ләззат ДЖЕТЫБАЕВА мен оңтүстік астана әкімінің мүмкіндігі шектеулі жандардың құқығы мен талабын қорғау бойынша кеңесшісі Вениамин Алаевтың тарапынан да үлкен қолдауға ие болды. Вениамин Алаев бүгінде Алматыда 40 мың мүмкіндігі шектеулі жанның 234-і балалар, ал 25 мыңы еңбекке қабілетті, білімі барын айтады.

Ал Алматы қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар Басқармасының мүгедектермен жұмыс бөлімінің басшысы Лаура Абжанова: «Алматы қалалық әкімдігі мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдау мақсатында олардың оқып, білім алуына, келешекте жұмысқа тұруына мейлінше жағдай жасауда»,- дейді. 

Ән-би ансамблін құру туралы ұсыныс білдірген балаларға алғаш рет қолдау білдіріп, көмегін берген «Достық» клубының жетекшісі Қарлығаш СӘРСЕМБАЕВА да:«Балаларға үнемі білім алу керегін айтып отырамын. Оқыған адам ғана бақытты болады және жақсы өмір сүре алады. Ансамбльге қолдау көрсетуді сұрап бірнеше ұйымға хабарластық. Біздің ұсынысымызды қабылдаған Caspian University ұжымының арқасында өткен дебютті концертіміз  үлкен концертке айналды»,- деді.

Қарлығаш Сәрсембаеваның ұйымдастыруымен жасақталған «Темірлан» ансамблі көптеген баланың өнерге деген қызығушылығын оятып, қанат бітірді.

«Достық» клубындағы 16 баланың төртеуі қазір П.Чайковский атындағы музыкалық мектепте білім алуда. Болат Жанымхан 2017 жылы дойбыдан әлем чемпионы атағын алды, бүгінде Спорт және туризм академиясында студент.

Клубтың тағы бір мүшесі Ерқанат Әбдіраш Талдықорғанда оқып жүр, таяуда кәсіби массажист болады. Музыкадан бөлек, клубтағы балалар қолөнермен де айналысады. Олардың клубтағы арнайы студиясында бисер, суреттерден жасалған қолөнер бұйымдары өте көп.

Осы концертке «Регистратор» фильмінің трейлерін арнайы әкеліп көрсеткен белгілі актерлер Мейіржан ТУРЕБАЕВ та, осы концерттің қонақтары Мейірхан ШЕРНИЯЗОВ, Медет АМАНБАЕВ та бүгінгі концерттің керемет өткенін, жақсы көңіл-күй сыйлағанын айтып, ұйымдастырушыларға алғыс білдірді. 

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
На Каспии начались военные учения Хазар қорғаны-2026
- Как профессиональный процессник не могу пройти мимо. Люди, Процессы, Технологии - фундамент любой организации - и задача руководства обеспечить слаженность взаимодействия этих трех составляющих. Не понимание этих фундаменталых основ - к сожалению бич нашего времени. Копни в любое министерство или частную компанию - везде одно и то же - нет должного внимания к этим фундаментальным блокам - как результат трагедии, финансовые потери и невозможность быть конкуретноспособным)). Алга Казахстан!)
Масоны Казахстана: кто они и чем занимаются на самом деле
- Вторая статья о масонах!!! Что делается?! И правильно делают, что относятся с осторожностью, след в истории оставили уже. Работают с расчетом на века!
В Алматы произошло землетрясение интенсивностью 3–4 балла
- Оповещаеие должно быть на ясно казахском и на русском , то что сегодня оповестили на ломанном казахском не понятно для многих людей , даже казахской национальности
102 километра в объезд Сарыагаша
- Отличная новость. У меня вопрос где начинается и где заканчивается, вернее где съезды этой дороги?
Как Олжас Сулейменов стал жертвой фейка
- В конце 90х гг., когда еще не было интернета в нашем селе, я училась в 9 классе, в учебнике русской литературы был именно этот стих О.Сулейменова, который начинался так "Айналайын - чудесное слово, жаль, что его русский не поймет.."
Любое учреждение, где есть дети, смогут проверить без предупреждения в Алматы
- Благодарим Жанат, очень своевременная программа. Желаем вам и вашей команде успехов. Мне хотелось бы поучаствовать, быть полезной в вашей работе.
Как в Казахстане можно пятнадцать лет не исполнять решение суда
- Не удивительно,у меня есть решение суда с 2008 и не исполнено по сей день,на сумму 3000млн.тенге,хотя исполнительный находится у ЧСИ,вроде как решение суда не имеет ни какой силы,должникам закон не писан!