Қаз   Рус

Әкімнің мұғалім келіні 500 гектар жердің иесі

707 қаралды
0
Джамиля МАРИЧЕВА
Четверг, 28 Дек 2017, 17:30

Қайын атаң жер комиссиясының басшысы болса жақсы ғой

Аудан әкімінің орынбасары Әлия МҰХАМЕДРАХЫМ(суретте) қайын атасы Бейбіт ЖҮСІПБАЕВ берген жер телімін заңдастырып алды. Шенеунік атасы жер комиссиясының басшысы.

Бұл оқиға Павлодар облысы Успенка елді мекенінде болған.

Ratel.kz бұл оқиға сотқа жетпей тұрғанда жазған болатын. Әкім орынбасарының отбасылық жағдайындағы беймәлім тұстары 2017 жылы шілде айында белгілі бола бастады. Прокурорлардың тексерісі кезінде қарапайым мектеп мұғалімі Әлия Мұхамедрахымның 10 жылға мемлекеттен құнарлы 500 гектар жер алғаны белгілі болған еді. Содан педагогтың ауылшаруашылығына деген «қызығушылығы» тергеле бастады.

Оқи отырыңыз
Сноха замакима отвоевала в суде 500 га пахотной земли

Артынша 28-жастағы әйелдің қайын атасы Успенск ауданы әкімінің орынбасары екені анықталған. Жер комиссиясының төрағасы Бейбіт Жүсіпбаев өз келініне келгенде аянып қалмапты. Ең құнарлы, шұрайлы деген жер телімін бере салған.

Прокурорлық тексерістен кейін іс этика кеңесіне жөнелтілген. Алайда Жүсіпбаев өз орнында қала берген. Кеңес аздап «ұрысып» алған болу керек. Яғни қызмет бабына сәйкес сөгіс жариялаумен шектелген. Ал Успенск  әкімдігі мұғалім жер иеленушінің иелігіндегі 500 гектар жерді қайтып алыпты.

Алайда шенеуніктің отбасы сотқа шағым түсірірген. Бейбіт Жүсіпбаев өзін жазықсыз жазалағанын айтып, екі ай соттасқан. Тәртіптік жазаға келіспеген ол келініне жер алу мәселесінде жәрдемдеспегенін алға тартты. Қысқасы, сот бұл шағымды қанағаттандырмады. Сот үкімі заңдық күшіне енді.

 

Сотқа шағымданған шенеунік келінінің шағымы ішінара қанағаттандырылған. Содан кейін барлық жерді өзіне қайтару үшін апеляциялық шағым түсірген. Бұған дейін айтқандай сот отырысы 26 желтоқсанға белгіленген болатын. Екінші инстанцияда Әлия Мұхамедрахым жеңіп, қайтадан 500 гектар жердің иеленушісіне айналып шыға келді.  

- Отырыс өтті. Соттың шешімі өз күшінде қалдырылды. Жер келіннің иелігінде. Қазір мен кімді жазалауым керек? Сонымен қатар, қадрлық проблемалар бар. Аппарат жетекшісі, заңгер жұмыстан кетті. Бұрын жол берілген коррупциялық заң бұзушылыққа жауап бергілері келмейді. Иә, жер келіннің иелігінде қалады, - деп растады Успенск аудан әкімі Сергей САЛАМАЦКИЙ (суретте) Ratel.kz тілшісіне.

Ал Бейбіт Жүсіпбаевқа келетін болсақ. Ол тәртіптік жазаның күшін сот арқылы жоя алмасада ара-тұра болса да қызметін атқарып жатыр екен.

- Тамыз айында тоқсан аяқталғанда  ол ауруханаға түсіп статистикаөткізілмей қалған еді. Содан сөгіс алған едім. Өз басшылығымның алдында ақталып жатпаймын ғой. Ауылшаруашылық саласындағы көрсеткішіміз төмендеп кеткен еді. Бұл саланы орынбасарым (Бейбіт Жүсіпбаев) қадағалайды. Соданк ейін жұмысқа шыққан еді. Артынша араға көп уақыт салмай қайтадан қараламын деп кетті. Остеохондроз, өзімді жайсыз сезіне бар деп денсаулығына шағымданған. Ақсаңдап жүретін де болды. Үш айдан бері жұмыста жоқ. Жұмысында олқылық болғанымен оған қалай шара қолданамын. Ол емделіп жүр. 26 желтоқсан күні жұмысқа шығу керек еді, әлі жоқ, - дейді Сергей Саламацкий.

Әкім орынбасары қашан жұмысқа нақты шығатынын аудандық әкімдікте білмейді.

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
13 лет на линии: ночной автобус № 3 остаётся надёжной альтернативой такси в Алматы
- Отдуши, оставили. 3 маршурут ,ведь этот маршурут многим экономит денги для тех кто ночию работают особенно молодеж ,ведь они. Рабоьают с фери обслужвание до последнего клиннта всякие бары кафе рестораны и другие всякие работы.
ЕНПФ объяснил, как работа в странах ЕАЭС учитывается при назначении пенсии
- Почему промолчали про учет стажа работы между государствами ЕАЭС до 1 января 1998 года, в договоре про это тоже написано. Или боитесь огласки, что в РК этот пункт договора игнорируют? А ну да, вы же пишите по материалам пенсионного фонда, а там этот пункт договора военная тайна... :)
В Алматы начат снос незаконного рынка Жетысу-Семиречье
- Такой хороший рынок,не надо ездить далеко на барахолку, можно все, практически все найти на этом рынке - вещи, продукты, стройматериалы, бытовую технику и т.д. Жаль если он тоже уйдет под снос.
Хроники Верного. "Секретные материалы" из старой папки
- Да, эта папка имеет огромную ценность. Я потомок из этой семьи, очень много конечно утеряно в советское время информации. Папа говорит что старики наши шепотом о тех временах говорили. Ушли те кто мог бы поведать всю историю семьи, а в воспоминаниях папы только фрагменты тихих разговоров. Хотелось бы посетить архив в Алматы и соединить не достающие фрагменты. Спасибо за то что с таким теплом поведали нам историю семьи Шахворостовых. Вера
Скотч, камча и стигма: как страх перед психиатрией едва не стоил жизни молодой матери
- Все верно. Самое тяжелое это предательство мужа в такой ситуации. Задумываешься - стоит ли жить с человеком, на которого нельзя положиться.