Қаз   Рус

Нұрлан Ноғаевты күтіп алу үшін пара алғандар ұсталды

6103 қаралды
0
Лев ГУЗИКОВ
Четверг, 01 Фев 2018, 15:15

Атырау облысында басшысын «сыйлап» жібермек болған аудан атқа мінерлері кәсіпкерден 2 миллион теңге талап еткен

Атырау облыстық сот баспасөз қызметінің хабарлауынша, 30-шы қаңтар күні Мақат ауданы әкімінің орынбасары екі айға уақытша тергеу абақтысына қамалды. Шенеунікке алдын ала сөз байласып параны бопсалады деген айып тағылып отыр.

Оқи отырыңыз
Бозымбаевтың көмірі Алматы облысына жеткен жоқ

Яғни қылмыстық кодекстің 366-бабының 3-бөлігінің 1 және 2 тармағы бойынша күдікке ілінді. Бұл жемқорлық істің егжей-тегжейі хабарланбады.

Тұтқындалған әкім орынбасары Жақсылық МҮСЕПОВ. Оны 19 қаңтар күні Жемқорлыққа қарсы Ұлттық агенттік қызметкерлері Мақат аудандық құрылыс бөлімінің басшысы Құралбек АДАМБАЕВПЕН бірге ұстаған.

Ratel.kz дереккөзінің хабарлауынша тергеушілер Мүсепов пен Адамбаев «МасштабСтройГрупп» ЖШС директоры Н.МҰЗРАИМОВТЫ бопсалады деген болжам жасап отыр. Оның фирмасы аудандағы үш ірі жобаның бас мердігері екен. Яғни Мақат кентіндегі «Привокзальный» шағын ауданында 83,9 млн теңгеге жөндеу жұмыстарын, орталық алаңдағы құрылыс жұмысын 73,6 млн теңгеге және «Болашақ» саяжолын 56,8 млн теңгеге жасауы тиіс. Аудан әкімдігі тарапынан бұл жұмыстарды Мүсепов пен Адамбаев бақылаған.

Тергеушілердің болжамынша, шенеуніктер Мұзраимовтан 2 млн теңге беруін талап еткен. Бұл қаражат облыс әкімі мен оның қасындағы шен-шекпенділерді күтіп алу үшін керек бопты-мыс. Егер кәсіпкер бұл ақшаны бермеген жағдайда мақаттық шенеуніктер құрылыс жұмыстарына қатысты келісім шартты бұзамыз деп қорқытқан.

Фирма басшысы ойлана келе жарты миллион теңге ұсынған. Шенеуніктер келіскен. Естеріңізге сала кетейік, қаңтар айының ортасында Атырау облысының аудан әкімдері Нұрлан НОҒАЕВҚА есеп берді. Облыс басшысы Мақат кентінде 18 қаңтарда болған еді. Кәсіпкер Мүсепов пен Адамбаевқа келісілген ақшаны аудан орталығынан әкім кеткен күннің ертеңінде берген.

Айтпақшы, істегі сот материалдары бойынша, облыстан келген «мәртебелі қонақтарды» күту үшін 700 мың теңгедей ақша кеткен екен. 

P.S.Мақала сайтымызға шыққанан кейін Атырау облысы әкімдігінің ресми өкілі Серікжан ЕРМЕНТАЕВ Facebook-ғы жеке парақшасына Мақат ауданында өңір басшысы Нұрлан НОҒАЕВТЫ күтіп алуға ақша жиналыпты-мыс деген ақпаратқа пікір білдіріпті. Ведомство өкілі бұл «қаңқу» сөз. Бұндай іс сапарларға бюджеттен арнайы ақша бөлінетінін атап өтті. Сондай-ақ «аудандық әкімдікке ешқандай да тапсырма берілмейді»,- делінген жазбада. 

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
13 лет на линии: ночной автобус № 3 остаётся надёжной альтернативой такси в Алматы
- Отдуши, оставили. 3 маршурут ,ведь этот маршурут многим экономит денги для тех кто ночию работают особенно молодеж ,ведь они. Рабоьают с фери обслужвание до последнего клиннта всякие бары кафе рестораны и другие всякие работы.
ЕНПФ объяснил, как работа в странах ЕАЭС учитывается при назначении пенсии
- Почему промолчали про учет стажа работы между государствами ЕАЭС до 1 января 1998 года, в договоре про это тоже написано. Или боитесь огласки, что в РК этот пункт договора игнорируют? А ну да, вы же пишите по материалам пенсионного фонда, а там этот пункт договора военная тайна... :)
В Алматы начат снос незаконного рынка Жетысу-Семиречье
- Такой хороший рынок,не надо ездить далеко на барахолку, можно все, практически все найти на этом рынке - вещи, продукты, стройматериалы, бытовую технику и т.д. Жаль если он тоже уйдет под снос.
Хроники Верного. "Секретные материалы" из старой папки
- Да, эта папка имеет огромную ценность. Я потомок из этой семьи, очень много конечно утеряно в советское время информации. Папа говорит что старики наши шепотом о тех временах говорили. Ушли те кто мог бы поведать всю историю семьи, а в воспоминаниях папы только фрагменты тихих разговоров. Хотелось бы посетить архив в Алматы и соединить не достающие фрагменты. Спасибо за то что с таким теплом поведали нам историю семьи Шахворостовых. Вера
Скотч, камча и стигма: как страх перед психиатрией едва не стоил жизни молодой матери
- Все верно. Самое тяжелое это предательство мужа в такой ситуации. Задумываешься - стоит ли жить с человеком, на которого нельзя положиться.