Қаз   Рус

Тегін кеткен жер телімдері

84 қаралды
0
Ратель
Пятница, 24 Ноя 2017, 13:30

Теміртау әкімшілігі «Арселор Миттал Теміртау» компаниясына жер учаскісін қаншаға сатқанын айтпай отыр

Читайте также
Землю – индусам!

Өткен аптада Ratel.kz сайты Теміртау қаласы әкімі Ғалым ӘШІМОВКЕ бірнеше қарапайым сауалдан тұратын журналистік сұрау жолдаған еді. Нақтырақ айтқанда  жеке меншік «Арселор Миттал Теміртау» АҚ сатылған жер телімін анықтамақ ниетте еді. Жергілікті билік өкілімен сауда-саттық жасасқан компанияның құрылтайшысы Голландия да  Eemhavenweg, 70, 3089KH, Rotterdam мекен жайы бойынша тіркелген шетелдік «Арселор Миттал Холдингс Б.В.» мекемесі.

Естеріңізге сала кетейік, Қарағанды облыстық мамандандырылған ауданаралық сотында кәсіпкер Юлия КОРОЛЕВСКАЯНЫҢ талап арызы қаралып жатыр. Кәсіпкер соттан «Арселор Миттал Теміртау» АҚ жасасқан келісім шартты орындатуды сұраған. 2015 жылы компания кәсіпкерге бос тұрған жылыжай кешенін сатуға келісім беріп, 1,5 миллион теңгеге бағалаған. Жылыжай тұрған жер телімі кәсіпкер атына рәсімделгенде екі жақты келісім шарт толыққанды жасалып біту керек болған. Алайда,  «Арселор Миттал Теміртау» АҚ жердің сатуға құжаты дайын емес деп уақытты екі жылға созған. Сот процессі кезінде металлургиялық компанияның ол жер теліміне 2016 жылы 21 мамырда иелік еткені анықталған. Бұған судья Қарағанды облыстық әділет басқармасынан сұратқан ресми құжат дәлел бопты.  

Ең қызығы, 21 мамыр күні Қазақстан бойынша Конституция мен жер кодексіндегі өзгерістерге қатысты митингілер болып жатқан еді.

Қазақ жері шетелдіктерге қаншадан сатылғанын білу үшін Әшімов мырзаға бар-жоғы бес сауал жолдаған едік.

  1. Теміртау қаласында жалпы көлемі қанша ма жер телімі  «Арселор Миттал Теміртау» меншігіне өтті?
  2. Теміртау қаласындағы жер телімі компанияға қаншаға сатылды?
  3. Жер телімі не себепті жеке меншікке сатылды?
  4. Жер телімін сатудан Теміртау бюджетіне қаражат түсті ме?
  5. «Арселор Миттал Теміртау» АҚ сатылған жер телімдерінен Теміртау бюджетіне түскен жалпы сомма қанша?

 

Бастапқы үш сұраққа жауап қысқа ғана берілді. 20 пунктке (жариялауға шектеу қойылады) сәйкес  Қазақстан Республикасы мен «Испат Кармет» АҚ арасында 1995 жылы 17 қарашада жасалған келісім шарт құпия мәлімет болып есептеледі.

Бұл жерде түсінбестік тудырып отырған мәселе мынада. Жылыжай кешені орналасқан жер телімі 2016 жылы жеке меншікке сатылады («Арселор Миттал Теміртауға»). Ал 1995 жылы жалға берілген. Сондықтан да қалайша 1995 жылғы келісім шарттың пунктінің 2016 жылғы жер телімінің сатылымына қатысы бар. Бұдан шығатын қортынды түсінікті. Қазақстан азаматтарына туған жердің бір түйір топырағы шетелдіктерге қаншаға сатылатынын да білуге болмайды.

Әйтеуір бастысы  «Арселор Миттал Теміртау» АҚ-ның жерді тегін алмағаны қуантады. 2015 жылдың 1 қаңтарынан 2017 жылдың 17 қарашасына дейін Теміртау қаласының бюджетіне алпауыт компаниядан 450 миллионнан аса қаражат түскен. Барлық сомма осы ма, әлде, тағы да түскен түспегені құпия.

Оқи отырыңыз
Мораторий жарияланса да жер сатылып жатыр

Қолда бар  мәліметтерге  қарап отырып шамамен шетелдік инвестордың жерімізді қаншаға сатып алғанын болжауға болады.

1995 жылы Лакшми Миттал Қарағанды металлургиялық комбинатты сатып алған кезде, шетелдік инвестор 5000 мың гектар аумағында жатқан Орталық Азиядағы ірі кәсіп орынға ие болғанды айтылған еді.

 Ары қарай – қарапайым арифметикаға сүйенуге болады.  5000 гектар 50 миллион шаршы метрі. 450863381 теңгені 50 миллион шаршы метірге бөлеміз. Сонда бір шаршы метріге 9 теңге 1 тиынан келеді.

Бұл арзан ба, әлде, қымбат па? Жер учаскісінің нарықтағы бағасын білу үшін хабарландыруларды қарап шықтық. Теміртаудың іргесіндегі жердің бір шаршы метрі 300 теңгеге бағаланады екен.  

Фото: Азаттық радиосы.

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
В Алматы начат снос незаконного рынка Жетысу-Семиречье
- Такой хороший рынок,не надо ездить далеко на барахолку, можно все, практически все найти на этом рынке - вещи, продукты, стройматериалы, бытовую технику и т.д. Жаль если он тоже уйдет под снос.
Хроники Верного. "Секретные материалы" из старой папки
- Да, эта папка имеет огромную ценность. Я потомок из этой семьи, очень много конечно утеряно в советское время информации. Папа говорит что старики наши шепотом о тех временах говорили. Ушли те кто мог бы поведать всю историю семьи, а в воспоминаниях папы только фрагменты тихих разговоров. Хотелось бы посетить архив в Алматы и соединить не достающие фрагменты. Спасибо за то что с таким теплом поведали нам историю семьи Шахворостовых. Вера
Скотч, камча и стигма: как страх перед психиатрией едва не стоил жизни молодой матери
- Все верно. Самое тяжелое это предательство мужа в такой ситуации. Задумываешься - стоит ли жить с человеком, на которого нельзя положиться.
От службы в уголовном розыске к общественной работе и званию академика
- В одной статье, какой бы она ни была, невозможно описать и передать всю жизнь человека, глубину его души, все его дела и человеческие качества, проявленные во имя служения народу и общественной деятельности.
От службы в уголовном розыске к общественной работе и званию академика
- Александр Петрович, для меня большая честь и настоящая ценность знать Вас лично и называть своим другом. За всеми Вашими званиями и наградами прежде всего стоит человек, на которого всегда можно положиться. Искренне благодарен судьбе за нашу дружбу, Вашу поддержку, доброе отношение и человеческое тепло. Крепкого Вам здоровья и долгих лет жизни. Горжусь нашей дружбой!
Страховых выплат после ДТП не будет? Что предлагают страховщики
- Добрый день. Страховые компании пытаются ограничить возможности автовладельцев. И получить больший доход. Прикрываясь защитой от "помогаек". Через какое-то время, если примут изменения законодательно, автовладельцы столкнутся с низким качеством кузовного ремонта и будут вынуждены уже судиться с кузовными и малярными мастерами. А это потеря времени и денег.
На Каспии начались военные учения Хазар қорғаны-2026
- Как профессиональный процессник не могу пройти мимо. Люди, Процессы, Технологии - фундамент любой организации - и задача руководства обеспечить слаженность взаимодействия этих трех составляющих. Не понимание этих фундаменталых основ - к сожалению бич нашего времени. Копни в любое министерство или частную компанию - везде одно и то же - нет должного внимания к этим фундаментальным блокам - как результат трагедии, финансовые потери и невозможность быть конкуретноспособным)). Алга Казахстан!)