Қаз   Рус

Ақмолалық жігіт «Арсенал» мен «Барселона» үшін сотталады

261 қаралды
0
Ерболат АСЫЛБЕКОВ
Четверг, 18 Янв 2018, 12:00

Көкшетауда америкалық блокбастер желісі бойынша сауда орталығы тоналды

Көкшетауда «Строймарт» сауда орталығын сонда жұмыс жасайтын әкімгер тонаған. 25 жастағы ойынқұмар күдікті ұтыс тігу үшін дүкеннің сейфінен 2 млн-ға жуық қаражатты ұрлап алған. Алайда, құмар ойынан пайдаға қарық боламын деген жігіт ұтылып қалған.  

Оқи отырыңыз
Березняковка халқы қар ерітіп ішіп отыр

Сауда орталығын тонау операциясы шетелдік кинолардың сценарийіндей өрбіген. Қаңтарды 15 күні сағат кешкі 18-30 шамасында беттеріне маска киген екі жігіт дүкенге бас көктеп кіріп, әкімгерге күш көрсетеді. Сосын сейфтегі қомақты қаражатты алып тайып тұрған. 25 жастағы әкімгер көп ойланбастан полицияға хабар береді. Тонау операциясының ұйымдастырушысы полиция күдігіне ілінбес үшін сыбайластарына өзін жаралауға да рұқсат берген. Алдын ала келісілген жоспар бойынша олар әкімгерге бірнеше рет пышақ сұғып алған. Алайда, қанша тырысқанымен айлалары жүзеге аспаған.

Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде полицейлер шынайы шабуылдың болмағанын анықтады. Ал, қылмысты әкімгердің өзі алдын ала жоспар бойынша, таныстарымен келісіп, ұйымдастырған. Тәртіп сақшылары алғашқыда «Шабуыл» бабы бойынша тергеу амалдарын бастаған. Енді, оны «жалған шағым» және «тапсырылған өзгенің мүлкін иелену немесе ысырап ету» баптарына ауыстыру сұрағы қарастырылып жатыр. Яғни, күдікті екі бап бойынша жауапқа тартылатын болады, - дейді Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәр ПИНЧУК.  

Негізі күдікті о баста өз жұмыс орнын тонату операциясын мүлдем жоспарламаған. Ол рұқсатсыз 2 млн жуық ақшаны  иемденіп букмекерлік кеңседе ұтылып қалады.Қомақты ақшаны қайтара алмайтынын түсінген ол осылайша ақшаның ұрланып кеткенін сахналайды. Амал нешік, «режиссердың» спектаклі полицияны сендірмеді.

- Бірінші "Арсеналға" 1 млн қойып, ұтылып қалдым.Одан кейін ПСЖ мен "Барсаға" 700 мың теңге қойып, 1 млн 200 мың ұттым. Сосын 1 млн 500 мың тенниске қойдым. Тағы да ұтылып, ақшамнан айырылып қалдым,- дейді тергеу абақтысында жасаған ісіне өкініп отырған күдікті.

Құрылыс заттары сатылатын сауда орталығында күдікті небәрі бір жылдай ғана жұмыс істеген. Енді бірнеше жылға сотталуы мүмкін. Екі сыбайласының кім екендері анықталып, оларды іздестіру жұмыстары басталып кетті.

Фото: Тengrіnews.kz.

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
Любое учреждение, где есть дети, смогут проверить без предупреждения в Алматы
- Благодарим Жанат, очень своевременная программа. Желаем вам и вашей команде успехов. Мне хотелось бы поучаствовать, быть полезной в вашей работе.
Как в Казахстане можно пятнадцать лет не исполнять решение суда
- Не удивительно,у меня есть решение суда с 2008 и не исполнено по сей день,на сумму 3000млн.тенге,хотя исполнительный находится у ЧСИ,вроде как решение суда не имеет ни какой силы,должникам закон не писан!
Ушел из жизни Юрий Мизинов
- Очень жаль, что в Казахстане очень мало таких журналистов каким был Юрий Мизинов.
Когда правительство возьмётся за яйца
- Просто шедевральная статья. Особенно в точности описывает функции партий, которые описаны в данной статье. Изречения которые должны быть прочитаны и приняты во внимание. Самое главное чтобы данный ежедневник был прочитан и принят во внимание. (Про выражение где фигурирует Троцкий просто ШЕДЕВРАЛЬНО и в точку)...
Отчего после публикаций Ratel.kz нервничают в ТОО "AB Energo"
- Сергей, ОГРОМНОЕ Вам спасибо за новое расследование. Всегда держите в напряжение. Ожидаем продолжение... (Интересно, что скажет ещё на это и ГУ "Аппарат акима Абайского района Карагандинской области)
Премьер Смаилов как аманат Назарбаева
- Спасибо большое , здоровье и удачи Вам и Вашим близким, то что Вы творите лучше всех государственных программ по воспитанию . Готовая программа к действию для улучшения жизни населения. Огромное удовольствие что у нас имеется такие журналисты и такой коллектив.