Қаз   Рус

Нью-Йорктің ең үздік полицейі Шымкентке келді

110 қаралды
0
Ратель
Среда, 17 Янв 2018, 09:00

Димаш Ниязбеков туған жері Қазығұртта болды

Нью-Йорк қаласының ең үздік полицейі Димаш НИЯЗБЕКОВ туған жері Оңтүстік Қазақстан облысында болып, Қазығұрт ауданының жұртшылығымен кездесті.   Өзге елде жүрсе де қазақи қасиетінен айырылмаған тәртіп сақшысына аудан тұрғындары ерекше  құрмет көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат  тілшісі.

Аудандық мәдениет үйінде өткен кездесуде спортшы полицей жастардың сұрағына жауап берді. Өзі туралы баяндап кетті. Димаштың сөзінше, ол Шымкент қаласында дүниеге келгенімен, әкесі Исматтың туып өскен жері - Қазығұрт ауданының  Атбұлақ ауылы.  13 жасында ата-анасы отбасымен мұхит асып, шетелде өмір сүруге шешім қабылдайды. Америкадағы алғашқы жылдар жерлесімізге оңай соқпаған. Дегенмен, өмірге деген құштарлық, жеңіске ұмтылудың арқасында 2 жылдың ішінде ағылшын тілін толық меңгерді. Кейін полиция академиясына түсіп, тәртіп сақшысы атанды.

Қысқа уақыт ішінде үлгілі жұмысының арқасында алдыңғы қатарлы полицей атанып үлгерді. Былтыр есірткі сататын қылмыстық топтың серкесін құрықтап, Нью-Йорк қаласының 2017 жылғы үздік полицейі атанды. Димаш Ниязов Лос-Анджелесте  Нұрлан ҚОЯНБАЕВТЫҢ ұсынысымен «Бизнес по-Казаxски в Америке» киносының түсіріліміне де  қатысқан.  Сонымен қатар, ол кәсіпқой бокспен айналысады. Бүгінге дейін  13 кездесу өткізіп, барлығында жеңімпаз болған. Кездесу барысында полицей жас боксшыларға шеберлікті шыңдау сабағын да өтті.

"Кездесу маған  өте қызықты жағымды әсер қалдырды. Әсіресе жастардың спортқа құштарлығы мені қуантты. Көбісі ағылшын тілін біледі екен. Бұл өте құптарлық жағдай. Себебі әлемдік қарым қатынас тілі болғандықтан осы тілді білген жақсы. Қазығұрт ауылы кішкентай болғанымен мұнда болашақта елдің атын шығарып намысын қолдайтын талантты жастар көп екен. Олар өз мақсатына жететініне сенімдімін. Америкада қазақтар көп, дегенмен мұндағыдай бірін бірі жақсы қолдай бермейді»,- дейді АҚШ полицейі.

Мұхиттың арғы жағынан ата мекенін аңсап келген Димаш Ниязовқа  қазығұрттықтар қамшы ұстатты. Туған жердің сазы есінен шықпасын деп домбыра сыйлады. Абыз ақсақал Иса Телікбаев ақ батасын берді.

Фото: inform.kz.

 

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
Любое учреждение, где есть дети, смогут проверить без предупреждения в Алматы
- Благодарим Жанат, очень своевременная программа. Желаем вам и вашей команде успехов. Мне хотелось бы поучаствовать, быть полезной в вашей работе.
Как в Казахстане можно пятнадцать лет не исполнять решение суда
- Не удивительно,у меня есть решение суда с 2008 и не исполнено по сей день,на сумму 3000млн.тенге,хотя исполнительный находится у ЧСИ,вроде как решение суда не имеет ни какой силы,должникам закон не писан!
Ушел из жизни Юрий Мизинов
- Очень жаль, что в Казахстане очень мало таких журналистов каким был Юрий Мизинов.
Когда правительство возьмётся за яйца
- Просто шедевральная статья. Особенно в точности описывает функции партий, которые описаны в данной статье. Изречения которые должны быть прочитаны и приняты во внимание. Самое главное чтобы данный ежедневник был прочитан и принят во внимание. (Про выражение где фигурирует Троцкий просто ШЕДЕВРАЛЬНО и в точку)...
Отчего после публикаций Ratel.kz нервничают в ТОО "AB Energo"
- Сергей, ОГРОМНОЕ Вам спасибо за новое расследование. Всегда держите в напряжение. Ожидаем продолжение... (Интересно, что скажет ещё на это и ГУ "Аппарат акима Абайского района Карагандинской области)
Премьер Смаилов как аманат Назарбаева
- Спасибо большое , здоровье и удачи Вам и Вашим близким, то что Вы творите лучше всех государственных программ по воспитанию . Готовая программа к действию для улучшения жизни населения. Огромное удовольствие что у нас имеется такие журналисты и такой коллектив.