Қаз   Рус

АҚШ-тағы Қаңбақшал

892 қаралды
0
Ермек ТУРСУНОВ
Суббота, 24 Фев 2018, 11:00

Етті асап жеуді біліп,танымал ақсақалдардың алдында жорғалауың керек

Шетелге аттанып бара жатқанда кейінге қарайламап едім.Қайтып ораламын деген ой мүлдем болған жоқ.

Екі ай өтпей жатып таныстарымнан елде жүргенде қызығы қоймаған «Тамашаның» бейнетаспасын жолдауды өтіндім. Ал, алты айдан кейін Құрманғазы оркестірі мен Қайрат БАЙБОСЫНОВТЫҢ жазбаларын алдырттым. Одан кейін жүрегім аттай тулап, қара домбыраны аңсап, сұрадым. Мен домбыра тартуды сонау қиырда, мұхиттың арғы бетіндегі Америкада жүріп үйрендім.

Сенсеңіз де, сенбесеңіз де шыным осы. Әрине, Қаршыға немесе Айгүл ҮЛКЕНБАЕВА сынды үлкен өнерпаз болып кетпесем де «Алатау» мен «Кішкентайды» нақышына келтіріп орындай аламын. Оңай дүниелер еместігін ішіңіз сезіп отырған шығар.     Қайтып оралдым. Қандай көрініске тап болдым? Қазақ қоғамы ереже, мораль, талғам мен рухани құндылықтар туралы өзіндік қана ұстанымы бар жабық Ұйым  қалпынан ешбір өзгермепті. Ол ұйымға кіру үшін толыққанды қазақ болуың керексің. Ол үшін не керек? Ең бірінші  – тіл. Мұнымен толық келісемін.

Өмір толқындары қақпақыл сап ойнаса да ана тілімді ұмыта қойған жоқпын. Кезінде Жазушылар Одағында жұмыс істеп  Мағжан, Шәкәрім, Жүсіпбек, Ахметтерді аударғаным бар. Сайын МҰРАТБЕКОВ, Қалдарбек НАЙМАНБАЕВ, Сейдахмет БЕРДІҚҰЛОВ, Баққожа МҰҚАЙ.... тірілерден Мұхтар ШАХАНОВ, Әкім ТАРАЗИ, Ұлықбек ЕСДӘУЛЕТ, Жүрсін ЕРМАНДАРДЫ тәржімаладым.Мүмкін кейбірін атамаған шығармын. Бәрін есте ұстау мүмкін емес қой. Ол кезде марқұм Ақселеу СЕЙДІМБЕКПЕН бір кабинетте отырушы едік. Жиі пікірталасқа түсетінбіз....  

Тағы не? Шамасы етті асап-асап жей білу керек шығарсың.Одан соң танымал ақсақалдардың алдында жорғалап жүріп, мүшелік жарнаңды төлеу керек пе? Құрметті,толыққанды қазақтар,менің сіздерге қояр бір сауалым бар.Өз елімізде, шетелде өмір сүріп жатқан жартыкеш болса да қазаққа қатыстының бәрін ессіз сүйетін бейбақтарды қайтпексіздер? Жалған құндылықтардың соңынан жүгіріп жүргенде ұтарларыңыз көп пе? Айғайларыңнан әсіреұлтшылдықтың ұранын ғана естимін. Сөз сойылдарыңыз ең әуелі өз қандастарыңызға тиеді.Ондайларды мен «қазақ тілді шала қазақтар» деймін.Штаттардағы өмірімнің алғашқы кезеңінде ағылшынша нан сұрай алмайтын едім.Мейрамханада, дүкенде тілімді бұрап тұрған мені байқаған кез келген американдық «Ағылшыншаға судай екенсің.Қайдан үйрендің?» деп арқамнан қағып, марқайтып кететін.

Бізде ондай жоқ. Керісінше.Судырай жөнелмегенді суқанымыз сүймей, алара қараймыз.Жек көріп, орайы келсе түртпектеуге құмармыз. Кекесіннен көз аштырмаймыз.Туа біткен қасиеттеріміздің бірі  – төзімсіздік. Ызақорлық. Және... өзімізді өзгелерден кем санау. Бұның бәрі өз қадірімді арттырсам деген тыраш тірліктің «жемісі». Біз аз халықпыз. Бар қазақты жинасақ Гуанчжоудың бір көшесіне сыйып кетеді.Таң қалудың қажеті де жоқ. Барлық ергежейлілер өзін тым жақсы көреді. Тапал бойлылар өкшесі биік аяқ киімге құмар келеді. Ұлттық мақтаныш пен ұлттық кемшіліктің арасын ажыратар уақыт келгенін түсініңіздер.  Енді маған «балаңды Оксфордта оқыт» деген ұсыныстан  бас тартатын біреуді көрсетіңіздерші. Кім: «Жоқ! Менің ұлым патриот, ҚАЗҰУ да оқуға тиіс» деп кеудесін кере алады.  Бірақ, Оксфордтан бас тартушылар табыла қалса жалған абырой үшін жанын салатын  екіжүзді, ақымақ адам деп қабылдау керек. Мәселе баланың сол Оксфордта оқып жүріп түбін ұмытпауында. Білім алған соң қанына тартып, қайтып ораларлық қасиет сіңіре білуімізде.Өзім түбімді, тегімді ұмытқан жоқпын. Ұмыту мүмкін емес те еді. Және бұған менің еш қатысым да жоқ. Бар жоғы кішкентай кезімде марқұм анам Алпамыс батыр, Қаңбақшал, Жалмауыз кемпір, Баба Түкті шашты Әзіз туралы аңыз-ертегілерді құлағыма құйып үлгеріпті.Осы ертегілерді кім шығарды екен? –  деген қызығушылық оянған бойымда.Енді «сол ертегілерді әлем білсе» – деп армандаймын.Сонда ғана олар бізді құрметтеп, теңіндей қарайды. Аллаға шүкір, бұл сезімнің алғашқы ұшқынын бастан өткердік.Кезекті көрсетілімнен кейін американдықтардың, француз, немістердің «Мынаны кім шығарған?» деп қауқылдай сұрасып жатқанының куәсі болдым.Осы мезетте қазақтың қара домалағы, мен, сахнаға шығып оларға өзіміз туралы баяндадым. Өз тілдерінде. Әр кезде әлқиссамды: «Мен қазақпын! Ал, мынау менің аңызым!» деп бастадым.

Фото: Massaget.kz.

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
В Алматы начат снос незаконного рынка Жетысу-Семиречье
- Такой хороший рынок,не надо ездить далеко на барахолку, можно все, практически все найти на этом рынке - вещи, продукты, стройматериалы, бытовую технику и т.д. Жаль если он тоже уйдет под снос.
Хроники Верного. "Секретные материалы" из старой папки
- Да, эта папка имеет огромную ценность. Я потомок из этой семьи, очень много конечно утеряно в советское время информации. Папа говорит что старики наши шепотом о тех временах говорили. Ушли те кто мог бы поведать всю историю семьи, а в воспоминаниях папы только фрагменты тихих разговоров. Хотелось бы посетить архив в Алматы и соединить не достающие фрагменты. Спасибо за то что с таким теплом поведали нам историю семьи Шахворостовых. Вера
Скотч, камча и стигма: как страх перед психиатрией едва не стоил жизни молодой матери
- Все верно. Самое тяжелое это предательство мужа в такой ситуации. Задумываешься - стоит ли жить с человеком, на которого нельзя положиться.
От службы в уголовном розыске к общественной работе и званию академика
- В одной статье, какой бы она ни была, невозможно описать и передать всю жизнь человека, глубину его души, все его дела и человеческие качества, проявленные во имя служения народу и общественной деятельности.
От службы в уголовном розыске к общественной работе и званию академика
- Александр Петрович, для меня большая честь и настоящая ценность знать Вас лично и называть своим другом. За всеми Вашими званиями и наградами прежде всего стоит человек, на которого всегда можно положиться. Искренне благодарен судьбе за нашу дружбу, Вашу поддержку, доброе отношение и человеческое тепло. Крепкого Вам здоровья и долгих лет жизни. Горжусь нашей дружбой!
Страховых выплат после ДТП не будет? Что предлагают страховщики
- Добрый день. Страховые компании пытаются ограничить возможности автовладельцев. И получить больший доход. Прикрываясь защитой от "помогаек". Через какое-то время, если примут изменения законодательно, автовладельцы столкнутся с низким качеством кузовного ремонта и будут вынуждены уже судиться с кузовными и малярными мастерами. А это потеря времени и денег.
На Каспии начались военные учения Хазар қорғаны-2026
- Как профессиональный процессник не могу пройти мимо. Люди, Процессы, Технологии - фундамент любой организации - и задача руководства обеспечить слаженность взаимодействия этих трех составляющих. Не понимание этих фундаменталых основ - к сожалению бич нашего времени. Копни в любое министерство или частную компанию - везде одно и то же - нет должного внимания к этим фундаментальным блокам - как результат трагедии, финансовые потери и невозможность быть конкуретноспособным)). Алга Казахстан!)