Қаз   Рус

Аслан Мусин ұлының өліміне қатысты мәлімдеме жасады

1418 қаралды
0
Ратель
Воскресенье, 04 Фев 2018, 10:00

Асылбек Мусиннің қайтыс болғанына қырық күннен асты

Президент Әкімшілігінің бұрыңғы жетекшісі Аслан МУСИННІҢ үлкен ұлы Асылбек МУСИННІҢ өмірбаяны мен ұстанымдары туралы фильм бірер күн бұрын желіде пайда болды.

Фильмді Асылбектің қырқына орай марқұмды еске алу ретінде оның достары мен туыстары ұсынып отыр. Оның кіріспесінде әкесі ұлының өліміне қатысты мәлімдеме жасады.

Оқи отырыңыз
Аслан Мусинның ұлы қайтыс болды

Мемлекет қайраткері Аслан Мусин сүйікті үлкен ұлының мезгілсіз қазаға ұшыраған тұсында қайғысына ортақтасып, моралдық қолдау білдірген барша жұртқа алғыс айтты. Оның айтуынша, Асылбек Мусин дүниені танып-білуге талпынып, адам болмысы мен адамзат танымы жөніндегі философиялық ойға ауқымды үлес қосып, өзінің артында мол мұра қалдырды.

«Голландияда Асылбек Мусиннің басшылығымен адамзат тарихында жинақталған гуманитарлық, философиялық, ғылыми ойлар 114 томға топтастырылды, оны зерттейтін және жүйелейтін «Монотеизм институты» құрылды. «Монотеизм институтына» біріккен әлем ғалымдары Құран, Інжіл, Таурат және тағы басқа да киелі кітаптарды оқып түсінетін әмбебап сөздік жасауды жалғастырып жатыр.

Асылбек Мусин және онымен пікірлес достары дүниені танып-білудің рационал монотеизм философиясының методологиясына негізделген жүздеген сағаттық сапалы аудио-видео материалдарын дайындап кетті», дейді ол өз сөзінде.

Асылбек Мусин 1979 жылы туған. Экономика саласы бойынша жоғарғы білім алған ол жастайынан дін мәселесін жан-жақты зерттеген философ ғалым. Оның есімі Қазақтанда «Ізгі амал» пікірлестер клубымен, былайғы жұрт «құраншылар» деп атайтын ислами ағыммен тығыз байланысты. Асылбек Мусин осы ағымның көшбасшы идеологы саналған.

Асылбек Мусиннің әкесі – Аслан Мусин, экономист, белгілі саяси қайраткер. Қазір зейнеткер. 2008-2012 жыл аралығында Президент әкімшілігін басқарды. Сол жылдары ұлының діни уағыздары кеңнен тарала бастады. Кейбір ақпарат көздері Аслан Мусинның жылы орнынан кетуін 2011 жылғы Жаңаөзен қанды оқиғасымен байланыстырды. 2012 жылы Есеп комитетінің басшылығына ауысса, 2014 жылы Хорватияға президенттің шешімімен елші болып кетті. Ол осы жылдың қаңтар айында зейнетке шыққан болатын.

Еске салайық, Аслан Мусиннің ұлы белгісіз жағдайда Латвия астанасы Ригада дүние салғаны туралы 27 желтоқсанда белгілі болды.

Саясаттанушы Талғат Қалиев Telegram-дағы каналында таратқан ақпарат бойынша, Асылбек Мусин 24 желтоқсанға қараған түні 15-қабатта орналасқан пәтерінің терезесінен құлап, алған жарақатынан қайтыс болған.

Қазақстан сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, Асылбек Мусиннің өліміне қатысты тергеу жүргізіліп жатыр.

Фото: Kapital.kz, m-astana.kz.

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
В Алматы начат снос незаконного рынка Жетысу-Семиречье
- Такой хороший рынок,не надо ездить далеко на барахолку, можно все, практически все найти на этом рынке - вещи, продукты, стройматериалы, бытовую технику и т.д. Жаль если он тоже уйдет под снос.
Хроники Верного. "Секретные материалы" из старой папки
- Да, эта папка имеет огромную ценность. Я потомок из этой семьи, очень много конечно утеряно в советское время информации. Папа говорит что старики наши шепотом о тех временах говорили. Ушли те кто мог бы поведать всю историю семьи, а в воспоминаниях папы только фрагменты тихих разговоров. Хотелось бы посетить архив в Алматы и соединить не достающие фрагменты. Спасибо за то что с таким теплом поведали нам историю семьи Шахворостовых. Вера
Скотч, камча и стигма: как страх перед психиатрией едва не стоил жизни молодой матери
- Все верно. Самое тяжелое это предательство мужа в такой ситуации. Задумываешься - стоит ли жить с человеком, на которого нельзя положиться.
От службы в уголовном розыске к общественной работе и званию академика
- В одной статье, какой бы она ни была, невозможно описать и передать всю жизнь человека, глубину его души, все его дела и человеческие качества, проявленные во имя служения народу и общественной деятельности.
От службы в уголовном розыске к общественной работе и званию академика
- Александр Петрович, для меня большая честь и настоящая ценность знать Вас лично и называть своим другом. За всеми Вашими званиями и наградами прежде всего стоит человек, на которого всегда можно положиться. Искренне благодарен судьбе за нашу дружбу, Вашу поддержку, доброе отношение и человеческое тепло. Крепкого Вам здоровья и долгих лет жизни. Горжусь нашей дружбой!
Страховых выплат после ДТП не будет? Что предлагают страховщики
- Добрый день. Страховые компании пытаются ограничить возможности автовладельцев. И получить больший доход. Прикрываясь защитой от "помогаек". Через какое-то время, если примут изменения законодательно, автовладельцы столкнутся с низким качеством кузовного ремонта и будут вынуждены уже судиться с кузовными и малярными мастерами. А это потеря времени и денег.
На Каспии начались военные учения Хазар қорғаны-2026
- Как профессиональный процессник не могу пройти мимо. Люди, Процессы, Технологии - фундамент любой организации - и задача руководства обеспечить слаженность взаимодействия этих трех составляющих. Не понимание этих фундаменталых основ - к сожалению бич нашего времени. Копни в любое министерство или частную компанию - везде одно и то же - нет должного внимания к этим фундаментальным блокам - как результат трагедии, финансовые потери и невозможность быть конкуретноспособным)). Алга Казахстан!)