Қаз   Рус

Астаналықтардың «арманы»

191 қаралды
0
Қанат ТІЛЕУХАН
Суббота, 02 Дек 2017, 14:00

Елорда тұрғындарын жабық бульвар жобасын қаржыландыруға шақырды

Астанада салынатын жабық бульвар инвестициялық жоба болмақ. 7-8 мыңдық автотұрақ салынатын көп функциялы кешенге бюджеттен бір тиында бөлінбейді екен. Бұл туралы «Astana» ӘКК ҰҚ АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Бауыржан КАНКИН Астана радиосына берген сұхбатында мәлімдеді.

Оқи отырыңыз
«Нұр Отанға» КВНщик неге мүше болғысы келмеді

Алайда, Б. Канкин мырза бұл жобаға елордалықтарды ат салысуға шақырды. Канкин мырзаның пікірінше, әрбір астаналық өз ақшасына бір дүниені тұрғызғысы келетін арманы бар. «Жасыл-желекті жабық бульвар жобасы» арқылы сол армандарды орындауға болады екен.

Көпшіліктің арманын білетін Бауыржан Канкин мырза: «Барлығы түсінуі керек. Бұл қызық жоба. Түрлі бизнестер шоғырланады. Дәл осы орын Астанамыздың тарихы. Коммерциялық тұрғыдан қарағанда мәселе жоқ. Бұл өте қызықты ұсыныс! Бәлкім, әрбір астаналықтың өз қаражатына бір нәрсе салғысы келетін арманы бар шығар. Бірақ та адамдар бұл жобаны 100 пайыз инвестірлер қаржыландыратынына күдік келтірмеулері керек», - деді.

Өз басым Б. Канкинның сөзін ағайын асарлатайық деп түсіндім. Әрине, ол кісі ойын мәдениетті һәм астарлы жеткізді. Жалпы, соңғы кезде халықтың қалтасындағы ақшаға көз салу жастардың тілімен айтқанда трендке айналып кеткендей. Өткен аптада ғана бір облыстың білдей әкімі халықтың депозиттегі ақшасы арқылы тұрғын үй жобасын аяқтайық дегені бар. Қош, жабық бульварға қайта оралайық. Канкин мырзаның тағы да сөзіне сүйенуге тура келеді. Бұл ғаламат жоба іске асса Астана тұрғындары арқаның суығында тон кимей-ақ қала көшесін аралауға болады екен.

Оқи отырыңыз
«Дачалық» ұлт

«Жоба коммерциялық. 7-8 мыңдық автотұрақты жоспарлап отырмыз. «Изумрудный» бизнес-орталығынан шығып, қыстың күні тек костюммен Ақорда немесе Хан Шатырға дейін серуендей алатын боламыз» - деген енді Бауыржан Канкин.

Арқаның аязы қыстың күні әбігерге салатыны даусыз. Бас шаһарды жылытудың өзіне аз қаражат кетпейді. Боранның кесірінен мектептер тоқтап қалып, оқушылардың үйден шыға алмай қалатынын бәріне мәлім. Астананың алай-дүлей боранында тек костюммен жүруге жағдай жасаса керемет қой! Тек, шынында да 100 пайыз инвестициялық жоба болуын тілейсің. Айтпақшы,басты құрлыста сәттілік жолдас болса игі.

2015 жылы құны 10 миллиондық жылы аялдамалар орнатылды. -30 градус суыққа арналған аялдамалар арқаның қысы келмей жатып сыр берді емес пе. Есіктері жабылмай қалды, аялдама іші жылымады. Әрине, әрбір Қазақстан азаматы астанасының көркейуіне, әсемдене түсуіне мүдделі. Бірақ дайын аялдаманы орната алмай қиналғанда мынандай ғаламат жобаны жасауға дайынбыз ба деген сауал алдыңнан шығады екен.

Оқи отырыңыз
«Боратшылдарға» рақмет айту керек

Бұл жобаның басында тұрғандар Канаданың Торонто қаласындағыда жабық көшелері сынды бізде де аяздан жауратпайтын бульвар болса дейді. Дамыған елдердегі игілікке деген ұмтылыс, әрине, қуантады. Алайда, ел арманы мен ел басқарушылардың арманы ортақ болса дейсің.

2013 жылы Астана тағы бір «арманға» қол соғып көрген еді. Қыста шаңғы тебу үшін, жыл он екі ай соғатын желге ықтасын болсын деп жасанды тау салу идеясы айтылған. Голландияда тау салу мәселесі талқыланып жатыр. Берлинның маңайынан тау соға бастады деп әңгімені гөй-гөйлетпедік пе. Тіпті жасанды таудың шығыны 40-50 миллион доллар болатынын да есептеп тастағанбыз. Бұл да астаналықтардың «арманы» еді. Орындалмады. Шын армандар орындалса екен!

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
13 лет на линии: ночной автобус № 3 остаётся надёжной альтернативой такси в Алматы
- Отдуши, оставили. 3 маршурут ,ведь этот маршурут многим экономит денги для тех кто ночию работают особенно молодеж ,ведь они. Рабоьают с фери обслужвание до последнего клиннта всякие бары кафе рестораны и другие всякие работы.
ЕНПФ объяснил, как работа в странах ЕАЭС учитывается при назначении пенсии
- Почему промолчали про учет стажа работы между государствами ЕАЭС до 1 января 1998 года, в договоре про это тоже написано. Или боитесь огласки, что в РК этот пункт договора игнорируют? А ну да, вы же пишите по материалам пенсионного фонда, а там этот пункт договора военная тайна... :)
В Алматы начат снос незаконного рынка Жетысу-Семиречье
- Такой хороший рынок,не надо ездить далеко на барахолку, можно все, практически все найти на этом рынке - вещи, продукты, стройматериалы, бытовую технику и т.д. Жаль если он тоже уйдет под снос.
Хроники Верного. "Секретные материалы" из старой папки
- Да, эта папка имеет огромную ценность. Я потомок из этой семьи, очень много конечно утеряно в советское время информации. Папа говорит что старики наши шепотом о тех временах говорили. Ушли те кто мог бы поведать всю историю семьи, а в воспоминаниях папы только фрагменты тихих разговоров. Хотелось бы посетить архив в Алматы и соединить не достающие фрагменты. Спасибо за то что с таким теплом поведали нам историю семьи Шахворостовых. Вера
Скотч, камча и стигма: как страх перед психиатрией едва не стоил жизни молодой матери
- Все верно. Самое тяжелое это предательство мужа в такой ситуации. Задумываешься - стоит ли жить с человеком, на которого нельзя положиться.