Қаз   Рус

Бозымбаевтың көмірі Алматы облысына жеткен жоқ

556 қаралды
0
Қанат ТІЛЕУХАН
Среда, 31 Янв 2018, 21:45

Қатты отын сататын қоймаларды полиция қызметкерлері бақылауға алған

Отыз градустан асқан аяздың беті қайтқанымен Алматы облысының халқы діртектеп отыр. Алматы іргесіндегі Талғар қаласында көмірге екі жүзден астам адам таңнан кезекке тұрды. Бүгін қаладағы қоймаға 70 тонна ғана көмір түскен. Халық бес күн бойы күткен отын аз. Алам деушілер көп. 

- Көмірді барлық жақтан іздеп жатырмыз. Көмір жоқ.Әкімдердің қалай жұмыс жасайтындарын осыдан-ақ көруге болады.Не су жоқ. Қатып қалған. Үйіміз даладай аңырап тұр. Балам ол үш күн болды мектепке барған жоқ ,- дейді талғарлық Фарида ҚАЛҚАБАЕВА. 

Көмір іздеп сабылысқан ел ішінде полиция қызметкерлері де жүр.

Отын таппай жүйкесі тозған жұрттың бір-біріне жұдырық ала жүгіру фактісі облыста тіркеліпті. Содан болар оңға жуық полиция қызметкері көмір қоймасының маңын бақылауға алған.

- Көмірге қатысты ажиотаж уақытша. Қазір ғана барлық қоймаларды аралап келдік.Көмір біздің ауданда жоқ деп айтуға болмас. Отын алушы халықтың қарасы көп. Және олар үйлеріне үш-төрт реттен түсіріп жатыр, - дейді Талғар ауданы әкімінің орынбасары Шыңғысхан МАМАНОВ.

Алматы облысының әкімі Амандық БАТТАЛОВ көмір тапшылығын алып-сатарлар қолдан жасап отыр деп мәлімдеген болатын. Бұл туралы Қазақпарат агенттігі жазған.

Өңір басшысының бұйрығымен жұмыс тобы құрылып Еңбекшіқазақ ауданы орталығы Есік қаласына облыс әкімінің орынбасары Айдарбек БАЙЖАНОВ бастаған шенділер барған-ды.Олар Есікте 120 тонна қатты отын қоры барын анықтап, Энергетика және ТҮКШ басқармасының басшысы Әсет ҚАНАҒАТОВ енді ауданға күн сайын 200 тонна көмір жеткізілетінін айтқан еді.

Rатеl.kz тілшісі бүгін Есік қаласына арнайы барды.Жергілікті шенеуніктердің айтуынша,олар кешелі бері 800 тоннан астам ғана көмір тауып бере алыпты. Қаладағы негізгі қойманың есігінде құлып. «Көмір жоқ, бүгін болмайды» деген бір жапырақ қағаз ғана тұр. (фото уголь нет)

Кеше Энергетика министрі Қанат БОЗЫМБАЕВ Алматы қаласы мен АЛМАТЫ облысындағы көмір тапшылығы жергілікті шенеуніктердің салғырттығынан туындап отыр деген-ді.

- Тиісті жергілікті органдар қатаң бақылауда ұстау керек бұл мәселені. Мен тиісті әкімдермен өзім өткен аптада, осы аптада өзім сөйлескем. Күнделікті бақылауда бұл мәселені ұстаймыз. Қазір 16 мың тонна Алматыға және Алматы облысына жөнелтілді. Бүгін-ертең тупиктерге келіп, сатылатын болады, - деген еді министр Бірінші Еуразия телеарнасына берген сұхбатында.

Әзірге Алматы облысына Бозымбаевтың көмірі жеткен жоқ. Министр уәде еткен отын келгенше халық алып-сатарлардан көмірдің бір қабын 1000 мың теңгеден ала тұруға мәжбүр.

Фото автордікі. 

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
13 лет на линии: ночной автобус № 3 остаётся надёжной альтернативой такси в Алматы
- Отдуши, оставили. 3 маршурут ,ведь этот маршурут многим экономит денги для тех кто ночию работают особенно молодеж ,ведь они. Рабоьают с фери обслужвание до последнего клиннта всякие бары кафе рестораны и другие всякие работы.
ЕНПФ объяснил, как работа в странах ЕАЭС учитывается при назначении пенсии
- Почему промолчали про учет стажа работы между государствами ЕАЭС до 1 января 1998 года, в договоре про это тоже написано. Или боитесь огласки, что в РК этот пункт договора игнорируют? А ну да, вы же пишите по материалам пенсионного фонда, а там этот пункт договора военная тайна... :)
В Алматы начат снос незаконного рынка Жетысу-Семиречье
- Такой хороший рынок,не надо ездить далеко на барахолку, можно все, практически все найти на этом рынке - вещи, продукты, стройматериалы, бытовую технику и т.д. Жаль если он тоже уйдет под снос.
Хроники Верного. "Секретные материалы" из старой папки
- Да, эта папка имеет огромную ценность. Я потомок из этой семьи, очень много конечно утеряно в советское время информации. Папа говорит что старики наши шепотом о тех временах говорили. Ушли те кто мог бы поведать всю историю семьи, а в воспоминаниях папы только фрагменты тихих разговоров. Хотелось бы посетить архив в Алматы и соединить не достающие фрагменты. Спасибо за то что с таким теплом поведали нам историю семьи Шахворостовых. Вера
Скотч, камча и стигма: как страх перед психиатрией едва не стоил жизни молодой матери
- Все верно. Самое тяжелое это предательство мужа в такой ситуации. Задумываешься - стоит ли жить с человеком, на которого нельзя положиться.