Қаз   Рус

Көкшетауда оқушылар көрші аудандағы мектепке жаяу қатынайды

166 қаралды
0
Ерболат АСЫЛБЕКОВ
Среда, 10 Янв 2018, 12:00

Бейбітшілік шағын ауданының оқушылары он жылдан бері мектепке күніне сегіз шақырым жаяу жүріп барады

Көкшетау қаласының іргесіндегі Бейбітшілік шағын ауданы өркениеттен жырақта өмір сүріп жатқандай. Бұл жерге қоғамдық көлік қатынамайды. Мектеп, бала бақша жоқ. 100-ге жуық оқушы көрші аудандағы мектепке күніне ары-бері 8 шақырым жаяу жүріп қатынайды екен. Жаяу жүру түк емес, балалар білім алу үшін тау-қыраттарды асып өтуге тура келеді екен.

Әсіресе қыстың күні қиын. Қараңғыда шығамыз. Қорқынышты. Күнде суық. Ініммен бірге барамыз. Інімді аяймын. Жолға 40 минуттай уақыт кетеді. Бізге автобус керек, - дейді мектеп оқушысы Темірлан ҚҰМАРБЕК.

Бейбітшілік шағын ауданы Көкшетау маңында 10 жыл бұрын пайда болған. Көбі ауылдан келген ауданда 700-ге жуық отбасы тұрады. Содан бері жол проблемасы шешілмей келеді. Бұл жайлы республикалық БАҚ-ры кезектесіп айтып келе жатыр деседе болады. Сондықтан да облыста, қала әкімдігі де Бейбітшіліктегі жұрттың жағдайынан хабардар. Жергілікті шенеуніктер қоғамдық көліктің қатынамайтындығын  асфальт жолдың жоқтығымен түсіндіреді.

Мектеп пен балабақшаның құрлысын жоспарлап отырмыз. Осы нысандар салынса, Бейбітшілік өзінің инфроқұрлымы бар толыққанды шағын ауданға айналады. Сол кезде жол салынып, міндетті түрде қоғамдық көліктер қатынайтын болады, - дейді Көкшетау қаласының бас сәулетшісі Илуа ӘБЕНОВ.

Илуа Әбенов айтқан құрлыс жұмыстары биылғы жылдың көктемінде басталады екен. Ал оның аяқталуы мерзімін айтқан жоқ. Яғни, Бейбітшілікке қоғамдық көліктің қашан қатынайтыны тағы да белгісіз болып тұр.

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
Любое учреждение, где есть дети, смогут проверить без предупреждения в Алматы
- Благодарим Жанат, очень своевременная программа. Желаем вам и вашей команде успехов. Мне хотелось бы поучаствовать, быть полезной в вашей работе.
Как в Казахстане можно пятнадцать лет не исполнять решение суда
- Не удивительно,у меня есть решение суда с 2008 и не исполнено по сей день,на сумму 3000млн.тенге,хотя исполнительный находится у ЧСИ,вроде как решение суда не имеет ни какой силы,должникам закон не писан!
Ушел из жизни Юрий Мизинов
- Очень жаль, что в Казахстане очень мало таких журналистов каким был Юрий Мизинов.
Когда правительство возьмётся за яйца
- Просто шедевральная статья. Особенно в точности описывает функции партий, которые описаны в данной статье. Изречения которые должны быть прочитаны и приняты во внимание. Самое главное чтобы данный ежедневник был прочитан и принят во внимание. (Про выражение где фигурирует Троцкий просто ШЕДЕВРАЛЬНО и в точку)...
Отчего после публикаций Ratel.kz нервничают в ТОО "AB Energo"
- Сергей, ОГРОМНОЕ Вам спасибо за новое расследование. Всегда держите в напряжение. Ожидаем продолжение... (Интересно, что скажет ещё на это и ГУ "Аппарат акима Абайского района Карагандинской области)
Премьер Смаилов как аманат Назарбаева
- Спасибо большое , здоровье и удачи Вам и Вашим близким, то что Вы творите лучше всех государственных программ по воспитанию . Готовая программа к действию для улучшения жизни населения. Огромное удовольствие что у нас имеется такие журналисты и такой коллектив.