Қаз   Рус

Әлия Назарбаеваның жаңа қызметі және Алматының "бас" дәрігері

1531 қаралды
0
Ратель
Понедельник, 04 Дек 2017, 09:00

Өткен апта еліміздегі кадрлық ауыс-түйіс екі ірі тағайындаумен есте қалды

Өткен жұмада елімізде бірқатар кадрлық ауыс-түйістер болды. 

27 қараша күні Алматы мен Қарағанды облыстарында маңызды кадрлық ауыс-түйістер болды. Нақтырақ айтқанда, Алматы қаласының әкімі Бауыржан БАЙБЕК қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы етіп Серікбол Мусиновты тағайындады.

Оқи отырыңыз
Болашақ ұрпақ саулығының үрейлi көрсеткiші

Серікбол МУСИНОВ еңбек жолын 1980 жылы Шығыс Қазақстан облысының (бұрынғы Семей облысы) Аягөз аудандық орталық ауруханасында дәрігер-интерн болып бастаған. Әр жылдары Семей облысының денсаулық сақтау департаментінің бастығы, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің қоғамдық денсаулық сақтау Мектебінің проректоры, Астана қаласының фармацевтикалық бақылау басқармасының бастығы, стратегиялық даму департаментінің директоры қызметін атқарған. Бұған дейін сонымен қатар, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің жауаты хатшысы, Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы болған.

Дәл осы күні Қарағанды облысында облыстық департаменттерде екі бірдей кадрлық тағайындаулар болып өтті.

Атап айтқанда, Қорғаныс министрінің бұйрығымен Қайрат ӘБІШЕВ Қарағады облысының қорғаныс істері бойынша департаментке басшы, ал Алмат Иманғожин облыстық мемлекеттік кірістер департаментіне басшы болып келді

Қайрат Әбішев бұған дейін Теміртау қаласының қорғаныс істері бойынша басқармасына жетешілік еткен.

Оқи отырыңыз
Астаналықтардың «арманы»

Полковник Қайрат Балташұлы Әбішев 1966 жылы Шет ауданында дүниеге келген. 1990 жылы Қарағанды педагогикалық институтын, 2014 жылы Қазақ-Ресей университетін тәмамдаған. 1984 жылдан 1986 жылға дейінгі аралықта Ауғанстанда әскери борышын өтеген. Еңбек жолын 1984 жылы аға механик болып бастаған. 1995 жылы Қарағанды облысының Мичурин аудандық әскери комиссарының орынбасары болып тағайындалған. 1996 жылы Қарағанды облыстық әскери комиссариатының үшінші бөлім бастығының көмекшісі болып еңбек еткен. 2002 жылдан бастап 2005 жылға дейін Қарағанды облысының Абай аудандық әскери комиссары лауазымын атқарған.

Ал Алмат ИМАНҒОЖИН 1969 жылы Алматыда туған. 1993 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын, 2001 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік Ұлттық университетін бітірген. Мамандығы - экономист және заңгер.

Оқи отырыңыз
Алматыда Назарбаев даңғылында не болып жатыр

Еңбек жолын Алматы қаласындағы салық органдарында инспекторлық құрам лауазымдарында бастап, сектор меңгерушісі, бөлім бастығы, басқарма бастығы, Салық комитеті бастығының орынбасары болып жұмыс істеген. 2009 жылдан бастап Астана қаласы бойынша Салық департаменті бастығының орынбасары, кейіннен Астана қаласы мемлекеттік кірістер департаментінің орынбасары болған.

Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хатымен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» медальдары және «Үздік мемлекеттік қызметші» төсбелгісімен марапатталған.

28 қарашада ҚР энергетика вице-министрі болып Болат АҚШОЛАҚОВ тағайындалды.

Оқи отырыңыз
Қызметі өзгерсе де, дипломатиялық шені сақталды

Болат Ақшолақов 1971 жылғы 9 сәуірде Гурьев (қазіргі - Атырау қ.) қаласында өмірге келген. 1993 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын бітіріп, «Қазақстан Әлем Банкінде» бас экономист, бағалы қағаздар бөлімінің бастығы, Орталық Азия ынтымақтастық және даму банкінде активтерді басқару департаменті директорының орынбасары, «Қазақойл ҰМК» ЖАҚ Теңіз жобасы департаментінің директоры, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ атқарушы директоры болып жұмыс істеген. Энергетика және минералды ресурстар вице-министрі, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарушы директоры, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі қызметтерін атқарған. 2010 жылдың шілдесінен «PSA» ЖШС бас директоры.

Болат Ақшолақов 2011 жылдың 5 қазанынан - 21 желтоқсанына дейін «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы қызметін атқарды.

29 қараша еліміздегі кадрлық ауыс-түйіс екі ірі тағайындаумен есте қалды.

Оқи отырыңыз
Дариға - Сыртқы істер министрлігіне, Динара - ЮНИСЕФ-ке

Нақтырақ айтқанда, Әлия НАЗАРБАЕВА жаңадан құрылған Экологиялық ұйымдар қауымдастығын басқаратын болды. Ал ҚР кәсіподақтар Федерациясы төрағасының орынбасары болып Біржан НҰРЫМБЕТОВ келді.

Әлия Назарбаева сонымен қатар, «Маңызды бастамалардың қоғамдық даму қорын» басқарады. 1980 жылы 3 ақпанда дүниеге келген. Фортепиано сыныбы бойынша Күләш Бәйсейітова атындағы республикалық музыка мектебін, Швейцария колледжі мен «юриспруденция» мамандығы бойынша Қазақ мемлекеттік заң академиясын тәмамдаған. Қазақ, орыс, ағылшын және неміс тілдерін меңгерген. 

Осыған дейін «Еуропа плюс» радиосы директорының көмекшісі, «ТұранӘлем» банкінің заң департаментінде сынақ мерзімінен өтуші, Қазақстан Президенті әкімшілігінің жалпы бөлім кеңесшісі, «Алматыфарм» корпорациясының президенті, «Caspian Indutries Ltd» ЖШС бас директоры, «Элитстрой» ЖШС директорлар кеңесінің төрайымы қызметтерін атқарған. Соңғы уақытта танымал Damiani зергерлік үйінің брендімен Alsara зергерлік бұйымдарының жеке желісін жарнамалаумен айналысқан.

Оқи отырыңыз
Ел болам десең - әжетханаңды түзе!

Ал Біржан Нұрымбетов әр жылдары: Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі, ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі жетекшісінің орынбасары қызметі атқарған. 2017 жылдың наурыз айынан бері ҚР еңбек және әлеуметтік қорғау  вице-министрі болып еңбек еткен.

Қараша айының соңғы күні Андрей БЕЛЬЯНИНОВ Еуразиялық даму банкіне жетекші болып келді.

Бұған дейін Андрей Бельянинов 2006 жылы Ресей Федеарациясының Федералдық кедендік қызметін басқарған. 2004-2006 жылдары Рособоронзаказ мекемесін, одан кейінгі төрт жылда «Рособоронэкспорт» кәсіпорынының бас директоры болған. 1990 жылдан бастап бизнеспен айналысқан. 1980 жылы Мемлекеттік Қауіпсіздік Комитетінің (КГБ) бас басқармасында (ішкі барлау) қызмет еткен.

Дерекқөз: ҚазАқпарат

Фото: kapital.kz

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
13 лет на линии: ночной автобус № 3 остаётся надёжной альтернативой такси в Алматы
- Отдуши, оставили. 3 маршурут ,ведь этот маршурут многим экономит денги для тех кто ночию работают особенно молодеж ,ведь они. Рабоьают с фери обслужвание до последнего клиннта всякие бары кафе рестораны и другие всякие работы.
ЕНПФ объяснил, как работа в странах ЕАЭС учитывается при назначении пенсии
- Почему промолчали про учет стажа работы между государствами ЕАЭС до 1 января 1998 года, в договоре про это тоже написано. Или боитесь огласки, что в РК этот пункт договора игнорируют? А ну да, вы же пишите по материалам пенсионного фонда, а там этот пункт договора военная тайна... :)
В Алматы начат снос незаконного рынка Жетысу-Семиречье
- Такой хороший рынок,не надо ездить далеко на барахолку, можно все, практически все найти на этом рынке - вещи, продукты, стройматериалы, бытовую технику и т.д. Жаль если он тоже уйдет под снос.
Хроники Верного. "Секретные материалы" из старой папки
- Да, эта папка имеет огромную ценность. Я потомок из этой семьи, очень много конечно утеряно в советское время информации. Папа говорит что старики наши шепотом о тех временах говорили. Ушли те кто мог бы поведать всю историю семьи, а в воспоминаниях папы только фрагменты тихих разговоров. Хотелось бы посетить архив в Алматы и соединить не достающие фрагменты. Спасибо за то что с таким теплом поведали нам историю семьи Шахворостовых. Вера
Скотч, камча и стигма: как страх перед психиатрией едва не стоил жизни молодой матери
- Все верно. Самое тяжелое это предательство мужа в такой ситуации. Задумываешься - стоит ли жить с человеком, на которого нельзя положиться.