Қаз   Рус

МӘМС жүйесі жұртты әуре-сарсаңға сала бастады

661 қаралды
0
Меруерт ХУСАИНОВА
Понедельник, 05 Фев 2018, 13:15

Медициналық сақтандыру жүйесі қорына жұрт не үшін ақша төлеп жатыр

Жыл басынан бері міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бойынша азаматтарға дәрігерлік көмек көрсетіле бастауға тиіс еді. Және көрсетілетін дәрігерлік қызметтің сапасы жақсарады деп Денсаулық сақтау министрлігі халықты сендірген болатын.

Медициналық сақтандыру қорының баспасөз қызметі таратқан ақпаратта 2018  жылдың 31 қаңтарына дейін қорға түскен ақша сомасы – 38 млрд теңгені құраған. Яғни, бұл қазақстандықтардың  сапалы медициналық көмек көрсетуге төлеген ақшасы. Алайда дәрігерлік қызмет көрсету сапасы жақсарудың орнына былық  болып жатқан сыңайлы.

Өткен аптада «Болашақ» республикалық жастар қозғалысының төрағасы Дәурен БАБАМҰРАТОВ өзінің  Facebook парақшасында:

«МӘМС қорына былтырдан бері ай сайын, уақытылы ақша төлеп отырмын. Құлағым ауырып, осыған дейін тіркелген ДостарМед емханасына барып едім, ол жердегілер мен қабылдаудан бас тартты. Себебі мен 2018 жылғы қаңтар айының 1-інен бастап АМД емханасында тіркеуде екенмін.  Бұл емханаға мені кім тіркеген, түсінсем, бұйырмасын!? Содан АМД емханасына хабарластым. Сөйтсем, бұл емхана шаш өсірумен айналысады екен! ДостарМед емханасындағылар бір ғана мен емес, жүздеген адамның осындай жағдайға тап болғанын айтады. Ауырып, бұрынғы тіркелген емханасына барған адам, өзінің қазір мүлде басқа жақта тіркеуде екенін біледі. Тіпті біреу Семей қаласындағы емханада тіркеуде екенін таяуда ғана білген. Бұл қалай? Медсақтандыру да кешегі жекеменшік зейнетақы қоры сияқты жұрттың ақшасын жинап алып, кейін банкрот болатын қордың бірі ме? Екі жерден жалақы алам, сол екі жалақымнан МӘМС-ке ақша төлеп отырмын. Сонда мен ақшаны шаш өсіруге төлеп отырмын ба?» деп жазды.

Оқи отырыңыз
Иранда хиджабтан бас тартып жатса, Қазақстанда орамал үшін соттасуда

Ал алматылық Ділмахамбет МЫСЫРҰЛЫ: «Мен жұмыссызбын. Ауырып, емханаға бардым. Алайда маған ешқандай дәрігерлік көмек көрсетілмейді екен. Статусымды анықтау керек екенмін. Ал статусты анықтау үшін белгілі бір жерде тіркеуде тұруым керек. Өзімде баспана болмаса, тіркеу қайдан болсын? Уақытша тіркеуге тұру үшін, алдымен тұрақты тіркеуің болуы керек. Сонда мен сияқтылар қайтпек? Ауырып құлаған жерінде медициналық көмек көрсетілмей, арам қатпақ па?» - деп реніш білдірді.

Елімізде статусы нақты анықталмаған 3 миллионға жуық адам бар деп Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеген еді. Олай болса, осы миллиондаған адамның бәрі дәрігерлік көмектен қағыла ма?

Денсаулық сақтау министрі Елжан БІРТАНОВТЫҢ «МӘМС жүйесі біздегі медициналық қызмет көрсетудің сапасын көтеруге ықпал етеді» деген пікіріне Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғыны Әуелхан ШОНЖАН: «МӘМС жүйесі халықтың қалтасын қағудың кезекті әдісі деп ойлаймын. Осыған дейін бюджеттік емханадағы жағдай қандай болса, қазір де солай, еш өзгеріс жоқ. Былтырдан бері ай сайын ақша аударып отырсақ та, сапалы медициналық қызмет үшін өз қалтамыздан бәрібір қосымша ақша төлеуге мәжбүрміз. Өйткені бюджеттік емханадан гөрі ақылы емдеу орталығының қызметі дұрысырақ. Медициналық қызметтің сапасы артады деп жұрттан миллиардтап ақша жинап отырған МӘМС қорының ертеңіне сенбеймін. Алдымен медицина саласын сауатсыз дәрігерден тазартпайынша, сапалы медициналық көмек туралы айтудың өзі ұят», - дейді.  

Фото: rs.img.com.ua.

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
В Алматы начат снос незаконного рынка Жетысу-Семиречье
- Такой хороший рынок,не надо ездить далеко на барахолку, можно все, практически все найти на этом рынке - вещи, продукты, стройматериалы, бытовую технику и т.д. Жаль если он тоже уйдет под снос.
Хроники Верного. "Секретные материалы" из старой папки
- Да, эта папка имеет огромную ценность. Я потомок из этой семьи, очень много конечно утеряно в советское время информации. Папа говорит что старики наши шепотом о тех временах говорили. Ушли те кто мог бы поведать всю историю семьи, а в воспоминаниях папы только фрагменты тихих разговоров. Хотелось бы посетить архив в Алматы и соединить не достающие фрагменты. Спасибо за то что с таким теплом поведали нам историю семьи Шахворостовых. Вера
Скотч, камча и стигма: как страх перед психиатрией едва не стоил жизни молодой матери
- Все верно. Самое тяжелое это предательство мужа в такой ситуации. Задумываешься - стоит ли жить с человеком, на которого нельзя положиться.
От службы в уголовном розыске к общественной работе и званию академика
- В одной статье, какой бы она ни была, невозможно описать и передать всю жизнь человека, глубину его души, все его дела и человеческие качества, проявленные во имя служения народу и общественной деятельности.
От службы в уголовном розыске к общественной работе и званию академика
- Александр Петрович, для меня большая честь и настоящая ценность знать Вас лично и называть своим другом. За всеми Вашими званиями и наградами прежде всего стоит человек, на которого всегда можно положиться. Искренне благодарен судьбе за нашу дружбу, Вашу поддержку, доброе отношение и человеческое тепло. Крепкого Вам здоровья и долгих лет жизни. Горжусь нашей дружбой!
Страховых выплат после ДТП не будет? Что предлагают страховщики
- Добрый день. Страховые компании пытаются ограничить возможности автовладельцев. И получить больший доход. Прикрываясь защитой от "помогаек". Через какое-то время, если примут изменения законодательно, автовладельцы столкнутся с низким качеством кузовного ремонта и будут вынуждены уже судиться с кузовными и малярными мастерами. А это потеря времени и денег.
На Каспии начались военные учения Хазар қорғаны-2026
- Как профессиональный процессник не могу пройти мимо. Люди, Процессы, Технологии - фундамент любой организации - и задача руководства обеспечить слаженность взаимодействия этих трех составляющих. Не понимание этих фундаменталых основ - к сожалению бич нашего времени. Копни в любое министерство или частную компанию - везде одно и то же - нет должного внимания к этим фундаментальным блокам - как результат трагедии, финансовые потери и невозможность быть конкуретноспособным)). Алга Казахстан!)