Қаз   Рус

«Нұр Отанға» КВНщик неге мүше болғысы келмеді

317 қаралды
0
Қанат ТІЛЕУХАН
Понедельник, 27 Ноя 2017, 17:00

"Мемлекеттен ғалымдар, мұғалімдер, дәрігерлер кете бастағанда, әртістер мен спортшылар депутат болады"

Өткен аптада «Нұр Отан» партиясының Саяси Талдау және стратегиялық зерттеулер орталығы «Nur Otan Talks:modernization» пікірталас алаңында «Жаңғыру мен жаңа идеялар арқылы жарқын болашаққа» атты коференция өтті. Оған дербес пікір айтып жүрген экономист Рақым ОШАҚБАЕВ, саясаттанушы Айдос САРЫМ және тележүргізуші Динара СӘТЖАН, продюсер Нұртас АДАМБАЙ т.б қатысты.

Оқи отырыңыз
Құл-Мұхаммедтің миллиондары

Сөздің шыны керек, қашанда КПСС жиынына ұқсап кететін «Нұр Отанның» бұл бас қосуы қызықтырды. Әрине, танымал әзілкеш Н. Адамбайдың қатысқаны үшін емес. Бас партияның жаңару туралы бастамасы. Н. Адамбай: «Партияның адамдық келбеті болуы тиіс. Қарапайым халықпен байланыс орнатуы керек. Әлеуметтік желілерде белсенділік арттырыңыздар. Менің таңғы асымның суреті  «Нұр Отанның» әлеуметтік желідегі барлық посттарынан көп лайк жинайды» - деді Н.Адамбай. Сондай-ақ, әзілкеш бас партияға мүше болудан сыпайы түрде бас тартты.

«Менен Рақым Ошақбаев неге партияға өтпейсің деп сұрады. Партия туралы пікірін білдіретін сырт адамның болғаны дұрыс шығар деп ойлаймын», - деді продюсер.    

Әлеуметтік желілерде билік партиясының мүшелігінен бас тартқан КВН-шіге ризашылық білдіргендер аз болған жоқ. Себебі әнші, әртіс, КВН-ші, актер,спортшылардың танымалдылыққа ие болғанда бірден партия куәлігіне ие болатыны бізде қалыпты үрдіске айналып кеткен. Бізде Н. Адамбайдың мемлекет басшысы құрған, ұзақ уақыт билікте отырған партияға мүше болмай қойғандығын қаһармандылыққа бағалау ниет жоқ.

2015 жылы сол кездегі «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Асқар МЫРЗАХМЕТОВ партия қатары миллионға жуықтағанын мәлімдеген болатын. Және қашан да өздерінің жаңа мүшелерімен мақтануды ұмытқан емес. Мәселен, Г. ГОЛОВКИН, И. ИЛЬИН, С. СӘПИЕВ, Қ. НҰРТАС, Д. ҚҰДАЙБЕРГЕН т.с.с. Бұндай тізім жалғаса береді. Қолында билік, үлкен ресурсы бар саяси ұйым неге шоу-бизнес өкілдері мен спортшыларға әуестеніп кетті? Партия жұмысын жандандыру үшін мемлекеттік емес ұйымдардың өкілдері, қоғам қайраткерлері, кезінде саяси өмірге белсене қатысқан, бұл күнде жабылып қалған саяси партиялардың мүшелерін неге шақырмасқа. Әлде, Динара Сәтжандар «Нұр Отанды» шын мәнінде жаңғыртады деп сене ме екен...

Оқи отырыңыз
«Дачалық» ұлт

Бір кезде белгілі дипломат, саясаткер Болатхан ТАЙЖАН «Нұр Отан» құрамынан ресми мәлімдеме жасап кетіп, оппозициялық партияға қосылған еді. Бұл марқұм Болатхан Тайжан мен билік партиясы позициясының қайшылығы еді. Әңгіме әзілкешіміздің «Нұр Отанға» кірмей қойғанынан басталғасын, өткен күнге шегініс жасадық. Айтпақшы, «Нұр Отаннан» Азат ПЕРУАШЕВ та шығып кеткен. Әуелде «Азаматтық» партиясын «Нұр Отанға» қосып берген алашшыл саясаткер 2011 жылы билікке бәсекелес болып келген «Ақ Жолға» төраға бола қалды емес пе.

Саяси аренада дербес, жоғарыдан емес, ортақ мұраттардан құрылған партиялар ғана «Нұр Отанның» жаңғырып, жарқын болашағына жол ашпай ма? Бас партияның қатарында  Н.ӨНЕРБАЕВ, Б.ТІЛЕУХАН, С.ҚОНАҚБАЕВ, О.ШИШИГИНАЛАР бар емес пе. Әлде, бұл қан жаңарту ма?

Осы тұста Харс ЕНСЕННІҢ: 

«Мемлекеттен ғалымдар, мұғалімдер, дәрігерлер және  басқа да ой еңбегімен айналысатын мамандар кетсе, яғни, халықтың қаймағы – интеллигенцияның кетуі деген сөз. Ондай елде «бизнесмендер» билікке, плебейлер мен алаяқтар саясаткер, ал базар жағалаған алып-сатарлар мен әртіс,спортшылар депутат болады», -  деген сөзі еске түседі.

Қазір елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында түрлі шаралар өтіп жатыр. Бас партияның қатарына КВН-ші кіруден бас тартып отырса, шынында да «Нұр Отанға» жаңғыру керек-ақ.   

Фото: abai.kz

 

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
От службы в уголовном розыске к общественной работе и званию академика
- Александр Петрович, для меня большая честь и настоящая ценность знать Вас лично и называть своим другом. За всеми Вашими званиями и наградами прежде всего стоит человек, на которого всегда можно положиться. Искренне благодарен судьбе за нашу дружбу, Вашу поддержку, доброе отношение и человеческое тепло. Крепкого Вам здоровья и долгих лет жизни. Горжусь нашей дружбой!
Страховых выплат после ДТП не будет? Что предлагают страховщики
- Добрый день. Страховые компании пытаются ограничить возможности автовладельцев. И получить больший доход. Прикрываясь защитой от "помогаек". Через какое-то время, если примут изменения законодательно, автовладельцы столкнутся с низким качеством кузовного ремонта и будут вынуждены уже судиться с кузовными и малярными мастерами. А это потеря времени и денег.
На Каспии начались военные учения Хазар қорғаны-2026
- Как профессиональный процессник не могу пройти мимо. Люди, Процессы, Технологии - фундамент любой организации - и задача руководства обеспечить слаженность взаимодействия этих трех составляющих. Не понимание этих фундаменталых основ - к сожалению бич нашего времени. Копни в любое министерство или частную компанию - везде одно и то же - нет должного внимания к этим фундаментальным блокам - как результат трагедии, финансовые потери и невозможность быть конкуретноспособным)). Алга Казахстан!)
Масоны Казахстана: кто они и чем занимаются на самом деле
- Вторая статья о масонах!!! Что делается?! И правильно делают, что относятся с осторожностью, след в истории оставили уже. Работают с расчетом на века!
В Алматы произошло землетрясение интенсивностью 3–4 балла
- Оповещаеие должно быть на ясно казахском и на русском , то что сегодня оповестили на ломанном казахском не понятно для многих людей , даже казахской национальности
102 километра в объезд Сарыагаша
- Отличная новость. У меня вопрос где начинается и где заканчивается, вернее где съезды этой дороги?
Как Олжас Сулейменов стал жертвой фейка
- В конце 90х гг., когда еще не было интернета в нашем селе, я училась в 9 классе, в учебнике русской литературы был именно этот стих О.Сулейменова, который начинался так "Айналайын - чудесное слово, жаль, что его русский не поймет.."