Қаз   Рус

Диверсант-дәнекерші мен электриктер елі

170 қаралды
0
Ерлан ОСПАН
Среда, 15 Ноя 2017, 11:45

Қайбір жылы ресейлік «Протон» оталып барып, омақаса құлағанда, кінәлі ... жоқ, Рогозин емес, электрик «боп шығып» еді. Бізде де сол...

Мысалы, мен бір жерде редактор болдым. Ендісі сол: менің - әлде ішіп келген, әлде шизофрения меңдеген қызметкерімнің сайтқа абайсызда - антиконституциялық я экстремистік материал салып жіберуіне мүмкіндік жоқ. Мақала қадағалау-бақылаудың-жариялаудың үлкен тізбегінен өтеді.

Өнеркәсіпте де солай. Болуы тиіс еді. Форд атамыз конвейерлік өндіріс енгізгеннен бастап, адамзат дәнекерші мен еден жуушының қатесіне бола тұралап қалмау әдісін ойластырған және бұл істе айтарлықтай табыстарға жетті. Өндірісті модульдерге жіктеу, аса қауіпті учаскілерде - тез қалпына келтіру, бірін-бірі қайталайтын функциялар енгізу, өндірістің басшысына орынбасарлар тағайындау жүйесі (анау кенет жүрек талмасынан өліп кетсе мысалы) - тұралап қалмау шараларының бір парасы ғана. Мысалы, бұрынғы «КИПиА» жүйелерінде запаста электронды блоктардың үшеу-төртеуі болады. Бірі өртеніп кетсе, суырып алып, екіншісін сала қоюға. Әйтпесе қазандық тоқтап қалып, дүйім жұртты аязға қатырасың, немесе Чернобыльдегідей кесапатқа тап боласың.

Читайте также
«Боратшылдарға» рақмет айту керек

Егер өндіріс осынша қадағалау-бақылау сатысы бола тұрып тұралап қалса, онда бұл - кәдімгі диверсия. Себебі өндірісті тоқтату үшін - технологиялық тізбектегі барлық адамдардың сыбайластығы керек. Совет кезінде енді, бұл үшін бірден атып тастайтын. Ал қазір - тіпті осындай күрделі, қасқаналықтың барлық белгісі бар әрекетке жауапты адам жоқ. Табылыпты-мыс. Кім? Дұрыс: топ-менеджер, министр емес әрине. Дәнекерші!

Қайбір жылы ресейлік «Протон» оталып барып, омақаса құлағанда, кінәлі ... жоқ, Рогозин емес, электрик «боп шығып» еді. Сүйтсе, бір релені теріс қаратып іліп қойыпты-мыс. Сәтсіздіктің бұл нұсқасы абырой әкелмеді. Космос шенеуніктерінің біразының басы кетті.

Ұқсаймыз көршімізге, аумаймыз. Презентация-жиналыстардан, одан қалды - асқақ рухани сұхбаттардан қолы тимейтін шен-шекпенділердің қарапайым дәнекершіні «лақтыруы» - әкімшілік-өндірістік жүйенің ауру екенін айқын көрсетеді. Ал мұның кесірі кәдімгідей, достар. Мұндай басшылардың «кидаловосын» көріп, шошып-үркіп отырған жастар бар. Кәмелетке жетпегендері кәмелет жасын, жеткендері  аз-маз тиын жинап алғанын күтіп жүр. Зытуға. Батысқа. Кремний алқабына. Түркияға, Италияға, Германияға. Олар қаһарман емес. «Берсең, бермей-ақ қой баспанаңды, Бәрібір тастамаймын астанамды» дейтін жанкештілік оларда жоқ. Олар жай ғана - кәсіп қылып, өмір сүргісі келеді. Болғаны сол. Ал оған елімізде кедергі, өздері айтатындай, мынау:
- Қой енесін, біреудің бірдеңесіне алдап қол қойдырып алып, түрмеден бір шығармын, елді сыртынан да сүйе аламын!

Дәнекершіні жазаламауларыңызды сұраймын, ол прозалық пианист сияқты, «қолынан келгенін істеп бақты».

Дереккөз: Ерлан Оспанның Fasebook-тағы жеке парақшасынан алынды. Автордың рұқсатымен жарияланды. 

Фото: sovch.chuvashia.com

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
13 лет на линии: ночной автобус № 3 остаётся надёжной альтернативой такси в Алматы
- Отдуши, оставили. 3 маршурут ,ведь этот маршурут многим экономит денги для тех кто ночию работают особенно молодеж ,ведь они. Рабоьают с фери обслужвание до последнего клиннта всякие бары кафе рестораны и другие всякие работы.
ЕНПФ объяснил, как работа в странах ЕАЭС учитывается при назначении пенсии
- Почему промолчали про учет стажа работы между государствами ЕАЭС до 1 января 1998 года, в договоре про это тоже написано. Или боитесь огласки, что в РК этот пункт договора игнорируют? А ну да, вы же пишите по материалам пенсионного фонда, а там этот пункт договора военная тайна... :)
В Алматы начат снос незаконного рынка Жетысу-Семиречье
- Такой хороший рынок,не надо ездить далеко на барахолку, можно все, практически все найти на этом рынке - вещи, продукты, стройматериалы, бытовую технику и т.д. Жаль если он тоже уйдет под снос.
Хроники Верного. "Секретные материалы" из старой папки
- Да, эта папка имеет огромную ценность. Я потомок из этой семьи, очень много конечно утеряно в советское время информации. Папа говорит что старики наши шепотом о тех временах говорили. Ушли те кто мог бы поведать всю историю семьи, а в воспоминаниях папы только фрагменты тихих разговоров. Хотелось бы посетить архив в Алматы и соединить не достающие фрагменты. Спасибо за то что с таким теплом поведали нам историю семьи Шахворостовых. Вера
Скотч, камча и стигма: как страх перед психиатрией едва не стоил жизни молодой матери
- Все верно. Самое тяжелое это предательство мужа в такой ситуации. Задумываешься - стоит ли жить с человеком, на которого нельзя положиться.