Қаз   Рус

Мәжбүрлеп жаздыруды тоқтату жолы

294 қаралды
0
Кәрібай МҰСЫРМАН
Вторник, 28 Ноя 2017, 16:00

Газет-журналдардың рейтингін анықтауда таралымдары мен сайттарының оқырман саны да қатар есептелсе

Жергілікті жерлердегі бюджеттік ұйымдар қызметкерлерінің, әсіресе, мүғалімдер мен дәрігерлердің орынды реніштерін туғызып отырған осы мәселені түбегейлі шешудің мынадай ұтымды әдісін ұсынсам ба деймін:

Қазіргі Интернет жалпыға ортақ игілікке айналып, әлеуметтік желілердің аты озып тұрған ақпараттық заманда мемлекеттік газет-журналдардың рейтингін олардың таралымына ғана қарап анықтау қағидатын қайтадан қарау керек сияқты. Бұл ретте республикалық және өңірлік ресми басылымдардың бәрінің де өз сайттары бар екендігі ескерілуге тиісті. Яғни, олардың танымалдылығын қағаз нұсқадағы таралымымен ғана бағаламай, тиісті сайттарының оқырмандарының санын да есепке алу қажет. 

Бұған қоса,республикалық және жергілікті деңгейлерде мемлекеттік ақпараттық саясатты газет-журналдар арқылы жүргізу бойынша өткізілетін мемлекеттік сатып алу конкурстарының талаптары да қайтадан қарастырылып, тиісті басылымдардың таралымына қоса, сайттарындағы оқырмандарының саны да ескерілгені жөн.

Осы орайда тағы бір назар аударатын маңызды жайт: газет-журналдардың рейтингін анықтауда басылымдардың қағаз нұсқаларының таралымы мен электрондық нұсқалары оқырмандарының санының қатар есептелуі олардың баспаханаға және пошта қызметіне жұмсалатын шығындарын қысқартуға қолайлы мүмкіндік туғызады. Мұның өзі қазіргі кезде экономикалық тұрғыдан өз таралымдарын көбейтуге мүдделілігі шамалы болып отырған басылымдар редакцияларының қаржылай жағдайын жақсартуға елеулі ықпалын тигізеді. Сондай-ақ ұсынылып отырған әдіс мемлекеттік тапсырыспен шығарылатын басылымдар редакцияларының өз сайттарының тартымдылығын қамтамасыз етуге ынталарын күшейтіп,тұтастай алғанда, олардың бәсекеге қабілеттілігін де арттыра түсері сөзсіз.

Мен осылай ойлаймын. Ал Сіздер қалай ойлайсыздар, құрметті достар және әріптестер? Егер қолдау білдірсеңіздер, онда мен осы ұсынысымды Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің қарауына енгізбек ниеттемін.

Дереккөз: Кәрібай Мұсырманның  Facebook-тағы жеке парақшасынан алынды. Автордың рұқсатымен жарияланды.

Фото: kerekinfo.kz

 

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
В Алматы начат снос незаконного рынка Жетысу-Семиречье
- Такой хороший рынок,не надо ездить далеко на барахолку, можно все, практически все найти на этом рынке - вещи, продукты, стройматериалы, бытовую технику и т.д. Жаль если он тоже уйдет под снос.
Хроники Верного. "Секретные материалы" из старой папки
- Да, эта папка имеет огромную ценность. Я потомок из этой семьи, очень много конечно утеряно в советское время информации. Папа говорит что старики наши шепотом о тех временах говорили. Ушли те кто мог бы поведать всю историю семьи, а в воспоминаниях папы только фрагменты тихих разговоров. Хотелось бы посетить архив в Алматы и соединить не достающие фрагменты. Спасибо за то что с таким теплом поведали нам историю семьи Шахворостовых. Вера
Скотч, камча и стигма: как страх перед психиатрией едва не стоил жизни молодой матери
- Все верно. Самое тяжелое это предательство мужа в такой ситуации. Задумываешься - стоит ли жить с человеком, на которого нельзя положиться.
От службы в уголовном розыске к общественной работе и званию академика
- В одной статье, какой бы она ни была, невозможно описать и передать всю жизнь человека, глубину его души, все его дела и человеческие качества, проявленные во имя служения народу и общественной деятельности.
От службы в уголовном розыске к общественной работе и званию академика
- Александр Петрович, для меня большая честь и настоящая ценность знать Вас лично и называть своим другом. За всеми Вашими званиями и наградами прежде всего стоит человек, на которого всегда можно положиться. Искренне благодарен судьбе за нашу дружбу, Вашу поддержку, доброе отношение и человеческое тепло. Крепкого Вам здоровья и долгих лет жизни. Горжусь нашей дружбой!
Страховых выплат после ДТП не будет? Что предлагают страховщики
- Добрый день. Страховые компании пытаются ограничить возможности автовладельцев. И получить больший доход. Прикрываясь защитой от "помогаек". Через какое-то время, если примут изменения законодательно, автовладельцы столкнутся с низким качеством кузовного ремонта и будут вынуждены уже судиться с кузовными и малярными мастерами. А это потеря времени и денег.
На Каспии начались военные учения Хазар қорғаны-2026
- Как профессиональный процессник не могу пройти мимо. Люди, Процессы, Технологии - фундамент любой организации - и задача руководства обеспечить слаженность взаимодействия этих трех составляющих. Не понимание этих фундаменталых основ - к сожалению бич нашего времени. Копни в любое министерство или частную компанию - везде одно и то же - нет должного внимания к этим фундаментальным блокам - как результат трагедии, финансовые потери и невозможность быть конкуретноспособным)). Алга Казахстан!)