Қаз   Рус

Димаш әлемдік турнесін Тәуелсіздік күні Қытайда бастайды

105 қаралды
0
Ратель
Воскресенье, 19 Ноя 2017, 12:15

Бұл турне Димаш Құдайбергеновтің «Бастау» атты жеке концертінің жалғасы

Қытайдағы «I'm a singer» жобасына қатысып, танымалдыққа ие болған Димаш ҚҰДАЙБЕРГЕН күні кеше Инстаграмдағы парақшасында шетелдегі концерттік турнесінің басталатынын хабарлаған болатын. Осыған байланысты әншінің алдағы жоспарларын білу масқатында әкесі, «Димаш-Əли» шығармашылық орталығының жетекшісі Қанат АЙТБАЕВҚА хабарласқан едік.

«Өздеріңіз де білесіздер, осы жылдың 27 маусымында, елордада «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында Димаштың «Бастау» атты ауқымды жеке концерті өткен болатын. Бұл турне соның жалғасы. Ол Қытайдың Чаңша қаласында 16 желтоқсан күні басталып, қаңтар айында жалғасын табады. Концертке Қытайдан бөлек, өзге де мемлекеттердегі жанкүйерлердің сұраныстарын байқаудамыз. Қазақстаннан да бірнеше фанаттық топ өкілдері осы концертке баратындықтарын айтып хабарласуда. Қытай өте үлкен мемлекет. Сондықтан оның бірнеше қаласында концерт өткізу жоспарланып отыр. Димаштың келесі шығармашылық кештері қай мемлекеттерде өтетіндігін осы турнеден кейін хабарлайтын боламыз. Жалпы өзге де елдерден түсіп жатқан ұсыныстар баршылық. Концерттер тыңдарманның сұранысына сай жоспарланып отырады», - дейді ол ҚазАқпарат тілшісіне.

Қанат Құдайбергенұлының айтуынша, Димаштың концерті қай елде өтсе де, қазақтың ән өнеріне айрықша орын беріледі. Мұнан бөлек, ағылшын, француз тілдеріндегі әндермен қоса, шығармашылық кеш өтіп жатқан мемлекеттің тіліндегі шығармалар да орындалмақ.

Сондай-ақ, сатылымға шыққан билеттердің көбісі сатылып кеткен. Чаңшада өтетін концертке өз елімізден де баратын тыңдарман аз емес. Бүгін де Димаштың танымал елдерде жүзден астам фан-топтары бар. Ең белсенді жанкүйерлері Ұлыбритания, Германия, Түркия, Сингапур, Жапония және Индонезия елдерінен екен.

Димаштың Чаңшадан кейінгі концерті Пекин, Шанхай қалаларында өтеді.

Фото: baribar.kz

 

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
Любое учреждение, где есть дети, смогут проверить без предупреждения в Алматы
- Благодарим Жанат, очень своевременная программа. Желаем вам и вашей команде успехов. Мне хотелось бы поучаствовать, быть полезной в вашей работе.
Как в Казахстане можно пятнадцать лет не исполнять решение суда
- Не удивительно,у меня есть решение суда с 2008 и не исполнено по сей день,на сумму 3000млн.тенге,хотя исполнительный находится у ЧСИ,вроде как решение суда не имеет ни какой силы,должникам закон не писан!
Ушел из жизни Юрий Мизинов
- Очень жаль, что в Казахстане очень мало таких журналистов каким был Юрий Мизинов.
Когда правительство возьмётся за яйца
- Просто шедевральная статья. Особенно в точности описывает функции партий, которые описаны в данной статье. Изречения которые должны быть прочитаны и приняты во внимание. Самое главное чтобы данный ежедневник был прочитан и принят во внимание. (Про выражение где фигурирует Троцкий просто ШЕДЕВРАЛЬНО и в точку)...
Отчего после публикаций Ratel.kz нервничают в ТОО "AB Energo"
- Сергей, ОГРОМНОЕ Вам спасибо за новое расследование. Всегда держите в напряжение. Ожидаем продолжение... (Интересно, что скажет ещё на это и ГУ "Аппарат акима Абайского района Карагандинской области)
Премьер Смаилов как аманат Назарбаева
- Спасибо большое , здоровье и удачи Вам и Вашим близким, то что Вы творите лучше всех государственных программ по воспитанию . Готовая программа к действию для улучшения жизни населения. Огромное удовольствие что у нас имеется такие журналисты и такой коллектив.