Қаз   Рус

Атеистердің де құқығы қорғалуға тиіс

67 қаралды
0
Ратель
Пятница, 24 Ноя 2017, 17:30

Ниқаб, паранджа және басқа бетперделер біздің қоғамға тән емес

Алдағы уақытта Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамаға бірқатар өзгерістер енгізілмек. Жаңа заңнамаға атеистерді қорғау талабы да енгізілмекші. Ал діни догмаларды сақтамағаны үшін адамға қысым жасайтындар заң алдында жауап береді, деп xабарлайды ҚазАқпарат. Бұл туралы  «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы ҚР кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»  заң жобасын дипломаттарға түсіндіруге арналған брифингте еліміздің дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан ЕРМЕКБАЕВ мәлімдеді.  

«Бүгінде Қазақстан азаматтарының 12 пайызы өздерін атеист немесе агностик деп санайды. Олардың да құқықтары қорғалуы қажет. Дінге сенетін адамдар заңмен қалай қорғалса, дінге сенбейтіндер үшін де сондай жағдай жасалуы шарт. Сол себепті Біріккен Ұлттар Ұйымының ұстанымына сәйкес, дін қызметі мен діни бірлестіктер туралы заңға тиісті өзгерістер қарастырылған. Соның ішінде діни догмаларды толыққанды сақтамағаны үшін біреуге қысым жасалса, ондай адамдар заңмен қорғалады. Әйтпесе, қазіргі кезде діни рәсімдерді сақтамайтындарға қысым жасау әрекеттері жиілеп кетті», - дейді министр Ермекбаев. Оның айтуынша, адамның діни ұстанымына қысым жасау әрекеттері қайғылы оқиғамен де аяқталып жатады.

Оқи отырыңыз
Тегін кеткен жер телімдері

«Мәселен, Оңтүстік Қазақстан облысында ер адам діни көзқарасына байланысты өз әйелін өлтірсе, Алматы облысында тағы бір еркек әйелін xиджаб кимегені үшін жазалады. Міне, осы іспетті оқиғаларға жол бермеу керек», - деп атап көрсетті министр.

Министр діни қызмет және діни бірлестіктерге арналған заңнамаға қандай өзгерістердің енгізілетінін кеңінен айтып берді. Оның айтуынша, мемлекеттік қызметшілердің діни ұстанымына қатысты нақты үш шектеу болады. Бұдан бөлек, министр адамның бет-әлпетін тұмшалайтын киімдерге қатысты түсінік берді.

Сонымен қатар министрлік өкілі қоғамдық орындарда адамды тануға кедергі келтіретін киімдерге тыйым салуды көздейтін заң жобасын дайындаған. Сонымен қатар, құжат кәмелетке толмаған балаларды діни қызметке заңсыз тартуға жауапкершілікті күшейтіп, діни жоралғылар бойынша некеге тұруға тыйым салады деп жазады sputnik.kz.    

«Нәтижесінде сарапшылар азаматтардың қауіпсіздігі осындай шаралар енгізуді талап етеді деген шешімге келді», — деді Ермекбаев. 

Ол мұндай шара «шын мәнінде діни мәселеге қатысты емес екенін, бұл қоғам қауіпсіздігі мәселесі саналатынын» атап өтті.  

«Ниқаб, чадра, балаклава, паранджа және бетперделер сияқты киімдер жеке тұлғаны сәйкестендіру кезінде құқық қорғау органдарына кедергі келтіреді, сонымен бірге қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларының тиімділігін төмендетеді. Сондай-ақ, бұл біздің қоғамға тән емес және көпшілікті бұл ашық түрде алаңдатады», — деді Ермекбаев. 

Фото: lifejournal.com

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
В Алматы начат снос незаконного рынка Жетысу-Семиречье
- Такой хороший рынок,не надо ездить далеко на барахолку, можно все, практически все найти на этом рынке - вещи, продукты, стройматериалы, бытовую технику и т.д. Жаль если он тоже уйдет под снос.
Хроники Верного. "Секретные материалы" из старой папки
- Да, эта папка имеет огромную ценность. Я потомок из этой семьи, очень много конечно утеряно в советское время информации. Папа говорит что старики наши шепотом о тех временах говорили. Ушли те кто мог бы поведать всю историю семьи, а в воспоминаниях папы только фрагменты тихих разговоров. Хотелось бы посетить архив в Алматы и соединить не достающие фрагменты. Спасибо за то что с таким теплом поведали нам историю семьи Шахворостовых. Вера
Скотч, камча и стигма: как страх перед психиатрией едва не стоил жизни молодой матери
- Все верно. Самое тяжелое это предательство мужа в такой ситуации. Задумываешься - стоит ли жить с человеком, на которого нельзя положиться.
От службы в уголовном розыске к общественной работе и званию академика
- В одной статье, какой бы она ни была, невозможно описать и передать всю жизнь человека, глубину его души, все его дела и человеческие качества, проявленные во имя служения народу и общественной деятельности.
От службы в уголовном розыске к общественной работе и званию академика
- Александр Петрович, для меня большая честь и настоящая ценность знать Вас лично и называть своим другом. За всеми Вашими званиями и наградами прежде всего стоит человек, на которого всегда можно положиться. Искренне благодарен судьбе за нашу дружбу, Вашу поддержку, доброе отношение и человеческое тепло. Крепкого Вам здоровья и долгих лет жизни. Горжусь нашей дружбой!
Страховых выплат после ДТП не будет? Что предлагают страховщики
- Добрый день. Страховые компании пытаются ограничить возможности автовладельцев. И получить больший доход. Прикрываясь защитой от "помогаек". Через какое-то время, если примут изменения законодательно, автовладельцы столкнутся с низким качеством кузовного ремонта и будут вынуждены уже судиться с кузовными и малярными мастерами. А это потеря времени и денег.
На Каспии начались военные учения Хазар қорғаны-2026
- Как профессиональный процессник не могу пройти мимо. Люди, Процессы, Технологии - фундамент любой организации - и задача руководства обеспечить слаженность взаимодействия этих трех составляющих. Не понимание этих фундаменталых основ - к сожалению бич нашего времени. Копни в любое министерство или частную компанию - везде одно и то же - нет должного внимания к этим фундаментальным блокам - как результат трагедии, финансовые потери и невозможность быть конкуретноспособным)). Алга Казахстан!)