Қаз   Рус

Тамара Дүйсенова неден шаршады

2739 қаралды
0
Ратель
Воскресенье, 11 Фев 2018, 11:00

Қазақстанда осы апта ішінде болған жаңа кадрлық тағайындаулар

Күні кеше Елбасы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген мәжілісіне елеңдеп құлақ түрген көпшілік Министрлер кабинетінде біраз ауыс-түйіс болып қалар-ау елеңдескен еді.

Оқи отырыңыз
Президент Сағынтаевқа: Бәрі жақсы, бірақ өзіңе деген сыни көзқарас жоқ

Бірақ, елеңдетер өзгеріс түске дейін орын алмағанымен, түс ауа біраз жыл Еңбек министрлігінің тізгінін ұстаған Тамара ДҮЙСЕНОВАНЫҢ қызметінен босағандығы, орнына жаңа министрдің тағайындалғаны туралы ақпарат тарады. Жалпы осы аптада біраз тағайындау болды. ҚазАқпарат апта ішінде орын алған осы және өзге кадрлық тағайындауларға дәстүрлі шолуымен жасайды.

Сонымен Қазақстан Президентінің Жарлығымен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметіне Мәдина Ерасылқызы ӘБІЛҚАСЫМОВА келді.

Ол 1978 жылы 1 тамызда туған. 1999 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын, Колумбия университетін, Гарвард университетінің Кеннеди атындағы Мемлекеттік басқару мектебін бітірген. Еңбек жолын ҚР Стратегиялық жоспарлау агенттігінің бас маманы болып бастаған. ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Стратегиялық жоспарлау басқармасының бастығы, «Маркетингтік-талдамалық зерттеулер орталығы» АҚ мемлекеттік саясатты талдау департаментінің директоры, ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Әлеуметтік-экономикалық бөлімі меңгерушісінің орынбасары, ҚР Президенті Әкімшілігінің Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығы меңгерушісінің орынбасары, ҚР Экономикалық даму және сауда вице-министрі, Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы басқарушысының орынбасары, ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі қызметтерін атқарған.

Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін 2014 жылдың тамызынан бастап ҚР Ұлттық экономика вице-министрі болды. «Астананың 10 жылдығы», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл», «Ерен еңбегі үшін», «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл», «ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл» медальдарымен марапатталған.

Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды Кәрім Насбекұлы КӨКІРЕКБАЕВ Жамбыл облысында туған. Алматы теміржол  көлігі  институтын жол  қатынастары инженері мамандығы бойынша бітірген. Экономика ғылымдарының кандидаты, құрметті теміржолшы. Әр жылдары Жамбыл облысы  Мойынқұм ауданының әкімі, Табиғи ресурстар  және  қоршаған ортаны қорғау вице-министрі,   «ЭйрҚазақТур» ЖШС-ның бас директоры, «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясының  вице-президенті, басқарушы директор, даму жөніндегі вице-президенті,  бас инженер болып  қызмет еткен.  Жамбыл облысы әкімінің орынбасары, Жамбыл облысы әкімнің бірінші орынбасары лауазымында болды. 2018 жылдың қаңтарына дейін Жамбыл облысының әкімі қызметін атқарды.

Оқи отырыңыз
Қайрат Мамидің күйеу баласының сыйақысы қанша?

Мемлекет басшысының Өкімімен Бақытжан Берікбайұлы ТЕМІРБОЛАТ Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Жалпы бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды. ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде кадрлық ауыс-түйіс болды.

Атап айтқанда,  агенттіктің Мемлекеттік қызмет көрсету департаменті директорының орынбасары қызметіне Расул МЕДЕТОВ тағайындалды. Ол ҚазМЗУ түлегі, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында білім алған, Шеффилд университетінің магистратурасын «Болашақ» бағдарламасы бойынша бітірген.

Ал агенттіктің Қызметкерлерді басқару қызметінің жетекшісі болып Елена ПОГОРЕЛОВА тағайындалды. Оның мемлекеттік қызметте 20 жылдан астам тәжірибесі бар. Атап айтқанда, ҚР Премьер-Министрінің кеңсесі құрылымында және экономикалық блоктағы министрліктерде жұмыс істеген.  

Агенттіктің әдеп уәкілі қызметіне ведомствода 10 жылдан астам уақыт бойы жұмыс істеп келе жатқан Зина БАЙГАСКИНА тағайындалды.

Есжан БІРТАНОВ «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды. Есжан Біртанов 1975 жылы Алматыда дүниеге келген. Ол түрлі жылдары ҚР Ұлттық банкінде жұмыс істеген, «Қазақстан қор биржасы» АҚ басқарма төрағасы болған. 2016 жылдың қаңтарынан бастап - «Ұлттық банктің ұлттық инвестициялық корпорациясы» АҚ басқарма төрағасы қызметін атқарған. Сондай-ақ, «Standard Life» адам өмірін сақтандыру компаниясы» АҚ тәуелсіз директоры - директорлар кеңесінің мүшесі.

Оқи отырыңыз
Мұхтар Құл-Мұхаммед сенатта кімнің орнын басты?

«Astana Arlans» бокс клубының директоры болып Бақтияр АРТАЕВ тағайындалды. Бақтияр Ғарифоллаұлы 1983 жылы 14 наурызда Тараз қаласында өмір есігін ашқан. Олимпиада чемпионы, Вел Баркер кубогының иегері, халықаралық спорт шебері, 1-дәрежелі Барыс орденінің иегері. 2004 жылғы Грекияның Афина қаласында өткен Олимпиадада бокстан 69 келі салмақ арасындағы жарыс чемпионы, ересектер арасында бокстан Дүние жүзі чемпионатының қола жүлдегері (2005 жыл қараша Мианьян қаласы, Қытай). 7 дүркін Қазақстан чемпионы. Бұған дейін Бақтияр Артаев «Тарлан Батырлары» ЖШС-ін басқарды.

Қанат САХАРИЯНОВ Atameken Business Channel телеарнасының бас директоры болып тағайындалды. Ол бұған дейін Atameken Business Channel Бақылау кеңесінің төрағасы және «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарушы директоры қызметін атқарған еді. Қанат Сахариянов сондай-ақ әр жылдары «КТК» телеарнасының бас директоры, «Хабар» агенттігі басқарма төрағасының орынбасары, «Қазмедиа орталығы» басқарушы компаниясы» ЖШС-ның бас директоры қызметтерін атқарған.

Дереккөз: ҚазАқпарат.

Фото: forbes.kz.

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
В Алматы начат снос незаконного рынка Жетысу-Семиречье
- Такой хороший рынок,не надо ездить далеко на барахолку, можно все, практически все найти на этом рынке - вещи, продукты, стройматериалы, бытовую технику и т.д. Жаль если он тоже уйдет под снос.
Хроники Верного. "Секретные материалы" из старой папки
- Да, эта папка имеет огромную ценность. Я потомок из этой семьи, очень много конечно утеряно в советское время информации. Папа говорит что старики наши шепотом о тех временах говорили. Ушли те кто мог бы поведать всю историю семьи, а в воспоминаниях папы только фрагменты тихих разговоров. Хотелось бы посетить архив в Алматы и соединить не достающие фрагменты. Спасибо за то что с таким теплом поведали нам историю семьи Шахворостовых. Вера
Скотч, камча и стигма: как страх перед психиатрией едва не стоил жизни молодой матери
- Все верно. Самое тяжелое это предательство мужа в такой ситуации. Задумываешься - стоит ли жить с человеком, на которого нельзя положиться.
От службы в уголовном розыске к общественной работе и званию академика
- В одной статье, какой бы она ни была, невозможно описать и передать всю жизнь человека, глубину его души, все его дела и человеческие качества, проявленные во имя служения народу и общественной деятельности.
От службы в уголовном розыске к общественной работе и званию академика
- Александр Петрович, для меня большая честь и настоящая ценность знать Вас лично и называть своим другом. За всеми Вашими званиями и наградами прежде всего стоит человек, на которого всегда можно положиться. Искренне благодарен судьбе за нашу дружбу, Вашу поддержку, доброе отношение и человеческое тепло. Крепкого Вам здоровья и долгих лет жизни. Горжусь нашей дружбой!
Страховых выплат после ДТП не будет? Что предлагают страховщики
- Добрый день. Страховые компании пытаются ограничить возможности автовладельцев. И получить больший доход. Прикрываясь защитой от "помогаек". Через какое-то время, если примут изменения законодательно, автовладельцы столкнутся с низким качеством кузовного ремонта и будут вынуждены уже судиться с кузовными и малярными мастерами. А это потеря времени и денег.
На Каспии начались военные учения Хазар қорғаны-2026
- Как профессиональный процессник не могу пройти мимо. Люди, Процессы, Технологии - фундамент любой организации - и задача руководства обеспечить слаженность взаимодействия этих трех составляющих. Не понимание этих фундаменталых основ - к сожалению бич нашего времени. Копни в любое министерство или частную компанию - везде одно и то же - нет должного внимания к этим фундаментальным блокам - как результат трагедии, финансовые потери и невозможность быть конкуретноспособным)). Алга Казахстан!)