Қаз   Рус

Төраға ауысқанымен сот жүйесі өзгере ме?

195 қаралды
0
Ратель
Понедельник, 18 Дек 2017, 10:30

Өткен аптада аса маңызды кадрлық тағайындаулар болды

Атап айтқанда, орталық билік органдарында кадрлық өзгертулер болды. ҚазАқпарат апта ішінде болған өзге де тағайындауларға дәстүрлі шолуын ұсынады.

11 желтоқсан күні Парламент Сенаты Жоғарғы Сот төрағасы лауазымына Елбасы ұсынған АСАНОВ Жақып Қажманұлының кандидатурасын қолдады. Жақып Қажыманұлы Асанов 1963 жылы 17 тамызда Қызылорда қаласында дүниеге келген.С.М.Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетін «құқықтану» мамандығы бойынша аяқтаған. Еңбек жолын Қызылорда облыстық адвокаттар коллегиясына тағылымдамашы болып бастаған. Әр жылдары Қызылорда облысының прокуратура органдарында, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасында қызмет атқарған. 2016 жылғы 25 сәуірде Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры лауазымына тағайындалған.

Оқи отырыңыз
Жоғарғы Сот төрағасы неге ауысқаны белгілі болды

Жоғарғы Сот төрағасы қызметінен кеткен Қайрат МӘМИ Конституциялық Кеңестің төрағалығы лауазымына тағайындалды. Қайрат Әбдіразақұлы 1954 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген. Түрлі жылдары ҚР Әділет вице-министрі, ҚР Президенті Әкімшілігі жетекшісінің орынбасары, ҚР Жоғары соты төрағасы, ҚР Бас прокуроры, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы болған.

Өз кезегінде Конституциялық Кеңестің төрағасы болған Игорь РОГОВ Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасының Қорына атқарушы директордың орынбасары болып тағайындалды. Игорь Рогов 1950 жылы Бакуде дүниеге келген. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген (1973), құқықтанушы. Заң ғылымдарының докторы. Алматы қаласы Әуезов аудандық ішкі істер бөлімінің тергеушісі, С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті заң факультетінің ассисенті, аға оқытушысы, деканының орынбасары, доценті, ҚР Президенті Кеңсесі мен Министрлер Кабинеті мемлекеттік-құқықтық бөлімінің консультанты, аға референті, құқық қорғау органдары секторының меңгерушісі болып еңбк еткен.  1992 жылдың шілде айында ҚР Конституциялық соты төрағасының орынбасары болып тағайындалды. 1995 жылдан бастап ҚР Президентінің көмекшісі және кеңесшісі болды. 2004 жылдың 15 маусымында Республиканың Конституциялық Кеңесінің төрағасы болды.

Сондай-ақ, бұл аптада Өмірзақ ШӨКЕЕВТІҢ «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы қызметінен кеткені хабарланды. Шөкеев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі болып тағайындалды. Өмірзақ Шөкеев 1964 жылдың 12 наурызында Түркістан қаласында дүниеге келді. 1986 жылы Мәскеу экономикалық-статистикалық институтын экономист-математик мамандығы бойынша тәмамдаған. ҚР Экономика министрі, ҚР Экономика және сауда министрі, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары, «Банк Тұран-Әлем» ЖАҚ Басқармасының төрағасы, Қостанай облысының, Оңтүстік Қазақстан облысының және Астана қаласының әкімі лауазымдарын атқарды. 2011 жылдан бастап «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Басқарма төрағасы болды.

Оқи отырыңыз
Әлия Назарбаеваның жаңа қызметі және Алматының "бас" дәрігері

Осы аптада Мемлекет басшысы Алик Жатқанбайұлы ШПЕКБАЕВТЫ Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы қызметіне тағайындады. А. Шпекбаев 1957 жылы 4 шілдеде Алматы облысы, Қаскелең ауданында дүниеге келген. Түрлі жылдары Алматы облысының ішкі істер басқармасының басшысы, ҚР Ішкі істер вице-министрі, ҚР Президенті Әкімшілігі Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс істеген. Соңғы тағайындауға дейін Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының орынбасары болған.

Сонымен бірге, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының төрағасы болған Қайрат ҚОЖАМЖАРОВ Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ұсынысымен ҚР Бас прокуроры лауазымына тағайындалды.  52 жастағы Қайрат Қожамжаров прокуратура органдарында, кеден және қаржы полициясы органдарында жұмыс істеген. Түрлі жылдары ол Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің төрағасы, Ақмола облысының әкімі, ҚР Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының төрағасы қызметтерін атқарған.

Бұл аптада «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы Дәулет Рысқұлбекұлы ОСПАНОВ басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылды және бұл лауазымға Мемлекет басшысының Өкімімен Қаныш Асанханұлы ӘБУБӘКІРОВ тағайындалды.

Оқи отырыңыз
Қайрат Қожамжаров Бас прокурор болды

 Бұл аптада Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары қызметіне Жанат Қуанышұлы СҮЛЕЙМЕНОВ тағайындалды. Жанат Сүлейменов 1962 жылдың 22 шілдесінде дүниеге келген. Ол 1984 КСРО ІІМ Қарағанды жоғары мектебін, 2001 жылы ҚР ІІМ Академиясын бітірген. Өзінің еңбек жолында Ж.Сүлейменов ІІМ криминалды полиция мен есірткі бизнесімен күрес комитеттерін және Көлік ІІМ департаменттерін басқарған. Соңғы жылдары Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарының ішкі істер департаментттерінің басшысы лауазымында болды.

Сонымен бірге, Қазақстанның Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов бірқатар облыстар мен Астана қаласының ІІД басшыларын ауыстырды.

Атап айтқанда, елордалық ІІД-нің басшысы болып генерал-майор Марат ҚОЖАЕВ тағайындалды. Полиция генерал-майоры Амантай Әубәкіров Павлодар облыстық ІІД-ні басқаратын болады. Оңтүстік Қазақстан облыстық Ішкі істер департаментінің басшылығына полиция полковнигі, бұған дейін Маңғыстау облыстық ІІД басқарған Қайрат Далбеков тағайындалды.

 Бұл аптада «Бәйтерек» ұлттық басқару холдингінің жаңа төрағасы болып Айдар ӘРІПХАНОВ тағайындалды. Айдар Әріпхановтың мемлекеттік басқару және экономикалық саясат саласында 20 жылдан астам еңбек тәжірибесі бар. Әр жылдары ол ҚР Қаржы вице-министрі, ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі басшысының орынбасары, ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау вице-министрі, ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі, ҚР Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының орынбасары, «Қазақтелеком» АҚ басқарушы директоры болды. 2011 жылғы мамырдан бастап «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқармасы төрағасының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары лауазымын атқарды.

Дереккөз: Қазақпарат

Фото: infozakon.kz

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
В Алматы начат снос незаконного рынка Жетысу-Семиречье
- Такой хороший рынок,не надо ездить далеко на барахолку, можно все, практически все найти на этом рынке - вещи, продукты, стройматериалы, бытовую технику и т.д. Жаль если он тоже уйдет под снос.
Хроники Верного. "Секретные материалы" из старой папки
- Да, эта папка имеет огромную ценность. Я потомок из этой семьи, очень много конечно утеряно в советское время информации. Папа говорит что старики наши шепотом о тех временах говорили. Ушли те кто мог бы поведать всю историю семьи, а в воспоминаниях папы только фрагменты тихих разговоров. Хотелось бы посетить архив в Алматы и соединить не достающие фрагменты. Спасибо за то что с таким теплом поведали нам историю семьи Шахворостовых. Вера
Скотч, камча и стигма: как страх перед психиатрией едва не стоил жизни молодой матери
- Все верно. Самое тяжелое это предательство мужа в такой ситуации. Задумываешься - стоит ли жить с человеком, на которого нельзя положиться.
От службы в уголовном розыске к общественной работе и званию академика
- В одной статье, какой бы она ни была, невозможно описать и передать всю жизнь человека, глубину его души, все его дела и человеческие качества, проявленные во имя служения народу и общественной деятельности.
От службы в уголовном розыске к общественной работе и званию академика
- Александр Петрович, для меня большая честь и настоящая ценность знать Вас лично и называть своим другом. За всеми Вашими званиями и наградами прежде всего стоит человек, на которого всегда можно положиться. Искренне благодарен судьбе за нашу дружбу, Вашу поддержку, доброе отношение и человеческое тепло. Крепкого Вам здоровья и долгих лет жизни. Горжусь нашей дружбой!
Страховых выплат после ДТП не будет? Что предлагают страховщики
- Добрый день. Страховые компании пытаются ограничить возможности автовладельцев. И получить больший доход. Прикрываясь защитой от "помогаек". Через какое-то время, если примут изменения законодательно, автовладельцы столкнутся с низким качеством кузовного ремонта и будут вынуждены уже судиться с кузовными и малярными мастерами. А это потеря времени и денег.
На Каспии начались военные учения Хазар қорғаны-2026
- Как профессиональный процессник не могу пройти мимо. Люди, Процессы, Технологии - фундамент любой организации - и задача руководства обеспечить слаженность взаимодействия этих трех составляющих. Не понимание этих фундаменталых основ - к сожалению бич нашего времени. Копни в любое министерство или частную компанию - везде одно и то же - нет должного внимания к этим фундаментальным блокам - как результат трагедии, финансовые потери и невозможность быть конкуретноспособным)). Алга Казахстан!)