Қаз   Рус

Қарағанды мектебінде бірден үш бала сары ауру жұқтырған

204 қаралды
0
Айман САҒАТАЙ
Среда, 17 Янв 2018, 11:00

Тиісті санитарлық нормаларды сақтамағаны үшін білім ордасы айыппұл төлейтін болады

Қысқы демалыстан кейінгі бірінші оқу күнінде, яғни 8 қаңтарда жетінші сынып оқушысы іші ауруы мен жүрек айну белгілерімен облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына түседі. Келесі күні тиісті сараптаманың қорытындысы гепатиттің А түрін анықтаған.

«Сегізі күні біздің ауруханаға 58-ші мектептен оқушы түсті, баланың іші ауырып, құсқысы келген, басы айналған. Келесі күні сараптама гепатиттің А түрі анықтады. Төрт күннен кейін тағы осы мектептен, сыныптасы сондай белгілермен түсті. Үшінші науқас қантардың 14-де бізге көрінді. Үшеуіне де сары ауру деген диагноз қойылып отыр. Қазір ем-дом қабылдап жатыр. Қаншалықты тез жазылатыны ағзаға байланысты. Кейбірінде бұқ дерт созылмалы болып келеді», дейді Гүлмира БЕКЗАТОВА облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының басшысы.

Үш бірдей оқушы жұқтырған мектепте ешқандай тазарту жұмыстары жүргізілмеген. Санитарлық нормаға сәйкес, дезинфекция жасалынбағаны анықталды. Тек екі бала ауруды жұқтырған сыныпта карантин жарияланған.

«Біз сары аурумен жетінші сыныпты карантинге жаптық. Балалар дәлізден шықпады. Бірінші бала демалыстан кейін ауырып келген соң, аурудың ошағы нақты мектеп екені күмәнді болды. Сондықтан, еш шара қолданбадық. Қазір дезинфекция жұмыстары жүргізіліп жатыр», деді бір аптадан кейін әрекетке енді көшкен мектеп басшысы Татьяна БАЛҒАБЕКОВА.

Мектеп ұжымы тиісті шараларды уақытында қолданбағанын облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департамент қызметкерлері тексеріс барысыда анықтап үлгеріпті.

«Мектепте сары ауру жұқтырған фактілері анықтаған бойда, мектеп басшысы өзі бізді тоспай алғашқы тазарту шараларын жүргізу керек еді. Ондай шара өткізілмеген. Қазір тергеу жүргізіліп жатыр. Бірақ,  бұл мектепке айыппұл салынатыны анық. Бір мектептен үш бала жұқтырса, дерттің ошағы осында деп айтуға негіз бар. Ал, үйден жұқтырса, қасында жүрген туыстарынан анықталу керек еді, әзірге ондай науқастар болған жоқ. Тексеріс қорытындысы он күннен кейін белгілі болады», деді мекеме басшысының орынбасары Гүлжан БАЙГУТАНОВА.

Мамандардың айтуынша, Қарағанды облысында үш жылдан бері мектеп қабырғасында сары ауруға шалдыққан оқушылар болмаған. Сондықтан, бұл жағдай оларды алаңдатып отыр.

Автордың фотосы.

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
В Алматы начат снос незаконного рынка Жетысу-Семиречье
- Такой хороший рынок,не надо ездить далеко на барахолку, можно все, практически все найти на этом рынке - вещи, продукты, стройматериалы, бытовую технику и т.д. Жаль если он тоже уйдет под снос.
Хроники Верного. "Секретные материалы" из старой папки
- Да, эта папка имеет огромную ценность. Я потомок из этой семьи, очень много конечно утеряно в советское время информации. Папа говорит что старики наши шепотом о тех временах говорили. Ушли те кто мог бы поведать всю историю семьи, а в воспоминаниях папы только фрагменты тихих разговоров. Хотелось бы посетить архив в Алматы и соединить не достающие фрагменты. Спасибо за то что с таким теплом поведали нам историю семьи Шахворостовых. Вера
Скотч, камча и стигма: как страх перед психиатрией едва не стоил жизни молодой матери
- Все верно. Самое тяжелое это предательство мужа в такой ситуации. Задумываешься - стоит ли жить с человеком, на которого нельзя положиться.
От службы в уголовном розыске к общественной работе и званию академика
- В одной статье, какой бы она ни была, невозможно описать и передать всю жизнь человека, глубину его души, все его дела и человеческие качества, проявленные во имя служения народу и общественной деятельности.
От службы в уголовном розыске к общественной работе и званию академика
- Александр Петрович, для меня большая честь и настоящая ценность знать Вас лично и называть своим другом. За всеми Вашими званиями и наградами прежде всего стоит человек, на которого всегда можно положиться. Искренне благодарен судьбе за нашу дружбу, Вашу поддержку, доброе отношение и человеческое тепло. Крепкого Вам здоровья и долгих лет жизни. Горжусь нашей дружбой!
Страховых выплат после ДТП не будет? Что предлагают страховщики
- Добрый день. Страховые компании пытаются ограничить возможности автовладельцев. И получить больший доход. Прикрываясь защитой от "помогаек". Через какое-то время, если примут изменения законодательно, автовладельцы столкнутся с низким качеством кузовного ремонта и будут вынуждены уже судиться с кузовными и малярными мастерами. А это потеря времени и денег.
На Каспии начались военные учения Хазар қорғаны-2026
- Как профессиональный процессник не могу пройти мимо. Люди, Процессы, Технологии - фундамент любой организации - и задача руководства обеспечить слаженность взаимодействия этих трех составляющих. Не понимание этих фундаменталых основ - к сожалению бич нашего времени. Копни в любое министерство или частную компанию - везде одно и то же - нет должного внимания к этим фундаментальным блокам - как результат трагедии, финансовые потери и невозможность быть конкуретноспособным)). Алга Казахстан!)