Қаз   Рус

Қарағандыда Айзеренің өліміне қатысты наразылық акциясы өтті

1317 қаралды
0
Айман САҒАТАЙ
Пятница, 05 Янв 2018, 19:15

Өлімге кінәлі адамдарды табудың орнына ақша ұсынғандар болды

Қарағандыда жаңа жыл қарсаңында қайтыс болған үш жасар Айзере ҚАҚАРМАНОВАНЫҢ өлімі қала халқын бейжай қалдырмады. Бүгін қаладағы жұқпалы аурухананың  зардабын тартқан бірнеше қарағандылық облыстық прокуратураның алдына жиналып, өз наразылықтарын білдірді.  

 

 «Мен Диананың(Айзера Қақарманованың анасы) жағдайын жақсы түсінемін.  Себебі, дәл сол жағдайға мен түстім. Баламның іші аурып, үлкен дәреті сұйылтып кетті. Аталған емге араша түскен дәргерлердің салдарынан, балам реанимациядан бірақ шықты. Катетерді дұрыс салмағандықтан, сұйықтық барлық денеге тарап кеткен. Кейін ол басқа да шапқан», - дейді Нина ТАУБЕ.

Бұл Нина Таубенің басынан екі жыл бұрын өткен оқиға. Баласы жан сақтау бөліміне түскен соң қолхат беріп аруханадан шығып кетіпті. Егер ауруханада қала берсем Динанадай қара жамылып қалар ма едім дейді ол.

Оқи отырыңыз
Үш жасар Айзеренің өлім себебі белгілі болды

Нинаның сөзін Гүлзат СЕЙІТОВА, Рита ЖАҚЫПБАЕВА сынды қала тұрғындары да растайды. Олардың айтуынша, дәрігерлер өз ісіне салғырт қарайды. Тіпті, тамақты малға әкелгендей шелекпен беріп, науқастардың диагнозы анықталмайды екен. 1,5 жыл бұрын бұл ауруханаға баласымен жатқан Гүлзат Сейітова перзентіне жалынып жүріп ем-дом жасатыпты.

 «Онда дәрігерлер қарамайды. Мен балама система салып беріңізші деп жалынып жүріп, әйтеуір салдырттым. Оның өзі «менің система салғанымды ешкімге айтпа» деген ұсыныспен. Менің балам ол кезде бес айлық болатын. Санитар қызметкерлерін мүлдем сөзім жоқ. Бала құсып қойса, өзіңне еден «тряпкасын» лақтырады. Аурухана лас, дизинфекция мен жатқан күндерде жүргізілген жоқ», - дейді Гүлзат СЕЙІТОВА.

Естеріңізге сала кетейік, Айзере Қақарманова жаңа жыл қарсаңында көз жұмған. Бала 23 желтоқсан күні жөтеліп медициналық көмекке жүгінген. 28-ші желтоқсанда ауруханадан шықпақ болғанда құсып, қызуы көтерілген. Дәрігерлер үш жасар қыз ішек инфекциясына ұшырап, энтероколит ауруынан жүріп кетті деп қортынды шығарған болатын. Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқарма басшысы орынбасары Гүлбану МАМАЛИЕВА бұл жағдайға дәрігерлер кінәлі емес  деген болатын. 

Айзеренің ата-анасы «Нұр Отан» партиясына да шағымданған. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы қаралы отбасыға қаржылай көмек ұсыныпты.

«Кеше маған қаржылық көмек ұсынды. Жерлеу рәсімдерін көтерейік деген әңгімелер де болды. Бірақ маған әлемнің ақшасын табанымның астына тастаса да, мен оны алмаймын. Маған олардан бір тиын да керек емес. Салғырттық үшін әр дәрігер тиісті жазасын тартсын», - дейді Диана ҚАҚАРМАНОВА.

Қазыбек би аудандық прокуратурасының мәліметінше, 357 бап бойынша  қылмыстық іс қоғалып, тергеу басталып кетті. Қарағанды қаласындағы кішкентай Айзеренің өлімі қазір қоғамдық резонанс тудырып отыр. Бұл істі өңірге іс сапармен келген мәжіліс депутаты Гүлнар БИЖАНОВА да өз бақылауына алғанын мәлімдеді.

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
На Каспии начались военные учения Хазар қорғаны-2026
- Как профессиональный процессник не могу пройти мимо. Люди, Процессы, Технологии - фундамент любой организации - и задача руководства обеспечить слаженность взаимодействия этих трех составляющих. Не понимание этих фундаменталых основ - к сожалению бич нашего времени. Копни в любое министерство или частную компанию - везде одно и то же - нет должного внимания к этим фундаментальным блокам - как результат трагедии, финансовые потери и невозможность быть конкуретноспособным)). Алга Казахстан!)
Масоны Казахстана: кто они и чем занимаются на самом деле
- Вторая статья о масонах!!! Что делается?! И правильно делают, что относятся с осторожностью, след в истории оставили уже. Работают с расчетом на века!
В Алматы произошло землетрясение интенсивностью 3–4 балла
- Оповещаеие должно быть на ясно казахском и на русском , то что сегодня оповестили на ломанном казахском не понятно для многих людей , даже казахской национальности
102 километра в объезд Сарыагаша
- Отличная новость. У меня вопрос где начинается и где заканчивается, вернее где съезды этой дороги?
Как Олжас Сулейменов стал жертвой фейка
- В конце 90х гг., когда еще не было интернета в нашем селе, я училась в 9 классе, в учебнике русской литературы был именно этот стих О.Сулейменова, который начинался так "Айналайын - чудесное слово, жаль, что его русский не поймет.."
Любое учреждение, где есть дети, смогут проверить без предупреждения в Алматы
- Благодарим Жанат, очень своевременная программа. Желаем вам и вашей команде успехов. Мне хотелось бы поучаствовать, быть полезной в вашей работе.
Как в Казахстане можно пятнадцать лет не исполнять решение суда
- Не удивительно,у меня есть решение суда с 2008 и не исполнено по сей день,на сумму 3000млн.тенге,хотя исполнительный находится у ЧСИ,вроде как решение суда не имеет ни какой силы,должникам закон не писан!