Қаз   Рус

Ақтөбеде балабақша тәрбиешілері аштық жарияламақшы

250 қаралды
0
Дмитрий МАТВЕЕВ
Вторник, 13 Фев 2018, 12:15

Өткен жылдан бері айлықтарын ала алмай жүрген әйелдер осындай қадамға баруға мәжбүр

«Ақеркеш» жеке меншік бала бақшасының сегіз жұмысшысы Ақтөбе білім бөліміне қатаң талап қойды. Егер де төрт ай бойы кешіктіріп жатқан еңбекақысы берілмесе олар аштық жариялауға мәжбүр. Қарсылық акциясын бала бақшада өткізбек. Кеше 12-ақпанда тәрбиелеушілер жазбаша талаптарын апарып берді. 

Оқи отырыңыз
Мектеп хиджаб киетін орын емес

- Менің еңбекақым - 50 мың теңге. Сол ақшаны өткен жылдың  қараша айынан бері ала алмай келе жатырмын. Бұл соншалықты көп қаражат емес қой. Депутаттардікіндей 650 мың теңге емес! – Ақтөбе білім бөлімі басшысы орынбасары Рустам ӘЛЖАНОВПЕН кездескенде бала бақша тәрбиелеушісі Құрманбике ТАТАЕВА осылай деді.

Ал басқалары дүкендер, банктер мен достарына қарыз екенін дәлелдейтін құжаттарды көрсетті.

Ал Гүлжан МҰСАҒАЛИЕВА отбасымен далада қаңғып қалуы мүмкін. Шаңырақтың жалғыз асыраушысы да өзі. Жалдап тұрып жатқан пәтер иесі күнде ақшасын сұрап келеді. Әкімдіктің айлықты кешіктіріп жатқаны жалға пәтер берушінің проблемасы емес.

Наразы топтың сөзін тыңдап болғасын шенеунік айлықтың берілмеуіне өздері кінәлі екенін айтты. Және еңбекақысыз еңбек етіп жатқан жалғыз сендер ғана емессіңдер деді. Былтыр Ақтөбедегі бала бақшаларда мемлекеттік тапсырыс бойынша қосымша топтар ашылған. Топтардың ашылғанымен оған қаражат аударылмай қалған. Сондықтан білім басқармасындағы шенеуніктер жұмыс жасап жатқан және мемлекеттік тапсырыс бойынша ашылған топтарға теңдей ғылып ақшаны бөліп берген. Артынша процедураға сәйкес білім басқармасы әкімдіктен қосымша ақша сұрайды. Ол ұсыныс қаралып оны бекіткенше 20 балабақшаға 70 миллион теңге қарыз болып қалады.

Білім басқармасындағылар мәселенің мән жәйін осылайша ашық түсіндіргенімен айлықсыз жұрт сабасына түсе қоймады. Есепшілер тіпті қараша айының айлығы есеп шотқа аударылды деп құжаттарды да көрсетті. Желтоқсан айының ақшасыда аударылады деді. Уәдеге тойған бала бақша қызметкерлері ақыры дәл білім басқармасының кеңсесінде аштық жариялауға бекінді.

Рустам Әлжанов тағы да бір апта шыдасаңыздар. «Ақеркеш» бала бақшасына берешегіміз көп емес. Бар жоғы 3 миллион 700 мың теңге деп қиылды.   

 - Келесі аптада айлықтарын тәрбиелеушілер де басқа да жұмысшылар алатын болады! – ант су ішіп осылай деді Ақтөбе білім басқармасы басшысының орынбасары.

- Тағы да біздің ақшамызды монитордан көрсетесіз бе? – деп айқайлады әйелдер.

Содан кейін олар сөмкелерінен тамақтарып алып шығып, баспалдақтарға жайғасып отыра бастады. Маңдай ақымызды қолымызға ұстатпасаңдар кетпейміз деген олар бұл жолы шенділердің есін тіптен шығарды. Әйтеуір жарты сағаттан кейін райларынан қайтарғандай болды-ау. Келіссөздер шенеуніктің кабинетінде жалғасып, ақыры әйелдер тағы да екі күн күтетін болып тарқасты.

Өткен аптада Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс ИСПАНОВ осы жылдан бастап мемлекеттік балабақшалардың мүлдем болмайтынын айтты. Барлық мектепке дейінгі мекемелер жеке кәсіпкерлердің басқаруына берілетін болады екен.

Әкім мемлекеттік балабақшаларды салуға бюджеттен ақша табылмайтынын мойындады.

P.S. Бүгін «Ақеркеш» бала бақшасының қызметкерлері Ratel.kz тілшісіне айлықтарын алғанын хабарлады. Сондай-ақ, мектепке дейінгі мекемелердің қаржысына жауапты бас маманның қызметінен алынғаны туралы ақпаратты қалалық білім басқармасы журналисттермен бөлісті.

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
В Алматы врачи ГКБ №7 полностью реабилитировали пациента после тяжелейшей травмы таза и мочеполовой системы
- Больше похоже на PR-акцию чем на правду. Обычно в ГКБ-7, как и в других больницах, редкостные с... Меня пару раз привозили туда при острых приступах воспаления поджелудочной. Могли бы просто прокапать, но каждый раз делали кучу анализов, потом отправляли подальше. Один раз даже в инфекционную... Каждый раз там в приемной куча больных ором орет от равнодушия врачей...
Любое учреждение, где есть дети, смогут проверить без предупреждения в Алматы
- Благодарим Жанат, очень своевременная программа. Желаем вам и вашей команде успехов. Мне хотелось бы поучаствовать, быть полезной в вашей работе.
Как в Казахстане можно пятнадцать лет не исполнять решение суда
- Не удивительно,у меня есть решение суда с 2008 и не исполнено по сей день,на сумму 3000млн.тенге,хотя исполнительный находится у ЧСИ,вроде как решение суда не имеет ни какой силы,должникам закон не писан!
Ушел из жизни Юрий Мизинов
- Очень жаль, что в Казахстане очень мало таких журналистов каким был Юрий Мизинов.
Когда правительство возьмётся за яйца
- Просто шедевральная статья. Особенно в точности описывает функции партий, которые описаны в данной статье. Изречения которые должны быть прочитаны и приняты во внимание. Самое главное чтобы данный ежедневник был прочитан и принят во внимание. (Про выражение где фигурирует Троцкий просто ШЕДЕВРАЛЬНО и в точку)...
Отчего после публикаций Ratel.kz нервничают в ТОО "AB Energo"
- Сергей, ОГРОМНОЕ Вам спасибо за новое расследование. Всегда держите в напряжение. Ожидаем продолжение... (Интересно, что скажет ещё на это и ГУ "Аппарат акима Абайского района Карагандинской области)