Қаз   Рус

Ақыры ешкім келмеді

321 қаралды
0
Айман САҒАТАЙ
Среда, 13 Дек 2017, 08:00

Кеншілермен кездесуге не облыс әкімі, не «АрселорМитталТеміртау» басшысы келмеген

Наразылық акциясын өткізіп жатқан «АрселорМитталТеміртау» шахтерлар өкілдері сейсенбі күні, 12 желтоқсанда таңертеңнен бастап Қарағанды облыс әкімі Ерлан ҚОШАНОВ пен компанияның бас директоры Парамжит КАЛОНАНЫ күтті.

Олар «Тентек» шахтасына күндізгі сағат 3-те келеді деген ақпарат тараған болатын. Алайда ешқайсысы да төбесін көрсетпеді. Шенділерді күтіп шаршаған халық кешке тараған.

Кейін, сағат кешкі 8 шамасында өзара ақпарат алмасып отырған месенжерде шахтерлардың бірі: «ақыры ешкім келмеді, бірақ, компаниядан бейтаныс біреу келіп, жалақы тек 30 пайызға көтеріледі деп айтты», деген ақпарат таратты. Оның өзі жер астындағы жұмысшыларға ғана қатысты, ал басқасына, тек 10 пайыз қосылуы мүмкін.

Өзін таныстырмаған компания өкілінің: «Қанша отырсаңдар да, түк шықпайды бұдан. Отыра беріңдер, осылай! Бәрібір осыдан артық бермейміз!», деген сөзін жеткізді кенші.

Ал, шахтерлардың әйелдері мен еріктілер күні бойы азық-түлік жеткізумен болды. Сегіз бірдей шахта жұмысшылары еңбекақыны 100 пайызға өсіру туралы талап қойған болатын. Бүгін «Тентек» шахтасына келген еріктілер жер астындағы кеншілерге жылу жиналып жатқанын мәлімдеді.

«Кеншілердің әйелдері ыстық тамақ, кейбіреулері күйеулеріне хат та жазып жіберген. Біз соны әкелдік. Басқа еріктілер де тартылып жатыр. Ақшалай жинап, нан, шұжық, суларын сатып алдық», - деді ерікті Елена ТУЛУПОВА.

Оқи отырыңыз
Ереуілге шыққан шахтерлар саны 600-ден асты

Айлық табыстары орташа есеппен алғанда 120 мыңды құрайтын кеншілердің жағдайы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Тамара ДҮЙСЕНОВАҒА да жеткен. Министр өз кезегінде жер астындағы шахтерлерге компания тарапынан барлық жағдай жасалып жатқанын мәлімдеген. Атап айтқанда, жедел жәрдем көмегі мен азық-түлік тұрақты беріліп жатыр деген еді.

«Қарағанды облысының әкімдігі берген мәліметтерге сәйкес, олар 684 адам. Ең бастысы, медициналық көмек пен тамақтану бойынша барлық қажетті шаралар қолға алынған», - деген еді Тамара Дүйсенова.

Алайда, еріктілер керісінше, екі күннен бері ыстық тамақтың берілмегенін алға тартып отыр.

«Міне, біз үш шахтада болып келдік. Соңғысы осы Тентек шахтасы. Кешеден бері жер астындағы шахтерлар ыстық тамақ ішпеген. Еріксіз біз бүгін өзіміз кірістік», - дейді олар.

Қазіргі таңда «АрселорМиттал Темиртау» компаниясының барлық сегіз шахтасында кеншілер ереуілді жалғастыруда.

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
От службы в уголовном розыске к общественной работе и званию академика
- Александр Петрович, для меня большая честь и настоящая ценность знать Вас лично и называть своим другом. За всеми Вашими званиями и наградами прежде всего стоит человек, на которого всегда можно положиться. Искренне благодарен судьбе за нашу дружбу, Вашу поддержку, доброе отношение и человеческое тепло. Крепкого Вам здоровья и долгих лет жизни. Горжусь нашей дружбой!
Страховых выплат после ДТП не будет? Что предлагают страховщики
- Добрый день. Страховые компании пытаются ограничить возможности автовладельцев. И получить больший доход. Прикрываясь защитой от "помогаек". Через какое-то время, если примут изменения законодательно, автовладельцы столкнутся с низким качеством кузовного ремонта и будут вынуждены уже судиться с кузовными и малярными мастерами. А это потеря времени и денег.
На Каспии начались военные учения Хазар қорғаны-2026
- Как профессиональный процессник не могу пройти мимо. Люди, Процессы, Технологии - фундамент любой организации - и задача руководства обеспечить слаженность взаимодействия этих трех составляющих. Не понимание этих фундаменталых основ - к сожалению бич нашего времени. Копни в любое министерство или частную компанию - везде одно и то же - нет должного внимания к этим фундаментальным блокам - как результат трагедии, финансовые потери и невозможность быть конкуретноспособным)). Алга Казахстан!)
Масоны Казахстана: кто они и чем занимаются на самом деле
- Вторая статья о масонах!!! Что делается?! И правильно делают, что относятся с осторожностью, след в истории оставили уже. Работают с расчетом на века!
В Алматы произошло землетрясение интенсивностью 3–4 балла
- Оповещаеие должно быть на ясно казахском и на русском , то что сегодня оповестили на ломанном казахском не понятно для многих людей , даже казахской национальности
102 километра в объезд Сарыагаша
- Отличная новость. У меня вопрос где начинается и где заканчивается, вернее где съезды этой дороги?
Как Олжас Сулейменов стал жертвой фейка
- В конце 90х гг., когда еще не было интернета в нашем селе, я училась в 9 классе, в учебнике русской литературы был именно этот стих О.Сулейменова, который начинался так "Айналайын - чудесное слово, жаль, что его русский не поймет.."