Қаз   Рус

Банктер заңсыз пайда тауып жүр

4892 қаралды
0
Ратель
Среда, 22 Ноя 2017, 13:05

Несиеге қызмет көрсетілгені үшін клиенттерден комиссия алып отырған банктер саналы түрде заңды бұзып отыр

Мәжіліс депутаты Нұртай САБИЛЬЯНОВТЫҢ елдегі екінші дәрежелі банктердің қызметіне көңілі толмайды. Дәлірек айтсақ, банктердің комиссия үшін тым қымбат алатыны.

«...Мысалы ветеринарлық сертификатты алу үшін мемлекеттік баж салығына 70 теңге төлейді. Ал банктің комиссиясы баж салығынан үш есе көп. Егер банктер комиссия үшін төленетін ақшаны азайтпаса, үкімет баж салығын төлеудің басқаша жолын қарастыру керек», - деді депутат мәжілісте өткен үкімет сағатында.

Нұртай Салихұлының сөзінде жан бар. Депутат айтқандай, сертификатқа 70 теңге төлеу үшін, банктің өзіне 210 теңге төлеуге тиіссің. Жалпы, банктердің қызметіне көңіл толмаушылар аз емес.

Оқи отырыңыз
Казахстанские банки незаконно наживаются на клиентах

Мәселен, былтыр ақтөбелік судья  Айна  АБДРАЕВА біздің тілшіміз Дмитрий МАТВЕЕВКЕ берген сұхбатында екінші дәрежелі банктердің несие берудегі тонау әдісі туралы айтып берген. Банктен несие алу кезінде келісімшартқа мұқият қарасаңыз, банк клиенттен ай сайын қарыз шотының қызметі үшін ақша ұстайды деген тарау бар. Келісімшарттағы дәл осы тарау сіз бен біздің қалтамыздан ақшаны қағады.

Қарыз шоты дегеніміз бұл банктің шоты. Қарыз алушының атына ашылады. Осы жерге банктен клиентке ақша аударылады. Несие алушы алған ақшасын осы шотқа  аударып қайтарады.

«Орташа есеппен қарыз шотының қызметі үшін 2500 бен 4000 мың теңгенің арасында төлейсіз. Банкирлер бұл ақшаны заңсыз алып отыр. ҚР заңнамасының 6 бабы (төлемдер мен ақша аударымдары туралы) бар. Сонда былай жазылған. Банкілік шот банкі мен клиент арасындағы кез-келген қарым қатынасты көріп, біліп отыру үшін қажет. Сондай-ақ, қарапайым тұтынушы ашқан несиеге қызмет көрсетуге банк Ұлттық банк алдында міндетті. Яғни бұл екінші дәрежелі банктердің міндеті», - дейді судья.

Судья банктер өз әрекеттерінің заңсыз екенін жақсы білетінін айтады. 2012 жылы  9 ақпанда Ұлттық банк барлық коммерциялық банктерге арнайы хат жолдапты. Бұл № 667/206/740  нөмірмен белгіленген хатта  қарыз шотына комиссия енгізу заң бұзушылық екені жазылған.

Сондай-ақ, банктердің заңсыз әрекетіне бір кездері ҚР қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау Агенттігі де тиым салыпты.  

«...Және бұл жайлы ҚР қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау Агенттігінің 2011 жылдың 28 ақпанында 19 нөмірмен бекіткен «Банктік қызметтер көрсету ережесі және қызмет көрсету барысында клиенттерден түскен шағымдарды қарау ережесі» бар.

 

Оқи отырыңыз
Мораторий жарияланса да жер сатылып жатыр

Ол ережеге сәйкес те екінші дәрежелі банкілер қарыз шотының қызметі үшін клиенттерінен ақша алуларына болмайды. Бұны да банкирлер жақсы біледі. Алайда, тұтынушыларының қалтасына түсіп отыр. Бірақ та олар өзінше бір қулыққа барып отыр. Шоттың атын ауыстырып, шотқа көрсетілген қызметке ұсталған комиссия деп атайды. Аты ауысқанымен бастысы ақша алып отыр ғой» - деген еді  Айна Абдраева.

Әдетте, несие алушылардың көбі келісімшартқа қарамайды. Өзіне керек соманы тезірек алуды ойлайды. Судья банктерге алданбау үшін сотқа шағымдану туралы кеңес береді. Нақ осы мәселеде заң қарыз алушының жағында болатынын айтады.

«Банкпен келісім шарт жасасып болған соң, сотқа барып қарыз шотқа ақша ұсталатыны туралы пуктті заңсыз деп тану туралы өтініш жазу керек. Заң банктің емес тұтынушының құқығын қорғайды»  - дейді судья.  

Біздің есебімізше банктер ай сайын осы тәсіл арқылы шамамен 1,5 млрд теңге ақша табады. Осыдан кейін келіп үкімет пен президенттен көмек сұрайды, дағдарысты сылтауратып. Судьядан мұндай жаңалықты естіген соң біздің тілшіміз Актөбедегі барлық банктерді аралап шыққан екен. Барлығында келісім-шарт бойынша клиенттің шотын жүргізіп отырған үшін банк ай сайын ақша алады. Журналисттің «бұл заңсыз емес пе?» деген сөзіне, банк қызметкерлері: «ұнамаса, кете беріңіз» деп жауап берген, ал біреуі тіпті: «ақылыңыз болса, несие алып қайтесіз» деген екен.

ФОТО: molodost35.ru

 

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
Дело «чёрных старателей» – КНБ vs МВД
- Вы бы летом туда приехали, сразу после задержания начальника полиции. по ночам вся степь от прожекторов сияла раскопки шли вовсю
13 лет на линии: ночной автобус № 3 остаётся надёжной альтернативой такси в Алматы
- Отдуши, оставили. 3 маршурут ,ведь этот маршурут многим экономит денги для тех кто ночию работают особенно молодеж ,ведь они. Рабоьают с фери обслужвание до последнего клиннта всякие бары кафе рестораны и другие всякие работы.
ЕНПФ объяснил, как работа в странах ЕАЭС учитывается при назначении пенсии
- Почему промолчали про учет стажа работы между государствами ЕАЭС до 1 января 1998 года, в договоре про это тоже написано. Или боитесь огласки, что в РК этот пункт договора игнорируют? А ну да, вы же пишите по материалам пенсионного фонда, а там этот пункт договора военная тайна... :)
В Алматы начат снос незаконного рынка Жетысу-Семиречье
- Такой хороший рынок,не надо ездить далеко на барахолку, можно все, практически все найти на этом рынке - вещи, продукты, стройматериалы, бытовую технику и т.д. Жаль если он тоже уйдет под снос.
Хроники Верного. "Секретные материалы" из старой папки
- Да, эта папка имеет огромную ценность. Я потомок из этой семьи, очень много конечно утеряно в советское время информации. Папа говорит что старики наши шепотом о тех временах говорили. Ушли те кто мог бы поведать всю историю семьи, а в воспоминаниях папы только фрагменты тихих разговоров. Хотелось бы посетить архив в Алматы и соединить не достающие фрагменты. Спасибо за то что с таким теплом поведали нам историю семьи Шахворостовых. Вера