Қаз   Рус

Ереуілге шыққан шахтерлар саны 600-ден асты

99 қаралды
0
Ратель
Вторник, 12 Дек 2017, 15:10

Министр Тамара Дүйсенованың айтуынша, кеншілермен келіссөздер жүргізіліп жатыр

Қарағанды облысында ереуілге шығып, бір тәуліктен бері жер астында қалып отырған 600-ден астам кеншімен келіссөздер жүргізіліп жатыр, деп хабарлады Sputnik.kz ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Тамара ДҮЙСЕНОВАҒА сілтеп.

Оқи отырыңыз
"Кеншілердің талабы орынды"

Қарағанды облысы әкімдігінің бізге берген мәліметіне сәйкес, жердің астындағы шахтерлердің саны — 684. Сегіз шахтаның әрқайсысы өз өкілдерін жіберді. Қазір 32 белсенді жұмыс берушімен кездесіп, келіссөздер жүргізіп жатыр. Бүгін сағат тоғызда жұмыс беруші мен жұмыскерлер арасында келіссөздер басталды. Қарағанды облысы әкімшілігі, біздің еңбек инспекциямыз, басқа да құқық қорғау органдарының бәрі сонда. Қажетті мониторинг жасалып жатыр. Жұмыс беруші мен жұмыскерлер арасындағы келіссөздер аяқталғаннан кейін қандай келісімге келгені жөнінде қосымша ақпарат беретін боламыз", — деп хабарлады Дүйсенова журналистерге үкімет отырысынан кейін. 

Министрдің айтуынша, кеншілердің негізгі талабы — еңбекақыны жүз пайызға дейін көтеру.

"Қазіргі уақытта "АрселорМитталдың" шахталарында істеп жатқан азаматтар алатын еңбекақының ең төменгі мөлшері  — 208 мың теңге,  ал жоғары мөлшері — 326 мың теңге. Бұдан бөлек, олар еңбекке жарамсыздық парағын жүз пайыз төлеу мәселесін талап етіп отыр. Сонымен қатар еңбекақыға байланысты тарифтер жөніндегі мәселелер бар. Зейнет жасын 50-ге дейін төмендету, шахтерлердің сауықтыру кешенін қайтару мәселелері қарастырылып жатыр", — деді министр.

Біздің Қарағандыдағы тілшіміздің хабарлауынша, шахтерлардың  туыстары жақындарын ыстық тамақпен қамтамасыз етіп жатыр. Екі ауысым кеншілері жер астында қалып отыр. Ал, қалғаны шахтаға түспей, сыртта тұр. Олар кезекпен шахтаға түсіп, наразылық акциясын ауысып жалғастырайық, деп ұсыныс жасаған екен. Бірақ, жер астындағы кеншілер соңына дейін отырамыз деп шешіпті. 

Естеріңізге сала кетейік, кеше, 11 желтоқсан күні таңертең түнгі ауысымнан кейін «Тентек», «Шахтинск», «Қазақстан» мен «Ленин» шахталарының кеншілері жер астынан шықпай қойған. Олардың негізгі талаптары: жалақыны 100 пайызға көбейтіп, еңбек жағдайын жақсартып және зейнетке 50 жаста шығару.

Алайда, компания басшылығы мен жұмыскерлердің мүддесін ортаға салатын «Қорғау» көмір кеншілері кәсіподағының арасындағы өткен келіссөзде еңбекақы кезеңмен 20- 30 пайызға ғана көтеріледі деп айтылды. Дегенмен, кеншілер жалақылары 100 пайызға көбеймесе наразылық акциясын жалғастыра бермек.


 

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
От службы в уголовном розыске к общественной работе и званию академика
- Александр Петрович, для меня большая честь и настоящая ценность знать Вас лично и называть своим другом. За всеми Вашими званиями и наградами прежде всего стоит человек, на которого всегда можно положиться. Искренне благодарен судьбе за нашу дружбу, Вашу поддержку, доброе отношение и человеческое тепло. Крепкого Вам здоровья и долгих лет жизни. Горжусь нашей дружбой!
Страховых выплат после ДТП не будет? Что предлагают страховщики
- Добрый день. Страховые компании пытаются ограничить возможности автовладельцев. И получить больший доход. Прикрываясь защитой от "помогаек". Через какое-то время, если примут изменения законодательно, автовладельцы столкнутся с низким качеством кузовного ремонта и будут вынуждены уже судиться с кузовными и малярными мастерами. А это потеря времени и денег.
На Каспии начались военные учения Хазар қорғаны-2026
- Как профессиональный процессник не могу пройти мимо. Люди, Процессы, Технологии - фундамент любой организации - и задача руководства обеспечить слаженность взаимодействия этих трех составляющих. Не понимание этих фундаменталых основ - к сожалению бич нашего времени. Копни в любое министерство или частную компанию - везде одно и то же - нет должного внимания к этим фундаментальным блокам - как результат трагедии, финансовые потери и невозможность быть конкуретноспособным)). Алга Казахстан!)
Масоны Казахстана: кто они и чем занимаются на самом деле
- Вторая статья о масонах!!! Что делается?! И правильно делают, что относятся с осторожностью, след в истории оставили уже. Работают с расчетом на века!
В Алматы произошло землетрясение интенсивностью 3–4 балла
- Оповещаеие должно быть на ясно казахском и на русском , то что сегодня оповестили на ломанном казахском не понятно для многих людей , даже казахской национальности
102 километра в объезд Сарыагаша
- Отличная новость. У меня вопрос где начинается и где заканчивается, вернее где съезды этой дороги?
Как Олжас Сулейменов стал жертвой фейка
- В конце 90х гг., когда еще не было интернета в нашем селе, я училась в 9 классе, в учебнике русской литературы был именно этот стих О.Сулейменова, который начинался так "Айналайын - чудесное слово, жаль, что его русский не поймет.."