Қаз   Рус

"Ерлан адал азамат, таза жігіт" 

223 қаралды
0
Ратель
Понедельник, 08 Янв 2018, 16:00

Өнер адамдары парамен ұсталған Ерлан Біләлға араша түсті

ҚР Театр өнері қауымдастығы парамен ұсталған театр директоры Ерлан БІЛӘЛҒА араша түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Бүгін өткен баспасөз мәслихатында аталған оқиғаға театр өнерінің өкілдері өз пікірлерін білдірді. Өнер өкілдері бұл жағдайды өнерге жасалған қиянат деп есептейді.

Оқи отырыңыз
Парақорды өнерден іздемеу керек

«Соңғы кездері алыпты, беріпті, қылмыс жасапты дегенді ғана естиміз. Ал мен оны білетін адаммын. Ол көз алдымда өсті. Біреудің ала жібін аттамаған. Сенгіш, адал, аңқау біреулердің қитұрқы әрекетінің құрбаны болып отыр. Өнерде құбылыс болған тұлғаның бұл жағдайы жанымызға батып отыр. Мұндай кек алу, өш алу  кісілікке жатпайды. Ағын - ақ, қарасын қара деңіздер. Біз өтірік айтатын жастан кеттік», - деді Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Нұрлан ОРАЗАЛИН.

Ал Қазақстан Театр қауымдастығының президенті, халық әртісі  Асанәлі ӘШІМОВ Ерланға пара берген азаматтарды да жазаға тартуды сұрады. «Ерланның адал азамат, таза жігіт  екенін халық айтады. Осындағы жастар түнімен ұйықтамай, Ерланды қорғап жылы сөздерін айтып жатыр. Дамыған елдерде ұстап берген адам да жазаланады. Сондықтан мұны ұйымдастырған адамды сотқа шақырамын», - деді Асанәлі Әшімов.

Режиссер Асхат МАЕМИРОВ құқық қорғау органдарына ғана тиесілі суреттердің интернетке қалай тарап кеткеніне таңданыс білдірді. «Біз бұл туралы сауал жіберетін боламыз. Суреттер тек қана тергеуде болу керек. Сот шешімінен соң белгілі болуы тиіс», - деді ол.

Ал Кәріс театрының директоры Любовь НИ қандай театрлардың ғимаратты жалға беруге құқылы екенін айтты.

Оқи отырыңыз
Ерлан Біләл пара алған ба?

«Егер театр мемлекеттік бюджетке қараса, жалға беруге болады. Бірақ жалақысы түгел бюджетке кетеді. Бірақ мен үшін театр залын жалға беру тиімсіз. Себебі оның суы, жарығы, дыбысы деген шығындар өте көп. Мемлекеттік қазынаға қараған театрлар шығындарын жабу үшін жалға береді. Ол қылмыс емес. Бірақ ол қаржы мемлекет бюджетіне кетуі тиіс», - деді Ни Любовь. Оның айтуынша, қазір Ерлан Біләл денсаулығы сыр беріп, үйінде жатыр. Еске сала кетейік, Алматыда М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының директоры, белгілі актер Ерлан Біләл 1,5 млн теңге көлемінде пара алып жатқан жерінен ұсталған болатын. 

Фото: khabar.kz

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
На Каспии начались военные учения Хазар қорғаны-2026
- Как профессиональный процессник не могу пройти мимо. Люди, Процессы, Технологии - фундамент любой организации - и задача руководства обеспечить слаженность взаимодействия этих трех составляющих. Не понимание этих фундаменталых основ - к сожалению бич нашего времени. Копни в любое министерство или частную компанию - везде одно и то же - нет должного внимания к этим фундаментальным блокам - как результат трагедии, финансовые потери и невозможность быть конкуретноспособным)). Алга Казахстан!)
Масоны Казахстана: кто они и чем занимаются на самом деле
- Вторая статья о масонах!!! Что делается?! И правильно делают, что относятся с осторожностью, след в истории оставили уже. Работают с расчетом на века!
В Алматы произошло землетрясение интенсивностью 3–4 балла
- Оповещаеие должно быть на ясно казахском и на русском , то что сегодня оповестили на ломанном казахском не понятно для многих людей , даже казахской национальности
102 километра в объезд Сарыагаша
- Отличная новость. У меня вопрос где начинается и где заканчивается, вернее где съезды этой дороги?
Как Олжас Сулейменов стал жертвой фейка
- В конце 90х гг., когда еще не было интернета в нашем селе, я училась в 9 классе, в учебнике русской литературы был именно этот стих О.Сулейменова, который начинался так "Айналайын - чудесное слово, жаль, что его русский не поймет.."
Любое учреждение, где есть дети, смогут проверить без предупреждения в Алматы
- Благодарим Жанат, очень своевременная программа. Желаем вам и вашей команде успехов. Мне хотелось бы поучаствовать, быть полезной в вашей работе.
Как в Казахстане можно пятнадцать лет не исполнять решение суда
- Не удивительно,у меня есть решение суда с 2008 и не исполнено по сей день,на сумму 3000млн.тенге,хотя исполнительный находится у ЧСИ,вроде как решение суда не имеет ни какой силы,должникам закон не писан!