Қаз   Рус

Хиджаб киген оқушы мектепке кірмейді

223 қаралды
0
Ратель
Вторник, 09 Янв 2018, 11:00

Ақтөбелік ата-аналар облыс әкімі Бердібек Сапарбаевқа шағымданып барды

Ақтөбелік кейбір мектептер үшін үшінші тоқсан дау-дамаймен басталды. 8-қаңтардан бастап қала мұғалімдері хиджаб киген оқушыларды сабаққа кіргізбей қойған. Бұған наразылық білдірген бір топ ата-ана облыс әкімі Бердібек САПАРБАЕВҚА шағымданып барыпты. Алайда, өңір басшысы Білім және ғылым министрлігінің бұйрығын орындау керек деп қысқа қайырған. 

Бұған дейін мектеп директорлары мен сынып жетекшілері ата-аналарға министрліктің бұйрығын жеткізіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізген. Ведомствоның шешіміне сәйкес білім ордаларында кез-келген діни атрибуттарға тыйым салынады. Сондықтан да білім басқармасының тапсырмасымен орамал оранған оқушылар үшін мектептердің есігі жабылған.

Бұндай шешімге келіспеген 15 ата-ана Бердібек Сапарбаевтың тікелей өзімен сөйлеспек болған еді. Әйтседе, полиция оларды әкімге жібермей қойды. Көпшіліктің алдына облыстық білім басқармасының басшысы Ләззат ОРАЗБАЕВА шықты.

– Біз түсінбейміз. Неге біздің балаларымызды өзге оқушылармен оқуға рұқсат бермейді. Бұл жас балаларды қорлау ғой. Олар оқушылардың қоры ма? – деді әкіммен сөйлеспек болып келген ата-аналардың бірі.

Қысқасы, шағымданушы жақ мектеп тарапынан заңсыздыққа жол беріліп отыр деп есептейді. Егер мемлекет балаларымызды мектепке жібергісі келмесе шариғат жолын ұстанған балаларға арнайы оқу мекемесін ашып берсін дейді.

- Ата-аналық міндеттеріңді орындамасаңдар балаларыңды сабаққа жібермейміз, айыппұл саламыз деп қорқытып жатыр. Біз қыздарымыздың оқығанын қалап мектепке жіберіп отырмыз ғой. Яғни өз міндетіміздің атқарып отырмыз. Біз ешкімге де орамал тағыңдар деп үгіт-насихат жүргізбейміз. Өз қалауымыз бойынша балаларымызға тәрбие беруге тыйым салып отыр ғой, - деді тағы бір наразы ана.

Оқи отырыңыз
Ақтөбелік сәләф өгей ұлын зорлаған

Әкімдікке келгендердің пікірін Ләззат Оразбаева тыңдап шықты. Алайда білім басқармасы басшысымен жарты сағат әңгіме құрған әйелдер әркім өз пікірінде қалды деп тарасты.  

-  Министрліктің бұйрығы бар. Оның шыққанына екі жыл болды. Бұл жерде діннің қатысы жоқ. Бекітілген мектептің формасы бар. Мәселе осында ғана. Діни себептермен мектептерде балалардың құқығы тапталмайды. Ол заңсыздық. Барлық оқушылар мен олардың ата-аналары министрліктің ережелеріне бағынулары тиіс. Мектеп басшылары мен мұғалімдер сол министрліктен түскен бұйрықтың орындалуын талап етеді. Көшеде, үйде, біз ол оқушыларға орамал тақпаңдар деп тыйым салмаймыз ғой. Мәселе мектептегі тәртіпте, - деді Ақтөбе облыстық білім басқармасының басшысы.   

 

Мектептегі хиджаб мәселесі Ақтөбе облысында ғана емес. Бұл проблема Маңғыстау облысындағы Жаңаөзен қаласында да болған еді.

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
На Каспии начались военные учения Хазар қорғаны-2026
- Как профессиональный процессник не могу пройти мимо. Люди, Процессы, Технологии - фундамент любой организации - и задача руководства обеспечить слаженность взаимодействия этих трех составляющих. Не понимание этих фундаменталых основ - к сожалению бич нашего времени. Копни в любое министерство или частную компанию - везде одно и то же - нет должного внимания к этим фундаментальным блокам - как результат трагедии, финансовые потери и невозможность быть конкуретноспособным)). Алга Казахстан!)
Масоны Казахстана: кто они и чем занимаются на самом деле
- Вторая статья о масонах!!! Что делается?! И правильно делают, что относятся с осторожностью, след в истории оставили уже. Работают с расчетом на века!
В Алматы произошло землетрясение интенсивностью 3–4 балла
- Оповещаеие должно быть на ясно казахском и на русском , то что сегодня оповестили на ломанном казахском не понятно для многих людей , даже казахской национальности
102 километра в объезд Сарыагаша
- Отличная новость. У меня вопрос где начинается и где заканчивается, вернее где съезды этой дороги?
Как Олжас Сулейменов стал жертвой фейка
- В конце 90х гг., когда еще не было интернета в нашем селе, я училась в 9 классе, в учебнике русской литературы был именно этот стих О.Сулейменова, который начинался так "Айналайын - чудесное слово, жаль, что его русский не поймет.."
Любое учреждение, где есть дети, смогут проверить без предупреждения в Алматы
- Благодарим Жанат, очень своевременная программа. Желаем вам и вашей команде успехов. Мне хотелось бы поучаствовать, быть полезной в вашей работе.
Как в Казахстане можно пятнадцать лет не исполнять решение суда
- Не удивительно,у меня есть решение суда с 2008 и не исполнено по сей день,на сумму 3000млн.тенге,хотя исполнительный находится у ЧСИ,вроде как решение суда не имеет ни какой силы,должникам закон не писан!