Қаз   Рус

Кеншілер кәсіподақ өкілдеріне сенімсіздік білдіріп отыр

202 қаралды
0
Айман САҒАТАЙ
Среда, 13 Дек 2017, 12:45

Олар «Қорғаудан» бас тартып мүдделерін қорғауды басқа ұйымға тапсырды

«АрселорМиттал Темиртау» компаниясының сегіз шахта кеншілері ереуілге шыққалы үш тәуліктен асты.

Кеше түнде облыс әкімімен кездесуден кейін кейбір шахтерлар жоғарыға көтерілген. Қарағанды облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, шахтерлер кеше күндізден бері күткен облыс басшысы Ерлан  ҚОШАНОВ түн жарымда шахтаға  түскен. Ал «Арселор Миталл СНГ » бас директоры Парамжит КАЛОН кеншілермен кездесуге дәті бармағанға ұқсайды.

Оқи отырыңыз
Ақыры ешкім келмеді

«12-ші желтоқсан 14.00-де Қарағандыға «АрселорМиттал СНГ» бас директоры Парамжит Калон Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошановпен кездесуге келді.  Шахтадағы  жағдайды  талқылау 23.00-де аяқталды. Содан кейін аймақ басшысы «АрселорМиттал Теміртау» АҚ атқарушы директоры Вадим БАСИНМЕН бірге шахтерлерге аттанды. Олар сағат 00:30 шахтаға түскен», делінген хабарламада.

Ерлан Қошанов төрт бірдей шахтаға түсіп, кеншілермен келіссөз жүргізген. Нәтижесінде, жер бетіне 154 кенші көтерілді. Ал, қалған 494 шахтер  талаптары толық орындалмайынша, жер астынан шығудан бас тартты. Екі тәуліктен аса отырған шахтерлерге әйелдері мен еріктілер азық-түлік жіберуді доғармаған.

Сонымен қатар,  «Қазақстан» шахтасындағы кеншілер «Қорғау»  кәсіподағына сенімсіздік білдіріп, өз мүдделерін қорғауды  «Шахтёрская семья» қоғамдық ұйымының өкілінің бірі Наталья ТОМИЛОВАҒА тапсырған.

Наталья Томилованың айтуынша, облыс әкімі шахтерлар еңбекақыларың тек 30 пайызға көтереміз дегенін жеткізді.

«Бұған шахтерлар келісіп жатқан жоқ. Қалған қойылған талаптар бойынша әлі келіссөздер болады. Бүгін кеншілер өкілдерін жинаймыз деген. Ал, нақты қай жерде, қашан айтылған жоқ. Күтіп отырмыз», - деді ол.

Сондай-ақ, әлеуметтік желілерде кеше кешкілік Шахтинскіде қамауға алу жағдайлары орын алғаны туралы мәлімет тараған. Бұл ақпаратты Қарағанды облысының Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі жоққа шығарды.

Наталья Томилованың айтуынша, облыс әкімі шахтерлар еңбекақыларың тек 30 пайызға көтереміз дегенін жеткізді.

«Бұған шахтерлар келісіп жатқан жоқ. Қалған қойылған талаптар бойынша әлі келіссөздер болады. Бүгін кеншілер өкілдерін жинаймыз деген. Ал, нақты қай жерде, қашан айтылған жоқ. Күтіп отырмыз», - деді ол.

Сондай-ақ, әлеуметтік желілерде кеше кешкілік Шахтинскіде қамауға алу жағдайлары орын алғаны туралы мәлімет тараған. Бұл ақпаратты Қарағанды облысының Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі жоққа шығарды.

 

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
Дело «чёрных старателей» – КНБ vs МВД
- Вы бы летом туда приехали, сразу после задержания начальника полиции. по ночам вся степь от прожекторов сияла раскопки шли вовсю
13 лет на линии: ночной автобус № 3 остаётся надёжной альтернативой такси в Алматы
- Отдуши, оставили. 3 маршурут ,ведь этот маршурут многим экономит денги для тех кто ночию работают особенно молодеж ,ведь они. Рабоьают с фери обслужвание до последнего клиннта всякие бары кафе рестораны и другие всякие работы.
ЕНПФ объяснил, как работа в странах ЕАЭС учитывается при назначении пенсии
- Почему промолчали про учет стажа работы между государствами ЕАЭС до 1 января 1998 года, в договоре про это тоже написано. Или боитесь огласки, что в РК этот пункт договора игнорируют? А ну да, вы же пишите по материалам пенсионного фонда, а там этот пункт договора военная тайна... :)
В Алматы начат снос незаконного рынка Жетысу-Семиречье
- Такой хороший рынок,не надо ездить далеко на барахолку, можно все, практически все найти на этом рынке - вещи, продукты, стройматериалы, бытовую технику и т.д. Жаль если он тоже уйдет под снос.
Хроники Верного. "Секретные материалы" из старой папки
- Да, эта папка имеет огромную ценность. Я потомок из этой семьи, очень много конечно утеряно в советское время информации. Папа говорит что старики наши шепотом о тех временах говорили. Ушли те кто мог бы поведать всю историю семьи, а в воспоминаниях папы только фрагменты тихих разговоров. Хотелось бы посетить архив в Алматы и соединить не достающие фрагменты. Спасибо за то что с таким теплом поведали нам историю семьи Шахворостовых. Вера